Сабақтың тақырыбы: Соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті.
Сабақтың мақсаты:
а)Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетіндегі шығармалардың тақырыптары басты мақсаттары ерлікті дәріптеу,ел мен жерді қорғау екендігін түсіндіру;
ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) Оқушыларды сабақ барысында мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген Ғабиден Мұстафиннің шығармаларын,өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Ғ.Мұстафиннің өскен ортасы,жетілген жері жөнінде не білесің?
2.Ғ.Мұстафин сомдаған Ш.Берсиев бейнесі несімен қызықтырады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ұлы Отан соғысы кезінде әдебиеттің басты мақсаты ерлікті дәріптеу,отансүйгіштікке баулу,ел мен жерді қорғау мәселелерін көтеру болды.Әдебиет жауынгерлік тақырыпты жаңа бір қырынан қайта көтерді.Әдебиет соғысқа қарсы тыныштықты,ізгілікті, басқыншылыққа қарсы бірлікті,туысқандықты,махаббатты,елдікті қойды.Соғыс кезінде поэзияда өлең,ән,ода,лирикалық толғаулар көп шықты.Елге,жерге деген сағыныш,басқыншылыққа,соғысқа қарсылық,лағынет айту,жан дүниесінің сезімдері өлең болып төгілді.Публицистикалық шығарамалар,очерктер жазылды.Фольклор оқиғаларының негізінде бірнеше пьеса,опера т.б. өнер туындылары жарық көрді.
Поэзия. Ұлттық өрнекті жырларымен халықты ерлікке,батырлыққа,бірлікке шақырған Жамбыл Жабаев,Нұрпейіс Байғанин,Омар Шипин,Доскей Әлімбаев,Төлеу Көбдіков,Кенен Әзірбаев жырлары жұрт назарын аудартты.Жамбылдың «Өмір мен өлім белдесті» «Ленинградтық өрендерім»,Нұрпейіс ақынның «Жанышта жауды,жанышта» «Қаһарман қала», «Қазақстан майданға» өлеңдері мен поэмалары елдегі жұртты еңбекке,майдандағы ерлерді батырлыққа шақырды.
Проза. 20-30 жылдары прозасындағы классикалық үлгілер әдебиетте көркемдік дәстүр қалыптастырып,жаңа эстетикалық кезеңнің басталуына негіз салды.1929-1937 жылдары қуғын-сүргін фольклор,жыраулар әдебиеті,Абай кезеңінен жалғасқан сабақтастықтың өрістете алмай,іркіліп қалуына да әсер етті.Дегенемен,сөзді өнер атаулының алтын өзегіне,асыл қазығына балаған қазақ әдебиетінде соғыс жылдарында да көркем дүниелер жазылды.
Драматургия.Ел мен жердің қасиетін дәріптеген,майдандағы ерлікті асқақтатқан,бірлік пен ерлік дәстүрін көрсеткен,тылдағы халықтың еңбегін ұлықтаған драмалық шығармалар жазылды.С.Мұқановтың «Гвардия,алға»,М.Әуезовтың «Сын сағатта» т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |