Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин
|
1. «Қазақстанның Қызыл кітабы» алғаш рет 1978жылы шықты 2. «Қызыл кітап»деген атауды ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынды.
3. Олар азайып барады. Қазір олар қорғауға алынған. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің кейбіріне тоқталып өту. Құлан - сырт пішіні жылқы мен есекке ұқсайды. Бұрын далада еркін жүрген, қазір бұлардың саны азайған, қорғауға алынды. Арқар – тау ешкісі, түсі қоңыр сұр, мүйізі үлкен иілген. Еті дәмді болған соң көп ауланған, қазір саны өте аз, қорғауға алынған. Дуадақ - қазақ даласының көркі. Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Тез жүгіреді. Адамдар көп аулап азайған, қазір қорғауға алынған.Қызыл кітапқа барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, т.б. аңдар мен құстар кіреді. Бүгінгі күні Қазақстанның Қызыл кітабына балықтардың – 16 түрі, қосмекенділердің – 3 түрі, жорғалаушылардың – 10 түрі, құстардың – 56 түрі, сүтқоректілердің - 40 түрі енгізілді. Қара кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт, жойылып кетті. Осы жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады. Қазақстанда он қорық бар.
|
6-тапсырманы орындау
9-тапсырманы орындау
|
|