Ентігу (dyspnoe).
Ентігу жүрек ауруларында жиі кездесетін әсіресе сол қарыншаның жетіспеушілігімен байланысты инспираторлы сипатта байқалатын симптом.
Науқаспен сұқбаттасқанда ентігудің пайда болу себебін, мерзімдік сипатын (тұрақты немесе ұстамалы) және кемейту үшін қандай шара қолданатынын анықтау керек. Ентігудің пайда болу себептері: жүрек ақаулары әсіресе митральді қақпақша стенозының декомпенсация кезеңінде, атеросклероздық кардиосклерозда, үлпершек маңындағы ұлпаның қабынуы (перикардит) мен қуысына жалқықтың жиналуы (выпотной перикардит). Жүрек жетіспеушілігінде ентігудің пайда болуы кіші қан айналу шеңберінде қанның іркілуінен өкпеде газ алмасу процесі бұзылып, үлкен қан айналу шеңберінде қанның ағымы баяулаулайды, нәтижесінде қанда көмірқышқыл газының, толық тотықпаған заттардың мөлшері көбейіп тыныс орталығын қоздырады. Ентігу алғашқы кезде физикалық жұмыс кезінде, баспалдақпен жоғары көтерілгенде, кейін жүрек қызметінің нашарлауынабайланысты шамалы жүргеннің өзінде, сөйлескенде, кейін тыныштық қалыпта отырғанның өзінде байқалады.
Кенеттен тұншығу ұстамасы түрінде дамитын ентігу- демікпе (астма), ол өкпе артериясының эмболиясында, пневмоторакста, сол қарыншаның өткір жетіспеушілігінде байқалады. Сол қарыншаның өткір жетіспеушілігі салдарынан альвеола қабырғаларының ісініп, бронхиолдармен алвеолалардың транссудатпен толуы (шеменнің сары суы) жүрек демікпесінің ұстамасымен өкпе ісінуіне әкеледі. (asthma cardiale). Жүрек демікпесінің ұстамасымен науқас кеяеттен түнде түншығып оянып, ортопноэ жағдайында отырады. Науқаста алғашқыда қүрғақ жөтел, кейін ашық қызыл түсті кепіршікті қан аралас қақырық бөлініп, тыныс алуы бұзыльш, өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі. Сол қарыиша жетіспеушілігінің соңғы сатыларында ентігу түрақты болып қалады, науқас кереуетте бас жағын көтеріңкі етіп жатады.
Жүрегі науқас адамда ентігудің басқа себептеріне; оң қарынша жетіспеушілігінен дамитын үлкен көлемді гидроторакс, асцит пен бауыр көлемінің үлғаюынан көкеттің жоғары болуы, өкпе сабағы артериясы жүйесіндегі гипертензия, туа біткен жүрек ақауларындағы гипоксемия, өкпедегі асқынулар (өкпе инфаркты, ошақты пневмония) жатады.
Жүректің жиі соғуы жүректің жиырылу қабілетінің нашарлауынан ғана емес, сондай - ақ оның автоматизмдік, өткізгіштік, қозғыштық қасиеттерінің төмендеуімен байланысты. Жүрек соғуының жиілеуі - организмінің оттегі тапшылығына бейімделуін бейнелейтін процесс. Жүрек соғуының жиілеуі сау адамдарда (физиологияда) жүгіргенде, баспалдақпен шүғыл көтерілгенде және ауыр жүк көтергенде байқалады. Патологияда жүрек соғуының жиілеуі дене қызуы көтерілгенде, жүрек ауруларында (жүрек ақауларында, миокардитте, миокард инфарктынде, жемсауда) инфекциялық ауруларда кездеседі.
Кенеттен ұстамалы түрде дамитын жүрек соғуының жиілеуі пароксизмальдік тахикардияға тән. Жүрек ауруымен науқаста жүрек соғуының сиреуі және ретсіз соғуы мүмкін. Жүрек соғуының ритмі (ырғақгығы) бұзылғанда, науқас жүрегінің қатарынан бірнеше рет дұрыс соғып, содан кейін кідіріп барып қайта соққандай, кейде жиі соққандығын сезеді. Жүрек ауруының мұндай белгілері жүректің қозғыштық, өткізгіштік қызметі бұзылғанда атап айтқанда жыбырлы аритмияда, экстрасистолияда кездеседі.
Ан қақыру (haemaptoe).
Қан қақыру сол қарыншаның жетіспеушілігіне әкелетін жүрек ауруларында; митральді қақпақша ақауларында, өкпе инфарктында және миокард инфарктында байқалады.
Ісіктер.
Науқас денесінің ісінуі жүрек қызметінің нашарлағанын, нәтижесінде организмде тұздар мен су алмасу процесінің өзгергенін бейнелейді.
Жүрек қызметі әлсірегенде үлкен қан айналым шеңберінің көк тамырларында қан іркіліп, өткізгіштігі артады. Сондықтан кіші дисперсиялы белоктар - альбуминдер ұлпаларға шығып, онкотикалық қысымды төмендетеді, ұлпаларда гидростатикалық қысым өседі. Гипоксия жағдайына бейімделу үшін ми қыртысы астындағы қосалқы бездер мен бүйрек үсті безі тұздар мен сулардың сорылуын үдетеді: бұл қан қысымының жоғарылауына әкеп соғады.
Жүрек ауруында дамитын ісіктің айырмашылық белгілері: ісік біртіндеп басталады, көбіне кешкілік пайда болып біртіндеп ұлғаяды, ісінген тері көгеріп нығыздалады және ерекше жылтыр болып, пальпациялағанда теріде шұңқыр пайда болады, ісік жатқанда беліне жиналып, дене терісінде төсек іздері көрінеді, ісіктің таралуы баяу болады.
Диспепсиялық өзгерістер.
Жүрек ауруларына байланысты қан айналым бұзылғанда бауыр мен ас қорыту ағзаларында қан іркілгендіктен науқаста эпигастрийдің ортаңғы бөлігінде, оң қабырға асты аймағында ауырлық немесе ауырсыну байқалады, көңіл айну, қүсу, кекіру, іштің кебуі сезіледі.
Орталық жүйке жүйесіндегі бұзылыстар.
Жүрек ауруларының декомпенсация сатысында ұйқысыздық, бастағы шу, көңіл айну, қүсу, бас ауру, бас айналу т.б. симптомдар мида қанның іркілуіне байланысты дамиды.
Цианоз (көгеру). Тері және кілегей қабаттардың көкшіл түске енуі цианоз деп аталады. Цианоз жүрек қызметі нашарлағанда, ісіктен алдын байқалатын симптом. Цианоздың түрлері: 1. орталық. 2. шеткі. 3. аралас цианоз. 4. жергілікті цианоз. 5. бөлектенген немесе оңашаланған цианоз. Орталық цианоз (центральный). Орталық цианозсыртқы тыныс алу қызметі бұзылып, артериальдық қанның оттегімен қанығуының төмендеуіне әкелетін өкпе ауруларында, биіктікке көтерілгенде байқалады.
Орталық цианоз байқалатын созылмалы патологияларда эритроцитоз, саусақтардың дабыл таяқшалары тәрізді өзгеруі болады.
Шеткі цианоз (периферический) Артериальдық қанның оттегімен қанығуы қалыпты болуына қарамастан жүрек ауруларында қан айналудың баяулауына байланысты шеткі цианоз байқалады. Өткір панкреататпен науқастың құрсақ қуысының терісінде бірнеше бөлектенген көкшіл дақтар пайда болуы мүмкін.
Аралас цианоз - жиі жүрек ауруларына тэн. Жергілікті цианоз тромбофлебиттерде, көк тамырлар ұлғайған лимфа түйіндермен немесе тыртықпен сығылғанда байқалады.
Бөлектенген цианоз. Бас пен мойынның бөлектенген цианозы - ісікпен жоғарғы қуысты вена сығылғанда байқалады. Қорыта келе айтсақ сол қарынша жетіспеушілігінде орталық цианоз, ал оң қарынша жетіспеушілігінде шеткі цианоз белгілері байқалады
Жүрек тұсын қарағанда кеуде сүйегінің ілгері қарай шығып тұрғанын байқауға болады бұл «жүрек дөңесі симптомы» деп аталады. Жүрек дөңесі симптомы жүрек ақаулары балалық шақтан кеуденің сүйегі мен қабырға шеміршегіне әсер еткенде және қолқа кеңейгенде немесе үлпершекке сұйықтық жиналғанда қалыптасады. Жүрек көлемі ұлғайғанда әсіресе оң қарыншаның көлемі ұлғайып жүрек алға қарай ығысқанда, көкірек қуысының артқы бөлігінде ісік пайда болғанда, жүрек тұсының күшті пульсациясы байқалады бұл «жүрек түрткісі симптомы» деп аталады.
Мойын тұсын және шеткі қан тамырларды қарап зерттеу.
Қалыпты жағдайда сау адамда жатқан кезде мойын тұсында көк тамыр ісініп, орнынан тұрған кезде өз қалпына келеді. Егер ісінген көк тамыр өз қалпына келмесе онда адамда жүрек ақауларының салдарынан оң қарыншаның жетіспеушілігі, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, экссудативті перикардит бар болуы мүмкін. Жүрек көлемі кеңейгенде, жүректің жүмыс істеу ритмі бұзылғанда (тахикардия, аритмияда) мойын тұсында қалқанша без көлемінің ұлғайғандығы көрінеді. Мойын мен қол көк тамырларының кенеттен кеңейіп ісінуі, қолқа аневризмасы немесе жоғары қуысты венаның тромбозынан, жоғары қуысты венаны көкірек қуысының артқы жағындағы ісік қысқандықтан болады бұл «Стокс жағасы симптомы» болып табылады. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігінде, кейде Базедов ауруында, гипертрофияда, кенетген болатын тахикардияда мойын тұсындағы ұйқы артериялары көзге көрінерліктей қатты әрі тез соғады – бұл«Каротидтер биі симптомы» және осы тамырдың соғуына сәйкес науқас басының теңселуі байқалады - бұл «Мюссе симптомы» деп аталады.
Ұйқы артерияларын қатты соғуы шеткі артерия қан тамырлардың соғуымен қатар болады мысалы: (art subclavia brachialis radialis) т.б. Бүкіл қан тамырлард ың өте қатты пульсациясы көрінеді,бұл - (Homo pulsans – пульсирующий чело век) деп аталады. Кеуденің алдыңғы жағы мен төс сүйегі аймағындағы тері асты веналарының кеңеюі көкірек қуысының ісігі теренде орналасқан веналарды сық қанда көрінеді. Төс ойық көк тамырының (яремная вена) пульсациясы қарын шалар систоласымен қатар байқалса, бұл үш жақтаулы қақпақша жетіспеуші лігіне тән симптом. (положительный венный пульс деп аталады). Қолқа сағасы тарылғанда кеуденің алдыңғы жағында қабырғааралық артериялардың кеңеюі және қатты соғуы көрінеді. Құрсақ үсті аймағының көзге көрінерліктей қатты соғуы гипертрофияға, дилятацияға ұшыраған оң қарыншаныңжиырылуынан болады Көп босанған әйелдердің аяғын тексергенде варикозды кеңейген көк тамырлар көрінеді. Тромбофлебитпен науқаста жергілікті ісіну, пигментация және трофикалық жаралар байқалады. Жүрек ауруымен науқастың қол саусақтарының ұштары «Барабан (дабыл) таяқшалары тәрізді» өзгереді.
|
«Талғар медицина колледжі мекемесі»
|
Ф П/01-04
|
Бекітілген уақыты
03.03.2023 ж.
|
Оқу сабағының жоспары
|
16 беттің 16 беті
|
Достарыңызбен бөлісу: |