Жәңгір ханның сыртқы саясаты.
Жоңғар тұтқынынан босап шыққан Жәңгір көп ұзамай өзін белсенді қайраткер ретінде көрсете білді. Жеке басының қасиеттері, батырлар мен билердің алдындағы беделі, сыртқы саясаттағы табысты келіссөздері оның атағын арттырды. Жәңгір хан ретінде билік басына келген кезеңде Қазақ ханды ғының Бұхара хандығымен , Шығыс Түркістандағы моғол хандары мен қарым - қатынастары жақсара түсті .
|
8 слайд
|
1611-1642 жылдары Бұхара хандығын билеген атақты
Имам құли хан қайтыс болғаннан кейін оның інісі Надир Мұхаммед хан (1642–1645 жж .) таққа отырды. Осы жылдары қазақтар Бұхара хандығымен тығыз байланыста болған. Мысалы, қазақтардың бір бөлігі Нұрата таулары , Бұхара маңында қоныс тепті . Солардың ішінде Кіші жүз алшыннан шыққан Жалаңтөс батырды 1612 жылы Имамқұли Самарқанд қаласының билеушісі ретінде тағайындаған.
|
9 слайд
|
Мәуереннахрдың саяси өміріндегі ірі көрнекті тұлғалардың бірі Жалаңтөс батыр 30 жылдан астам уақыт бойы Имамқұли ханмен жақын болады және аштарханилық әулеттің жас өкілдеріне аталық қызмет атқарады.
Назар аударыңыз! Атақты Әйтеке бидің арғы атасы болып табылатын Жалаңтөс батырдың Самарқанд қаласында орасан зор Тилля Қара мешіті мен Шир Дор медресесін салдырған . Бұл ескерткіштер «Самарқанд сәулетінің таңғажайыбы » деп аталған.
|
10 слайд
11 слайд
|
XVII ғасырдың 40 - жылдары Жәңгір хан қызын болашақ Бұхара ханы , Жалаңтөс батырдың тәрбиеленушісі Абд әл - Азиз сұлтанға ұзатады . 1645 жыл дан бастап 35 жыл бойы Бұхара ханы болған Абд әл - Азиз хан билік құрған жылдары қазақтармен қарым - қатынас бейбіт түрде дамиды.
|
12слайд
|
Жазба мәліметтерде екі ел арасында есте қаларлықтай соғыстар , ұрыс - шайқастар кездеспейді. Мұндай бейбіт қатынастардың бастауында Жәңгір ханның аштарханилық әулетпен жүргізген бейбіт саясаты жатты. Жәңгір ханның билігі тұсында Қазақ хандығы Шығыс Түркіс тандағы моғол билеушілерімен де жақсы қатынастар жүргізеді.
|
13 слайд
|
Шах Махмуд Шорастың «Тарих» атты еңбегінде Жәңгір хан мен шағатайлық моғол ханы Абдаллахтың арасында азғантай уақыт ішінде 5-6 елшіліктің барып қайтқандығы айтылады . Автордың жазуы бойынша , алғашқы елшілікті Шығыс Түркістанға Жәңгір хан жібереді . Жәңгір ханның моғол билеушілерімен елшілік алмасу мақсаты бейбіт қарым - қатынас орнату , екіжақты сауда - экономикалық байланыстарды жандандыру және жоңғарлармен болатын күресте моғолдармен одақтастық қатынастарды нығайту болды.
Қазақтардың соққысынан есiн жиған Батыр
қонтайшы қайтадан Қазақ хандығына жорыққа
шықты. Жәңгiр хан 1652 жылы шайқастардың бiрiнде қаза тапты. Бұл шайқаста қазақтар жеңiлiп, Алатаудың бөктерiн тастап кетуге мәжбүр болды.
|
14 слайд
15 слайд
16 слайд
|
|