Сабақтың басы
1-5 мин
5-8 мин
8-13 мин
Тәжірибе бөлімі
13 - 15 мин
Шығармашылық жұмыс
15-30 мин
30-35 мин
35-40 мин
|
Сабақ басында оқушылармен амандасу. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабаққа қатысты көрнекіліктерді көрсетуден бастаймын.
презентация. Қазақтың халық ертегісінің алғашқы басталымы:
Ерте, ерте, ертеде. Ешкі жүні бөртеде. ...
Сұрақтар қоямын:
Балалар бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін?
Оқушылар жауаптары.
Ықтимал жауаптар: Ертегі туралы.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
- Ертегідегі адамдарды немесе жануарларды қалай атаймыз?
Оқушылар жауаптары.
Ықтимал жауаптар: Кейіпкерлер деп айтамыз.
презентация. Сабақтың тақырыбы: «Кейіпкерлердің бейнесі»
презентация. Ертегілерден иллюстрациялар
-Ертегі қалай аталады?
-Сіз қандай кейіпкерлермен таныстыңыз?
-Қай кейіпкер жағымды, ал қай кейіпкер жағымсыз болып табылады? Неліктен?
-Жағымды кейіпкерді бейнелеу үшін сіз қандай түстерді қолданар едіңіз?
-Жағымсыз кейіпкерді ше?
Қазақ ертегілері бейнеленген суреттер көрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз:
-Суреттерден қандай кейіпкерлерді көріп тұрсыз?
-Олардың киімдері қандай түсті?
-Суретші бұл түстерді неліктен қолданған?
-Суретшілер өз кейіпкерлерінің (мінезін) образын қалай көрсеткен?
-График-суретшілер қандай материалдар қолданады?
-Графикалық жұмыстар мен кескіндеменің айырмашылығы қандай?
Оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауларын ұсыныңыз:
-Қандай кейіпкердің суретін саласыз?
-Өз жұмысыңды неден бастайсың?
-Өз жұмысыңда қандай түстерді қолданасың?
-Өз жұмысыңды қандай графикалық материалдармен орындайсың?
Оқушыларға ертегі кейіпкерінің суретін салуды ұсыныңыз. Оқушылар суреттерін түрлі түсті бояуларды қолданып немесе графикалық материалдармен орындайды.
ҚБ арналған тапсырма
Бір-бірінің жұмысына баға береді.
|
Мұғалімге көрсету үшін және мұғалімнің үлгісі көрсетілген материалдар
Етікші ертегісі http://mirckazok.ru/view_post
.php?id=4358
Қазақ ертегісінің репродукциясы http://forum.designer.kz/index
.php/gallery/image/6323- kazahskie-skazki/
http://forum.designer.kz/index
.php/gallery/album/434- illjustracii-k-kazahskim- skazkam-i-legendam/
Акварель, гуашь, қылқаламдар, су құюға арналған ыдыс Альбом
|