Сабақтың тақырыбы: Жүрек-қантамыр жүейсінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Басты синдромдары


Білім алушылардың өзіндік жұмысы 160 минут



бет6/9
Дата17.11.2023
өлшемі64.32 Kb.
#483551
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сабақ жоспары анатомия 2 такырып (1)

Білім алушылардың өзіндік жұмысы 160 минут
Терапия бөлімінде науқастарды сұрап тексерудегі студенттің іс әрекеттерін дұрыс атқарулары, қарап тексерулері.
Тесттер шешу.
Сабақ бойынша рефлексия 5 минут
Білім алушылар білу қажет кестесі бойынша кері байланыс парағын толтырып, оқытушыға тапсырады.
Білім алушылар көргендерін және үйренгендерін теориямен байланыстыру.
Білім алушыларды жасаған жұмыстары бойынша бағалау.
Үйге тапсырма 5 минут
Өтілген тақырыпты оқу және ситуациялық есептер, тесттер құрастыру.
Қолданылған әдебиеттер:
Ішкі аурулар пропедевтикасы Г.М.Есенжанова 93-103 бет
Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы Айтбембет Б.Н. бет
Оқытушы___________ Кадебай М.К.
Әдіскер_____________Муханова Р.Б.

Науқастың шағымдарын сұрау арқылы өткізіледі: кеуденің шаншуы, ентігуі, тынысының тарылуы, жөтел пайда болуы, қақырық тастау, әлсізденуі, дененің тітіркенуі, басының ауыратындығы және ұйқысының бұзылуы.


Сыртартқы жинағанда келесі сұрақтарды анықтау керек: ауру қалай (жедел, біртіндеп) және қандай жағдайда басталды. Аурудың себебін және мінездемесін білу үшін эпидемия жағдайына көңіл бөлу керек. Жұқпалы аурумен ауырған науқастармен қатынаста болды ма? Мысалы: туберкулез, сары ауру, тұмау т.б. Ауру өту ағысын және жүргізілген емін, оның нәтижесін, тұрмыс жағдайын, ағзаға зиян әкелетін қылықтарын, яғни шылым шегу, ішімдік ішуін анықтау.
Объективтік тексеріс Объективтік тексеру әдісі қараудан басталады. Қарағанда науқастың жалпы жағдайын, төсек тәртібін, көңіл күйін, дене пішінінің өзгерістерін және т.б. байқайды.
Кеудені қарау. Кеуденің сыртқы бейнесіне қарап қалыпты немесе патололгиялық түрін анықтайды. Кеуде қуыс өзгерістерінің үш түрі болады:
бөшке тәрізді кеуде (эмфизематозды) – кеуде торшасының ұзындығы қысқалау, көлденең кеуде бөшке сияқты дөңгелектеу келген пішінде болып келеді. Қабырға арасы сиректелген, дем алғанда бұлшық еттерінің қабысуының сирегені байқалады.
сал көкірек қуысы (паралитикті) – бөшке тәрізді кеудеге қарама – қарсы келген өзгерістер байқалады: кеуде торшасы тар және ұзын. Бұл өкпенің туберкулез ауруында жиі кездеседі, дем алу қимылы бәсеңдейді.
мешелді кеуде (“тауық” кеудесі) – бұнда кеуде қуысының алды артына қарай ұзарғаны байқалады, қабырға шеміршектері жуандайды, кішкентай балалардың мешел мен ауырған кезінде пайда болады.
Кеуде құрылысының ауытқуы (деформациясы) омыртқаның өзгергендігіне байланысты болады: омыртқаның алға қарай қисаюы - лордоз, артқа қарай – кифоз, бір жақ қырына – сколиоз, ал артқа және бір жақ жамбасына қарай қисаюы – кифосколиоз деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет