Сабақтың тақырыбы: Көне түркі жазба ескерткіштері №2-сабақ. Бөлім



бет3/6
Дата18.10.2023
өлшемі88.37 Kb.
#481071
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
8«А» қт 25.09

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атаулар қандай?

Көне түркі ескерткіштерінің жалпы саны қазіргі кезде қанша?


Көне түркі жазуы нешеге бөлінеді?


Көне түркі ескерткіштерінің құндылығы неде?




Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

2-тапсырма:
Ойды оятуға арналған жаттықтыру сұрақтарына жауап берип, тапсырмаларды орында.
Көне түркі жазбалары туралы қандай мәлімет қосар едің?
Тыңдалға.мәтіннің мазмұны бойынша өз ойыңды дәйектеп айт.
Көне жәдігер деген не? Өз анықтамаңды ұсынып көр.
Тыңдалған мәтіннен бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды тауып жаз.


Тыңдалым:
Ойды оятуға арналған жаттықтыру сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.
Көне түркі жазбалары туралы мәлімет қосады.
Тыңдалға.мәтіннің мазмұны бойынша өз ойларын дәйектеп айтады.
Көне жәдігер дегенімізге жауап. Өз анықтамаңды ұсынады.
Тыңдалған мәтіннен бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды тауып жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет