Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Жаһандық құзіреттілік деген не? Сабақтың мақсаты



бет4/27
Дата21.09.2023
өлшемі400.37 Kb.
#478237
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Жаһандық құзіреттілік ҚМЖ

Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Азаматтық және патриотизм 

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

7

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өз елін танымал еткен тұлғалар

Сабақтың мақсаты:

Жалпы тұлға сөзін ұғына отырып,еліне танымал тұлғалар туралы бейнеролик жасайды. Оларға құрметпен қарап үйреніп,болашаққа деген өз мақсаттарын айқындайды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы



Амандасу.
Миға шабуыл
-Бейнебаяннан нені байқадыңдар?
-Не себепті ана қызды қасқырларға тастап,ұлды алып кетті?
Әлем адамды өзгерте алмайды, бірақ адам әлемді өзгертуі әбден мүмкін. Адамзат баласының дамуы, әлемнің дамуы. Әр заманның өз тұлғасы, танымал азаматы болады. Қазақтың өткен тарихына көз салған адам еліміздің арғы-бергі тарихында көптеген ел басқарған хан-сұлтандар, қол бастаған жаужүрек батырлар және сөз ұстаған ділмәр би-шешендер өткенін байқайды. Бұл сөз жоқ өткен тарих. Еліміздің мақтанышы. 
"Ел тұлғаны жасайды,
Тұлға елдің атын шығарады" демекші, тарихты тұлғалар жасайды. Мысалы: Томирис, Күлтегін, Абай және Абылай хан десек, санамызға сол дәуір мен үлкен тарихи оқиғалар еске оралады. Осы есімдер арқылы ұлттың рухы жаңғырады, төл мәдениетін таниды. 
Сонымен қатар, республиканың түкпір-түкпірінде жүрсе де, туған жердің атағын шығарып жүрген жерлестеріміздің еңбектері, суреттері мен жасаған ерліктері каншама. Қазақ даласынан шығып әлем өркениетіне үлес қосқан тұлғалар аз емес. Мысыр асып ел билеген - Бейбарыс, Түркі даласынын тарихын тастақ ашаған- Күлтегін, Әл фараби, Яйсауи, Жүгенекей, Қашғариллар секілді тұлғалар жахан ғылым біліміне нұрын шашқан. Бұл тұлғалардын мұралары бугінге дейн жетті. 
Тұлға болмаса өркениетті өмір жоқ. Оған қоса сапалы білім, еселі еңбек, өнiктi өнiм де болмақ емес. Сондай-ақ тұлға болмаса, ғылым мен мәдениетте, өндірісте бәсекелестік те болмайды. 
Корыта айтканда, Туған өлкемізден шыққан өнер және мәдениет қайраткерлерінің мұраларын ұрпаққа ұлықтап, тарихты таныту, рухани кәдеге жарату мұрат тұтқан ұрпақтың перзенттік парызы. Өйткені, өз халқына қалтқысыз қызмет еткен ата-бабаларға деген ұрпақ ізет әрбір азаматтың көкірегінде желкен жайып, көктеп тұрары даусыз.

«Еліміздің мақтанышы»





Оқушылар бейнебаянды көреді, сұрақтарға жауап береді.


Жалпы қазақ елінің тұлғалары жайында түсінік алады.

Оқушылар тақырыпқа сай бейнеролик даярлайды.


http://youtube.com/watch?v=_iyllyQvlFw

Интербелсенді тақта



Сабақтың соңы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет