бектікті біреу бектеп тұра алмай жүр,
о дағы ұры-қарды қыра алмай жүр.
қарсылық күнде қылған телі-тентек
жаза тартып ешбірі сұралмай жүр.
қарындас қара жерге тыға алмай жүр,
бірінің-бірі сөзін құп алмай жүр.
құда-тамыр,дос_жарың, қатын-балаң-
оларда бір қалыпты бола алмай жүр.
бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,
іште жалын дерт болып , шыға алмай жүр.
арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі
не пайда, не залалды біле алмай жүр.
жетіліп жаз жәйлауға қона алмай жүр,
күз күзеуде жәнжәлсіз бола алмай жүр.
қыс қыстауың-қып-қызыл ол бір пәле,
оралып ешібір шаруа оңалмай жүр.
жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,
сұрамсақтар нәпісін тия алмай жүр.
сәлем-борыш, сөз-қулық болғаннан соң,
қандай жан сыртта сөз боп сыналмай жүр?
Пәні: Абайтану Сыныбы:10 Күні:
Сабақ тақырыбы Абай Құнанбаев «Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі
Сабақтың мақсаты :Абайдың өлеңдегі билік, ел басқару, қоғамдық құрылыс, халық тарихына қатысты азаматтық үнін түсіну;
Өлеңдегі ақынның дүние, заман сырын, адам құлқын пәлсапалық таразылауы, өлеңдегі өмір құбылыстарын суреттеу ерекшелігін таныту;
Әлеуметтік өмірдің шынайы суреттеріне сыни көзқараспен қарау, өзіндік пікір айта алу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже : Шығармашылықпен жұмыс жасап, көркем шығармаға талдау жасайды;
Ізденіс арқылы оқушының ғылыми-зерттеушілік қабілеті артады. ;
Дереккөздері : «Абай» энциклопедиясы,Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері», ғаламтор желісінен ақпараттар.
Ресурстар :Сабақ презентациясы, топтық тапсырмалар,маркер, постер, prezi бағдарламасы.
Оқыту әдістері Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй туғызу. «Шаңырақ» тренингі
Әр оқушы Абай шығармашылығынан2 тармақ өлең айтады.
Лента түстері бойынша топқа бөлінеді. - Көңілді музыка тыңдау.
- Психологиялық жаттығулар.
- Поэзия сәті
Өтілетін тақырыпқа сай, сараланып алынады. Ақын шығармаларын еске түсіреді. Жағымды психологиялық ахуал орнайды.
Ой қозғау
Ақын тұлғасы / топтастыру/
Жаңа сабақ Абай Құнанбаев «Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі
Ұжымдық оқыту. Оқушылар бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатынан хабардар болады.
«Қартайдық қайғы ойладық,ұлғайды арман» өлеңінің мазмұнымен танысу, мәнерлеп оқу.
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...» - Абайдың 1886ж. жазған өлеңі. Көлемі 50 жол. Ақын өз дәуіріндегі қазақ қоғамының әлеуметтік топтарын дәл ажыратып, айқын саралап, әрқайсысының мін-мерезін ащы тілмен күйдіре өртейді. Еңбексіздік, терін сатпай, телміріп көзін сатқан теп-тегіс алармандықты айыптайды. Абай таңбалайтын өкілдер мыналар: бай, би,болыс елубасы, жау, жарлы, дос, сүм-сүрқия, аларман, орыс, паң. Бәрі де әрекетімен, өз қылығымен көрінген. Осылардың әрқайсысының адал еңбек етпей, арамдықпен дүние табар амалдарын зерек суреткер дәл басып, мінез, психология ерекшеліктерін, қулықсұмдық табиғатын, айла-шарғы тәсілдерін улы сатира найзасына қалай тастайды, не деп бопсалайды, қалай қорқытады, қалай торға түсіреді - осы сауалдардың жауабы бар, әр кейіптің сыры жария болады. Жанды бейнелер жасалады. Табан ақы, маңдай теріне сүйенбей, айла-шарғыға аяқ артқан, біреуді-біреу жеген қоғамдық ортаның азуын ақын қайғысы суретке айналдырады. Айналып келгенде, бір шаңырақ астынан да береке-ырыс кеткен, Ата мен бала, аға мен іні арасына от тұскен. Бәрі де арын сатып, өтірік ант ішіп, алдау-арбаумен мал табуғабетбұрған. Жұзқүбылған, қысқа күнде қырық жерге қойма қойған, қулық ойлаған сойқандар түгел мансұқ етіледі. Аруақты ақынның алдамшылық, жәдігөйлік, айлакерлікке қарғыс айтқан қаһарлы байламы бар. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісімен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақақыны ИбраҺим Қүнанбайүғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды.
Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.
Бай алады: кезінде көп берем деп,
Жетпей тұрған жеріңде тек берем деп,
Би мен болыс алады күшін сатып,
Мен қазақтан кегіңді әперем деп.
Жарлы алады: қызметпен өткерем деп.
Елубасы*: шар салып,* леп берем деп.
Жалаң қаққан жат мінез жау алады:
Бермей жүрсең, мен сені жек көрем деп.
Дос алады:бермесең,бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп,
Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,
Не қылып оңайлықпен ырқ берем деп.
Сұм-сұрқия сұмдықпен еп берем деп,
Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп.
Жүз қараға екі жүз аларман бар,
Бас қатар бас-аяғын тексерем деп.
Ел жиып, мал сойыңыз ет берем деп,
Мал берсем сен мендік бол деп берем деп
Қара қарға сықылды шуласар жұрт:
Кім көп берсе, мен соған серт берем деп.
Бұзыларда ойламас бет көрем деп,
Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп.
Қабаған итше өшігіп шыға келер,
Мен қапсам, бір жеріңді бөксерем деп.
Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп,
Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп
Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,
Ұлық жүр: бұл ісіңді кек көрем деп.
Жұрт жүр ғой арамдықты еп көрем деп,
Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп.
Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен.
Құдайдың өз бергенін жеп көрем деп?
Атаны бала аңдиды, ағаны іні,
Ит қорлық немене екен сүйткен күні.
Арын сатқан мал үшін антұрғанның
Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.
Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып,
Аямай бірін бірі жүр ғой аңдып.
Мал мен бақтың кеселі ұя бұзар,
Паруардигәр* жаратқан несін жан қып!
Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,
Арын сатып тіленген малы құрсын.
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын.
Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір,
Өз үйінде шертиген паңы құрсын.
Өлеңдегі суреткердің көркем тәсіліне өзінше талдайды.
Интонация, , ұйқас түрлері /егіз ұйқас,сегіз тармақты шумақтар, әр шумақтың соңында жатқан пәлсапалық тұжырымдар/ Шақыру, үндеу.
Дәптермен жұмыс Сөздік жұмысы
Өлеңде берілген мағынасы түсініксіз сөздермен жұмыс. АКТ мүкіндігін пайдалану. Берілген білімді оқушының қай дәрежеде қабылдауын пайымдау.
Сабақты қорытындылау
Пәні: Абайтану Сыныбы:10 Күні: 9.02.2017 ж.
Тақырыбы: Абайдың «Қыран құс не алмайды салса баптап» өлеңі
Мақсаты: Қыран құстармен таныстыру, жыртқыш құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы туралы, құсбегінің қыран құстарды қалай баулитынын, құсбегіге қажет құралдар туралы түсіндіру.
Қыран құстар туралы мол мағлұмат беру, дүние танымын кеңейту.
Көрнекілігі: құсбегі мен оған қажетті құрал - жабдықтар суреті, құстарға байланысты мақал - мәтелдер қолданылады.
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,
Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.
Қыран шықса қияға, жібереді
Олар да екі құсын екі жақтап.
Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,
Күйкентайы үстінде шықылықтап.
Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,
Күні бойы шабады бос салақтап.
Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса,
Қуанар иелері сонда ыржықтап.
Не таптық мұныменен деген жан жоқ,
Түні бойы күпілдер құсын мақтап.
Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ,
Қайран ел осынымен жүр далақтап.
«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап?..» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. 14 жол. Ақынның көтерген тақырыбы - қосанжар өмір құбылысы. Алғашқысы - аңшылық. Ержігіт қыран бүркіт баптаса, қалған жұрт аңға күйкентай мен қарға салмақ. Бабы келіскен қыранның қоян, түлкі түгілі қасқыр да алатыны анық. Алайда былайғы жұрт оған мән бермейді. Өйткені, «қыран шықса қияға жібереді, олар да екі қүсын екі жақтап». Қарға қарқылдап, қыранның арт жағынан қалмаса, күйкентай үстінде шықылықтайды. Қарға мен күйкентай иелері қыранға кедергі жасағандарына мәз, өз құстарын мақтап күпілдеседі. Абайдың бұл жерде айтқалы отырған негізгі ойы күллі қазақтың тірлігі өмірде осыған саятындығы, ортасынан озған азамат, ақын шығып жатса, оларға жасайтындары осындай кесірлік екендігі. Ақын «Басқа - сая,жанға - олжа дәнеме жоқ, Қайран ел осынымен жүр далақтап» деп қорытады ойын. 1886 ж. өндіре жазып, ақындық жолына алаңсыз түскен ақынның ел ұстазы, ақылшысына айналып, үлкен өмірлік - өнерлік жинақтау жасай бастағанын байқаймыз. Осындай көркемдік кенеуімен, кемелді ойымен өрелі өлеңнің құрылымы да келісті. Өлеңнің алғашқы екі жолы өзара ұйқасып, егіздік байқатқан, алайда арықарай еркін ұйқаспен кестелеңген. Мазмұн-мағынажағыан да, пішім, ырғақтық жағынан да ешқандай жік білінбейді. Өлең алғашрет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Оның басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді. Туындының: «Өзі алмайды, қыранға аддырмайды, Күні бойы шабады бос салақтап»,- деген 7-, 8-жолдары 1909 жылғы жинақта берілмеген. Бірақ бұл 2 жол Мүрсейіт қолжазбасы негізінде тұңғыш рет 1933 жылғы жинаққа кіргізілген. Өлең башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, өзбек.тәжік, түрікмен, үйғыр тілдеріне аударылған.[1]
Өлеңге сатылы кешенді талдау жасату
Сабақты қорытындылау
Пәні: Абайтану Сыныбы:10 Күні: 16.02.2017 ж.
Сабақ тақырыбы Абай Құнанбаев «Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі
Сабақтың мақсаты : Абайдың заман, адам туралы, жақсы мен жаман ,адал мен арам туралы ойларын білім, ақыл жайындағы адамгершілік нысана тұрғысы биігінен баяндаған өлеңінің мағынасын түсіндіру,адал мен арамның, жақсы мен жаманның парқын ақыл ғана айыра алатындығын ұқтыру
Әлеуметтік өмірдің шынайы суреттеріне сыни көзқараспен қарау, өзіндік пікір айта алу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже : Шығармашылықпен жұмыс жасап, көркем шығармаға талдау жасайды;
Ізденіс арқылы оқушының ғылыми-зерттеушілік қабілеті артады. ;
Дереккөздері : «Абай» энциклопедиясы,Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері», ғаламтор желісінен ақпараттар.
Ресурстар :Сабақ презентациясы, топтық тапсырмалар,маркер, постер, prezi бағдарламасы.
Оқыту әдістері Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй туғызу. «Шаңырақ» тренингі
Әр оқушы Абай шығармашылығынан 2 тармақ өлең айтады.
Лента түстері бойынша топқа бөлінеді. - Көңілді музыка тыңдау.
- Психологиялық жаттығулар.
- Поэзия сәті
Өтілетін тақырыпқа сай, сараланып алынады. Ақын шығармаларын еске түсіреді. Жағымды психологиялық ахуал орнайды.
Ой қозғау
Ақын тұлғасы / топтастыру/
Мағынаны тану
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек...» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 12 шумақтан тұрады. Бұл шақта ақынның дүние, әлем туралы танымы шығыстық рухани қазынамен байыған, кемеліне келіп, мейлінше толысқан еді. Рухани кемелдеңгейге кетерілген ақын заман сырын, адам құлқын терең философиялық тыныммен таразылайды. Қайғы ойлау, көзден ұйқы қашып, ойдың кермек тартуы - мүның бәрі қар - тайғандықтың белгісі емес. Заманынан, заманының адамынан озған, ақылымен, парасатымен озған ақын өзі жеткен рухани биіктен мұңдасарға, ойласарға сөз ұғарлық кісі таппай толғанады. Толғана отырып, заман, адам туралы, жақсы мен жаман адал мен арам туралы ойларын білім, ақыл жайын дағы адамгершілік нысана тұрғысы биігінен баяндайды, адам мен арамның, жақсы мен жаманның парқын ақыл ғана айыра алатындығын анғарады. Өлеңнің әр шумағы негізгі тақырып пен идеяны әр қырынанашып, тұтаса келе күрделі көркемдік құбылысқа айналады. Алғашқы екі шумақ ақынның адам мен заман туралы жалпы ойларынан түзілген болса, кейінгі шумақтарда бұл ойлар бейнеге айналып, нақты да затты сипатқа иелеңеді. Ақын ұстанған талап пен талғам өлшемдеріне қарағанда, бойдың салғырттығын жеңіп, ой қуып, ақылға еру ердің ісі болғанда, өз қашанда өздігін жасап, еріншек тартпақ, ортасынан шыға алмай, шығандап қылық та қыла алмай, қыр аспас қалпында көпке көніп қала бермек. Ерменөз, олардың бір-бірінен айырмашылығы хақындағы осы ойлар біртіндеп жақсы мен жаман, олардың бір-бірінен өзгешеліктері туралы тұтасқан ұғымдар жүйесіне жалғасады. Ақын танымы аясында жаман мен надан екі турлі ұғым, екі басқа категория емес, бір ғана нәрсе. Жаманның жамандығы да білімсіздіктен, ақылдың кемдігінен. Білімсіз надан білімді адамайтқан ақылды құлағына ілмек емес, ақ пен адалды, шынды танымай, жоққа иланып, жалғанға сенбек. Көпті көрген, ақылы асқан ақсақалдың, білімдінің сөзінен сырдаң тартып, қылғанұрлығын, қуған қулығын мақтан етуден арыға бара алмайтын да сол. Сонымен қатар оның кісіге сырты күліп, ішіне жаулық сақтайтын, жақынын тіріде аңдып, өлсе өкіретін қасиеті де бар. Жамандығына, надандығына қарамастан, мұндай пенделер мақтан үшін болыс болмақшы, адамдық пен арамдықты бір-бірінен айыра алмаса да, ел билеп, жұрт меңгермекші. Осыныңбәрі Абай заманындағы білімсіз наданның, ақылсыз жаманның бейнесін, оның жан шындығын терең әрі жан-жақты танытады. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алғаш 1909ж. Санкт-Петербургте жарықкөрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Туынды ағылшын, араб, белорус, қарақалпақ, қырғыз, латыш, орыс, өзбек, украин, үйғыр т. б. тілдерге аударылған.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,
Ашуың – ашыған у, ойың – кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көтеріп, болады ермек?
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
Ер ісі – ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек ездігінен көпке көнбек.
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.
Адамзат тірілікті дәулет білмек,
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.
Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп,
Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек?
Наданға арам – ақылды құлаққа ілмек,
Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек.
Рас сөздің кім білер қасиетін,
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.
Қызыл арай, ақ күміс, алтын бергек
Қызықты ертегіге көтерілмек.
Ақсақалдың, әкенің, білімдінің,
Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында,
Наданның сүйенгені – көппен дүрмек.
Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек.
Бір-екі жолы болған кісі көрсе,
Құдай сүйіп жаратқан осы демек.
Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек,
Періште төменшіктеп, қайғы жемек.
Өзімнің иттігімнен болды демей,
Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек.
Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,
Сыбырменен топ жасап бөлек-бөлек.
Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,
Өзімен өзі бір күн болмай ма әлек?
Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек,
Адалдық, арамдықты кім теңгермек?
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.
Сабақты бекіту.
Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау
Сабақты қорытыындылау
Пәні: Абайтану Сыныбы:10 Күні: 23.02.2017 ж.
Сабақ тақырыбы Абай Құнанбаевтың он бірінші қарасөзі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін салыстыра отырып,қара сөздерінің мәнін аша білуге үйрету,оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.
Дамытушылық:Есту қабілетін,тілін дамыту,ұлттық ойлау заңдылықтарын танып меңгерту,жан-жақты дамыған тұлға ретінде танылуға жетелеу.
Тәрбиелік:Оқушылардың бірін-бірі бағалауы,адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбиесінің тарихи-мәдени негіздерін қалыптастыру ,ұрпақтар жалғасуындағы жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелеу.
Сабақтың құралы мен көрнекілігі:слайд-презентация, аудио үн таспа,Абайдың қара сөздері
Сабақтың түрі,типі:дәстүрлі сабақ
Әдісі:дамыта оқыту (сұрақ,жауап,талдау-тарату,жинақтау)
Пәнаралық байланыс: тарих,философия
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |