Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Жаһандық құзіреттілік деген не? Сабақтың мақсаты



бет17/27
Дата21.09.2023
өлшемі400.37 Kb.
#478237
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Жаһандық құзіреттілік ҚМЖ

Кері байланыс
-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....
-Сен үшін маңызды ақпарат болды....






Кері байланыс тақтайшасы







Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Азаматтық және патриотизм 

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Толеранттылық деген не?

Сабақтың мақсаты:

Жалпы мағлұмат беру. Адам қарым- қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы



Амандасу.
— Толеранттылық дегеніміз не деп ойлайсыздар? — Осыған дейін толеранттылық деген сөзді қайдан естідіңіздер? Ендеше мен сіздерге толеранттылық деген сөздің мағынасын білдіретін сөздерді табуды ұсынамын. Керекті сөздер: Бірлік, татулық, шаңырақ, тыныштық, татулық, тұрақтылық, бейбітшілік, мерейтой, халық, ел , тағдыр, бауыр, болашақ, ынтымақтастық, патриотизм, этнос, жанжал, реформа, үйлесімділік, шыдамдылық, мәдени мұра, сенімділік, қамқорлық, төзімділік, еркіндік достық, сабырлық, агрессия, өшпенділік, ашу, адал, мейірімді, шыншыл қайырымды, ұқыпты. жанашыр. қамқор. түсіністік, сыйластық.

«Толеранттылық»


Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia — шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-. құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді. Толеранттылық -халықаралық қолданыстағы термин. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы «Толеранттылық қағидаттары» туралы декларация қабылдады. Толеранттылық мәні қазақ тілінде тіпті терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деген мағына береді.
Адамдар арасындағы өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді.
Толеранттылықтың негізгі маңызы — әр мемлекеттегі ұлтаралық қатынастардың қауіпсіздігі болып табылады. Ұлттық толеранттылық- біздің жалпы тарихи — мәдени кеңістігімізді қоғамда топтастыратын белгілі фактор. Қазақстандағы толеранттылық –ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс деп те айтуымызға болады. Имандылық пен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен кешегі бабаларымыз ұрпағын ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа үндеп отырды. Қабан жырау Асанұлы өсиет өлеңдерінде: -Бақыт қайда барасың? -Соғысқа құмар ойы жоқ, Ұлан-асыр тойы көп, Бейбіт елге барамын! -Бақыт қайда барасың? -Көршімен болған бірлігі, Тағат, ғибадат тірлігі, Ұйымшыл елге барамын!-деп, өрелі жұртты өрге сүйрейтін негізгі құндылық бейбітшілік пен бірлік екенін еске салады. Бүгінгі таңда толеранттылық — қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі қағидатына айналуда.
«Төлерантты адам» тезистерін құрастырайық.
Ø Толеранттылық- жеке қасиет.
Ø Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам.
Ø Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісе алатын , оны түсіне білетін адам.
Ø Абсолютті толерантты немесе толерантсыз адам болмайды.
Мына бір аңызға тоқталайық «Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан…. » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.
Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

Әр топ алдына сөздер таратылады. Соның ішінен тауып тақтаға жапсырады.


Бейнесюжетті тамашалайды.
Тақырып жайлы ой қозғау.

Аңыз жайында оқушылар пікір білідіреді.



https://www.youtube.com/watch?v=e6_Z5e9nLX0


Интербелсенді тақта



Сабақтың соңы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет