Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінің композициялық ерекшелігі



бет18/63
Дата21.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#501601
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63

Шығарма кейіпкерлері


*Серік – жас партизан, патриот,тапқыр, қырағы, батыл, қайсар, жасы онда, барлаушы. Өскенде атты әскер командирі не артиллерист болғысы келеді.
*Анна Ивановна – Бористің анасы, партизан, комиссар Совченконың жұбайы.

  • Борис – партизан, жасы Серікпен шамалас. Серіктің жан досы.

  • Константин Иванович Спижевский –командир, жасы 24-25те, қара торы, бұйра шаш, денелі, сымбатты жігіт. Ақылды, ұстамды, сабырлы. Партизан соғысын әбден меңгерген адам. Туған ауылы Григорьевка селосы. Петреяслав, Канев аудандарындағы астыртын ұйымдарды, ірі партизан отрядының бір батальонын басқарады.

  • Иващенко Коля – Анна Ивановнамен педагогикалық институтта бірге оқыған, досы.

  • Жомарт Мергенбаев - Серіктің әкесі

  • Мария - Николай Абраменконың әйелі. Виктордың анасы. Бауырлары: Гаман Иван, Гаман Галя, Гаман Михайл.

Дескриптор:

-шығармада көтерілген әлеуметтік мәселені анықтайды


-шығарманы көркемдік құндылығына баға береді

Оқушылар шығарманы бөлімдерге бөліп,ажыратады.


«Күтпеген шабуыл»
«Сатқандық»
«Ана махаббаты»
«Бейкүнә Миша»



ҚБ «Жарайсың!», «Бәрекелді!», «Жақсы!»
5 балл

Оқу құралдары





Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия



Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Үйге тапсырма: оқу,мазмұндау





Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Оқушылар 1-10 баллдық жүйе арқылы сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Ұлы Отан соғысының батыры, әйгілі партизан, Қазақстанның Халық қаһарманы, көрнекті жазушы Қасым Қайсеновтің тырнақалды туындысы «Жау тылындағы бала» повесі туралы аз-кем ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз. 


Бұл шығарма 1961 жылы жазылған. Автор Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған. Шығарманың қысқаша мазмұны мынадай: 
Повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі. Ол Майор Мергенбаевтың ұлы атаcының қолында ауылда оқып, жазғы каникулда қаладағы әке-шешесіне келеді. Көп ұзамай соғыс басталады. Он жасар Серікті Жомарт жетектеп Жамал эшелонмен ауылға кетпек болады. Жау бомбалап,эшелон қирайды. Жамал жау оғынан қаза табады. Серік комиссар Савченконың әйелі Анна Ивановна мен оның баласы Бористің қасында қалады. Анна Ивановна екі баланы алып туған жері Винница облысы, Сомогородск ауданы, Зазулин селосында тұратын әкесі Иван Дементьевичке қиындықпен әрең жетеді. Сатқын құрбысы Тамара комендатқа бұларды ұстап бергісі келеді. Астыртын ұйым басшысы Олейниктің байланысшысы Алексей жасырын үй тауып беріп көмек көрсетеді.Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі. 
Кейіпкерлер: 
Серік – жас партизан, патриот,тапқыр,қырағы, 10 жаста, барлаушы. Өскенде атты әскер командирі немесе артиллерист болғысы келеді. 
Анна Ивановна – Бористің анасы, партизан, комиссар Совченконың жұбайы. 
Борис – партизан, жасы Серікпен шамалас. 
Константин Иванович Спижевский – командир, жасы 24-25те, қара торы, бұйра шаш, денелі, сымбатты жігіт. Ақылды, ұстамды, сабырлы. Партизан соғысын әбден меңгерген адам. Туған ауылы Григорьевка селосы. Петреяслав, Канев аудандарындағы астыртын ұйымдарды, ірі партизан отрядының бір батальонын басқарады. 
Иващенко – Анна Ивановнамен педагогикалық институтта бірге оқыған. Жомарт – Серіктің әкесі.

ЖАУ ТЫЛЫНДАҒЫ БАЛА


(Пролог, эпилогы бар екі бөлімді драма)
Қасым Қайсенов шығармасының желісі бойынша
Қатынасушылар
Анна Ивановна—совет офицерінің әйелі
Борис—оның баласы
Жамал—совет офицерінің әйелі
Серік—оның баласы
Жомарт Мергенбаев—Серіктің әкесі
Примак—партизан отрядының командирі
Тамара—сатқын әйел және бейтаныс әйел
Неміс офицері
Партизандар, Неміс солдаты, Бейтаныс еркек.
Оқиға Ұлы Отан соғысы жылдарында Украинада өтеді.
ПРОЛОГ
Осы заман. Көктемнің кезі. Вокзал басы екенін аңғарамыз. Поездың келуін күтіп үш адам тұр. Олар: отставкадағы генерал — Жомарт Мергенбаев, оның ұлы подполковник—Серік Мергенбаев және Жомарттың немересі, он бес жасар қыз — Ан Қолында тамырын ораған шие ағашы.
Анна-қыз (Жомартқа). Ата, Анна апай сұлу әйел ме?
Жомарт. Қазір қайдам, қартайды ғой. Қыз кезінде Шотландияның қуыршағы секілді еді...
Серік (күліп). Әй, папам-ай, сізде өтірік айтады екенсіз-ау. Шотландияның қуыршағын қайдан көріп едіңіз...
Анна - қыз. Не нәрсеге де күмән келтіру папамның әдеті. Мамам алдына ас қойса: «Әй, осы шикі емес пе?» — деп шұқылап отырғаны. (Жомарттың мойнынан құшақтап.) Атамның көрмегені бар ма...
Жомарт (маңдайынан сүйіп). Иә, айналайын, менің көрмегенім жоқ. Ал, Швейцарияны Шотландиямен ауыстырып, қателескенім рас. Берлиннің дүкендерінен ақ сары әдемі қуыршақтарды көп көріп едім. Тіпті танкінің шынжыр табаны мыжып кете жаздаған қуыршақты құтқарам деп, оққа ұша жаздағанмын. Иә, одан беpi де 38 жыл өткен екен-ау... Зымыран уақыт-ай...
Анна - қыз (Серікке). Папа, Берлинді сен де көрдің бе? Қандай екен?
Серік. Батысын білмеймін, Шығыс Берлин өте әдемі қала.
Жомарт. Жеңістен соң қайтып көруге жазбады. Көп өзгерген шығар.
Бұлар тұрған жерге жақын орындыққа Бейтаныс әйел келіп отырады.
Бейтаныс әйел. Кешіріңіздер, поездің кешігу себебін білмейсіздер ме?
Серік. Жоқ дегенде, бір екі сағат кешігу кез келген поездің сырқаты емес пе. (Сағатқа қарап.) Енді бір 30—40 минутта келіп қалар. (Әкесіне.) Ардагерлермен кездесу кеші қалай өтті?
Жомарт. Өте жақсы ұйымдастырған. Айтар жоқ. Көңілімізді бір көтеріп тастады. (Күрсініп.) Менің қатарым да сиреп барады...
Пауза.
Серік. Анна апамыз бізді таныр ма екен?..
Жомарт. Ол да қартайып қалды... Дегенмен, Анна Ивановна зерек те зерделі әйел еді ғой. Жақсылығын жалғанда ұмытармыз ба.
Серік. Өзіміз танымай қалып жүрмесек...
Анна - қыз. Сіздерді білмеймін, өзім жазбай танимын. Міне, суреті. (Сумкасынан сурет алып көрсетеді.)
Серік (таңырқай). Қайдан алдың?
Анна - қыз. Я же переписыв
Жомарт. Өңі әлі жас.
Бейтаныс әйел. Поезі түскір әбден кешікті-ау. (Серікке.) Сағатың қанша болды, шырағым?
Серік. Сегіз жарым... Қайда барушы едіңіз, шешей?
Бейтаныс әйел. Украинаға.
Серік. Киевтің өзіне ме?
Бейтаныс әйел. Одан ары... Подольскіге дейін.
Анна - қыз. Біз де сол қалаға барамыз.
Жомарт. Жолымыз бір екен. Таныса отыралық. Осы қаладансыз б



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет