Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: а Білімділік



бет13/17
Дата16.09.2023
өлшемі2.08 Mb.
#477724
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
сабақ жоспары

жұмыс істеу принциптері бойынша- үздікті жəне үздіксіз принципті;
жұмысшы элементтерінің түрлеріне байланысты – тартылу элементі бар, тартылу элементі жоқ конвейерлерге, инерциялық конвейерлер мен аэродинамикалық жəне гидравликалық қондырғыларға;
жүк түріне байланысты - сусымалы, майда жəне кесек түйір жүктерге, ірі ауқымды, ыстық жəне агрессивті жүктерге арналған тасымалдағыштарға бөлінеді.
Үздіксіз принциппен жұмыс істейтін қондырғылар жүкті берілген трасса бойымен тоқтаусыз тасымалдайды. Жүкті тиеу, түсіру операциялары жұмыс кезінде қатар орындалады. Бұл машиналар тартылу элементі бар жəне тартылу элементі жоқ болып екі түрге бөлінеді. Тартылу элементі бар машиналарда тартылу элементі жүкпен бірге жылжиды. Тасымалданатын жүктердің қасиеті ен формасына, мөлшеріне байланысты конвейердің тарту элементтерінің конструкциясы соған сəйкестендіріліп жасалынады. Оларға: таспалы, шынжырлы қалақшалы, пластиналы жəне т.б конвейерлер. Тартылу элементі жок машиналарда жүк ілгерілемелі қозғалысқа түсуі нəтижесінде тасымалданады. Оларға роликті, бұрандалы, тербелмелі конвейерлер жатады. Мұнда тасымалданатын материалдар жылжымалы, айналмалы жүріспен конвейердің жұмысшы бетімен үздіксіз ағынмен қозғалады. Пневмоқондырғыларда ұнтақталған материалдармен шаң, улы газ бөлетін, салмағы аз материалдар ауаның қысымымен немесе соруымен құбырдың ішінде ағынмен тасымалданады. Гидравликалық тасымалдау сусымалы материалдарды судың ағынымен тасымалдайды. Бұл тасымалдау рудаларды, құрылыс материалдарын бос жыныстан, лайдан тазалап жуу кезінде қолданылады.
Жұмыс принципі бойынша – тасушы және қырғышты. Тасушы конвейерлерге таспалы, төсемді, арбашалы, шөмішті, бесікті, аспалы конвейерлер жатады. Қырғышты конвейерлерде тасымалданатын жүк науа еденінде сырғып жылжиды.
Қолдану аймағы бойынша – жалпы мақсатқа арналған және арнаулы машиналар. Жалпы мақсатқа арналған машиналар халық шаруашылығының барлық немесе бірнеше салаларында қолданылады. Мұндай машиналарға, мысалы, таспалы конвейерлер жатады. Арнаулы машиналар шаруашылықтың бір саласында ғана қолданады, мысалы, таулы өнеркәсіпте жер астындағы қырғышты конвейер.
Құрылымы бойынша – икемді тарту органы бар және икемді тарту органы жоқ. Икемді тарту органы бар машиналарға таспалы, төсемді, арбашалы, шөмішті, бесікті, аспалы, қырғышты конвейерлер және элеваторлар жатады. Ал икемді тарту органы жоқ машиналарға бұрандалы, адымдаушы конвейерлер және айналатын тасымалдағыш құбырлар жатады.
Икемді тартқыш орган бойынша – таспа (таспалы конвейерлер, таспалы элеваторлар), шынжыр (төсемді, қырғышты, аспалы, арбашалы, шөмішті, бесікті конвейерлер, шынжырлы элеваторлар), арқан (таспалы-арқанды, аспалы арқанды конвейерлер) түріндегі икемді тартқыш органдары бар конвейерлер.


Тасымалданатын жүктердің түрі және мақсаты бойынша – үйме жүк (таспалы, төсемді, шөмішті, қырғышты, бұрандалы конвейерлер, элеваторлар, тасымалдағыш құбырлар), дана жүк (таспалы, төсемді, арбашалы, бесікті, аспалы, шығыршықты конвейерлер, бесікті және сөрелі элеваторлар) және пассажирлер (таспалы және төсемді конвейерлер, эскалаторлар) тасымалдайтын машиналар.
Сонымен қатар, конвейерлер тасымалдағыш және технологиялық болып екіге бөлінеді. Тасымалдағыш конвейерлер жүкті бір нүктеден екінші нүктеге тасымалдайды. Үйме және дана жүктерді тиеп – түсіру операцияларында тиегіш машиналар қолданылады. Бір барабанды жетекте жетекші барабанға келе жатқан тармақ пен барабаннан кетіп бара жатқан тармақтың арасындағы өзара қатынас келесі байланыспен анықталады:



Жетекші барабанның беретін тарту күші:


2. Таспалы конвейер деп тасушы және тартушы органы икемді таспа болатын ең көп таралған үздіксіз жұмыс істейтін машинаны айтамыз. Таспалы конвейерді үйме және дана жүкті кіші, орта және үлкен қашықтықтарға көлденең және жайпақ көлбеу бағыттарда тасымалдауға қолданады. Бұл конвейер халық шаруашылығының барлық салаларында жұмыс істейді.
Артықшылықтары: қозғалу жылдамдығын (6...8 м/с) және таспа енін көбейту арқылы конвейердің өнімділігін 20000 және 30000 т/сағ асыруға болады; күрделі трассалармен тасымалдау мүмкіншілігі; кейбір конвейерлердің ұзындығы 3...5 км-ге дейін жетеді; құрылымының және іске қосылуының қарапайымдылығы; конвейер жұмысын бақылаудың ыңғайлылығы; басқаруды автоматтандыру мүмкіншілігі; сенімділігі жоғары.

Кемшіліктері: жабысқақ, ыстық және ауыр дана жүктерді және көлбеу бұрышы 18...200 асқан кезде тасымалдауға жарамсыз.
Таспалы конвейерлердіњ жіктелуі: орналасқан орны бойынша – стационар мен жылжымалы, қозғалмалы мен тасымалды және су үстіндегі. құрылымы мен мақсаты бойынша – жалпы мақсатқа қолданылатын (МЕСТ 22644-77 ... МЕСТ 22647-77) және арнаулы, жер астындағы, тамақ, ұн-жарма (крупа) және құрама жем, прибор жасау, радиотехника және жеңіл өнеркәсіптері үшін.

таспа түріне байланысты – резеңкеленген, болатты тұтас прокатты және сым таспалы конвейерлер.
Резеңкеленген таспаның құрылымы және тіректі жүріс құрылғысы бойынша – таспа жүк тасушы және тартушы орган болатын конвейерлер, таспалы – арқанды, таспалы – шынжырлы (мұнда таспа тек жүк тасушы элемент, ал тартушы элемент – арқан немесе шынжыр).
Трасса профилі бойынша – көлденең, көлбеу және құрама: көлбеу-көлденең, көлденең-көлбеу, бір немесе бірнеше майысуы бар және күрделі трассалы.
Таспалы конвейерлер жетекші және кергіш барабандар орнатылған рамадан тұрады. Тұйықталған таспа екі барабанды айналып өтеді. Екі барабанның ортасында таспаны ұстап тұратын тірек шығыршықтары (үстіңгі, астыңғы) бар. Бұл тіректер рамаға бекітілген. Жетекші барабан жетек арқылы қосылып, таспаны қозғалысқа әкеледі. Құйғыш (варонка) арқылы таспаға жүк түседі. Жүк үстіңгі жұмыс тармағымен тасымалданады, ал астыңғы тармақ - қайтарушы тармақ. Жүк барабанға жетіп, түсіру құйғышы (варонка) арқылы (кейбір жағдайларда аралық учаскелерде жүкті түсіру үшін плужок 3 немесе барабанды түсіргіш қолданылады) түсіріледі.

Бақылау сұрақтары


1. Жүк көтеру машиналары бөлінеді ?
2. Көтеру-машиналардың атқаратын қызметі ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет