әділетсіздікті
көп көрген
жалғыз
Жаны таза,
бәрінен биік
Ешкімге бас имеген
әнші
елдің еркесі
құсбегі
ақын
Үш шығарма негізінде оқушылар Ақан бейнесін «Топтастыру» стратегиясы бойынша ж азып шығады.
сазгер
атбегі
Оқушыларға «Ақан трагедиясының сыр неде?» деген сұрақ беріліп,пікір айтылады.
ІІІ кезең Ақан рухымен сырласу.
IV. кезең «Не білгіміз келеді?» Оқушылар Ақан сері Қорамсаұлы туралы тағы не білгілері келетінін ортаға салды.
Қорытынды,бағалау.
Үйге: поэмадан өздеріне ұнаған үзіндіні жаттау.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың «Күйші» поэмасы.
Сабақтың мақсаты: Ілия с Жансүгіровтың өнер тақырыбындағы қаламының шеберлігін таныту.
Сабақтың міндеттері: білімділік – шығарманың идеясы мен тақырыбын ашу; дамытушылық – шығармадағы өнер құдіреті арқылы адамдар арасындағы психологиялық тартысты,оқиға шиеленістерін зерделеуге үйрету; тәрбиелік - өнер құдіретін сезінуге,халықтық өнерді сүюге тәрбиелеу.
Оқытудың әдісі: түсіндірмелі,практикалық.
Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: саз өнері.
Қолданылатын технология: ұжымдық оқыту технологиясы.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу,бөлменің және оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау,балалардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ. Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі.
Ілияс ақынның шығармашылығының өзіндік сипаты қандай?
Оған қандай шығармалары дәлел бола алады?
Мысалдармен длелдеңдер.
Ақын шығармашылығы туралы кімдердің пікірін білесіңдер? (Ақын шығармашылығына шолу жасалады.)
ІІІ.Жаңа сабақ.
Ұжымдық оқыту технологиясының талабы бүгінгі оқытудың негізгі мақсатымен үндеседі.Оқушыны үнемі жұмысқа дағдыландыруға үйретеді.Технологияның ерекшелігі оқушылар жұптаса жұмыс жүргізген кезде бір-бірінің білімін толықтырып,өз беттерінше жұптаса жұмысқа үйренеді.Алғашқы тапсырма үш жұпқа беріледі.Қалған тапсырмалар әр жұпқа жеке беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |