4.Іздену жұмыстары.
Оқулықтағы мәтін іштей оқылып әр топқа тапсырмалар беріледі.
І топ
Жамбылға ұстазы Сүйінбайдың айтқан сөзін тауып оқыңыз. «Балам,өз өлеңіңді шығар,бірақ оны жұрт жаттап алатын,ешкім ұмытпайтын өлең болсын.Шындықты айт,әділдікті жырла».
ІІ топ
1913 жылы Романовтар әулетінің үш жүз жылдық мерейтойына арнап айтқан «Өстепкеде» өлеңінен үзінді оқып,мағынасын таныстырыңыз.
Үйсін,Найман саңлағы, Желді күнгі қамыстай
Өстепкеде жиылдың. Жапырылып иілдің.
Елде жүрген егейлер, Келтіріңдер намысты,
Ұлық көрсең ұйлығып. Бек қорланып күйіндім.
Бай болыстардың,жағымпаздың мінезін сынау мақсатында айтылған.
ІІІ топ
Жамбыл мен Құлмамбеттің ақындар айтысына кіріскен қызулы шағын суреттеген жерді тауып оқыңыз.
Ақыры,міне,екі әйгілі ақын алқалы топтың алдында,үлкен тойдың қызба шағында батырлардай айқасып,палуандай шайқасып ұстаса кетеді,дүйім жұрттың бүйірін қыздырады.
Дәптермен жұмыс. Ақынның Құлмамбетке айтқан жауабын (1 шумақ) жазып,өлең ұйқасына талдау.
V. «Ой толғаныс»
Жаңа сабақты бектіту. «Зерттеу» жұмыстары.
1-тапсырма. Ақын мұрасының өрнек кестесін құрастырыңыз.Ақын мұрасының өміршеңдігі неде деп ойлайсыз?
2-тапсырма.Сүйінбай мен Жамбылдың қарым –қатынасын қалай бағалауға болады?(«бала Жамбылға бата» өлеңі мәнерленіп оқылады.)
Ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық.Жамбыл ұстазы Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап,ұстазының есімін ардақ тұтумен өтеді.
3-тапсырма. Жамбыл айтыстарын қазіргі кездегі айтыстармен салыстыра сипаттаңыз.(Венн диаграммасы)
VI. Үйге тапсырма.
1.Ақын туралы көркем әдебиеттермен танысу.Әр айтысынан үзінді жаттау.
VII. Поэзия минуты.Әр оқушы өз шығармашылығынан өлең оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |