Сабақтың тақырыбы: «Қызыл кітапқа»



бет44/61
Дата14.09.2023
өлшемі309.7 Kb.
#477507
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61
Қазақ тілі 3-тоқсан 8-сынып

Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Жасөспірімдік кезең және бала құқығы
15-сабақ.

Бөлім:

7-бөлім: Жасөспірім және заң

Педагогтің аты-жөні:




Күні:

27.02

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жасөспірімдік кезең және бала құқығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.
8.4.4.4 - жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды. Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі..

-Жасөспірім неліктен өзін үлкенмін деп есептейді? -Мектепке немесе ортаға бейімделу дегенді қалай түсінесің? -Тәртіп бұзатын баланы сынып қалай қабылдайды? -«Қиын бала» деп кімді айтады?

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.




Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.

1- тапсырма:
Оқылым барысы 1-тапсырма «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын талдап, комментарий жасайды. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен жаза Қылмыс жасаған жасөспірімдердің ата-анасы немесе заңды өкілі баласының қылмыс жасауға жол бергені үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Кей жағдайда екі жыл мерзімге дейін бас бостандығын шектеуге жазаланады. Сонымен қатар ата-аналардың немесе басқада заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауға байланысты төмендегідей әкімшілік жауапкершілікке тарту да қарастырылған. Ата-аналар немесезаңды өкілдері кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін себепсіз орындамаса ,оларға айлық есептік көрсеткіштің 5-10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады. Кәмелетке толмағандар алкогольдік ішімдік ,есірткі құралдарын қолданса не қаңғыбастықпен,қайыршылықпен айналысса,қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер жасаса,ата-анасына немесе заңды өкіліне 20айлық есептік көркеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бала қылмыстық жауапкершілікке қай жастан бастап тартылады? 16 жастан бастап адам қылмыстық жауапқа тартылады.Ал ауыр қылмыстар бойынша жасөспірімдердің жауапкершілігі 14жастан көзделген.







Дескриптор
1.Мәтінді мұқият оқиды.
2.Мазмұнына талдау жасайды. 3.Комментарий бере алады.
Оқылымнан кейін







2-тапсырма «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен жаза» мәтінде- гі жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерек- шелігіне сай ажыратыңдар,сөйлемдерді іріктеп алып, талдау жасаңдар. (әдеби тіл нормалары)

,сөйлемдерді іріктеп алып, талдау жасайды

Дескрипторы 1.Жай сөйлем құрай алады. 2.Жай сөйлемнің айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекше- лігін ажырата алады. 3. Мәтіннен сөйлемдерді іріктеп алып, талдау жасайды

ҚБ «Шапалақ» әдісі






4-тапсырма:
«Жасөспірім. Ол – кім?» тақырыбына диалог құрыңдар. Диалогте жай сөйлем түрлерін пайдаланыңдар.

Айтылым:
Жасөспірім. Ол – кім?» тақырыбына диалог құрады. Диалогта жай сөйлем түрлерін пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет