LESSON STUDY БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ
Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау
Бірінші Lesson Study-ді өткізу
Ұсынылатын іс-әрекеттер Lesson Study-ді жоспарлау үшін келесі бетте ұсынылған сызбаны қолданыңыз. Оны А3 форматына дейін үлкейткен абзал болады. Сызбаны, сонымен бірге, (көшірмесі жасалып, Lesson Study-дегі бақылаушыларға берілсе) бақылау картасы ретінде де қолдануға болады және Lesson Study-ден кейінгі талқылау барысында негізгі материал бола алады.
Әр мұғалім өз оқушыларының таңдалған тақырыптар бойынша үлгерімінің қарқыны туралы білімін реттеу үшін «L1W3D4_Оқушылар модельдері» кестесін пайдалану керек.
|
Бақылаудағы А оқушы Аты………….. Осы оқушыға арналған табыс критерийі. Lesson Study аяқталған кезде А оқушы ... істей алады (сабақта қойылған оқу мақсатына жетудегі қарқынын оқушы қалай көрсететінін сипаттаңыз). Қосымша түсініктемелер
«Адамдардың реакциясын көру маңызды: егер бір нәрсе қолдан келмесе де, ол «қаралы оқиға» деп қабылданбайды, себебі адамдар оны бірлесіп жоспарлады»
|
Мағынаны ашу кезеңі
(20 минут)
|
Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу
Ұсынылатын іс-әрекеттер Ұлыбританияда Lesson Study топтары зерттеу аяқталған соң оқушылардың пікірінше, не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін бақылаудағы оқушылармен жиі сұхбаттасып тұрады. Сұхбат ұзаққа созылмай (5 минуттан аспағаны дұрыс), барлық бақылаудағы оқушылармен бір уақытта немесе жеке-жеке жүргізілуі мүмкін. Оқушылардан жауап алуды мүмкіндік туысымен бірден, ең дұрысы - Lesson Study аяқталған соң өткізген дұрыс. Өзіңіздің жазбаларыңызда олардың кейбір жауаптарын түртіп алуға тырысыңыз. Кейде бақылаудағы оқушылармен бірге оқитын топтардағы басқа оқушылардан да жауап алынады. Бұл жауаптарды әр түрлі тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік бергенімен, жиналған мәліметтерді жүйелеуді қиындатып жіберуі мүмкін. Түсініктемелер
2-кесте. Бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақт
Lesson Study-ден кейінгі талқылау
Ұсынылатын іс-әрекеттер Lesson Study тобына мүмкіндік болса сабақтан кейін бірден жиналу қажет (әрине, сабақ өткеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей). Сіз топ мүшелерін Lesson Study-ден кейінгі жетістікті талқылау критерийлерімен таныстыра аласыз: 1. сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу; 2. бақылаулар нәтижелерін қабылдау және сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау; 3. сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту әдісі ретінде бағалау; 4. бақылау кестесінде/жоспарында нақты мақсаттар мен мәселелерді белгілеу;
. Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру
Ұсынылатын іс-әрекеттер Lesson Study-ді бастамас бұрын топ мүшелеріне өздері енгізіп жатқан оқыту әдісінің негіздеріне қатысты қандай жұмыс атқарғанын, ол туралы не білгенін, нені пысықтағанын әріптестеріне көрсетуге мүмкіндік беру қажет. Мұғалімдер өздерінің істеген істері туралы пікірлерімен басқалармен бөлісетінін алдын-ала білсе, олар мұны бүкіл үдеріс бойында естерінде ұстайтын болады. Бұл Lesson Study тобына өз пікірлері мен ойларын әріптестері алдағы уақытта оны пайдалана алатындай етіп нақты баяндауға мүмкіндік береді
|
Мұғалімдер көріп талдайды.Мұғалімдер сұрақтарға ойлана отырып,жауап береді.
«... Олар [оқушылар] бүкіл оқу үдерісін қолға алады, ол үшін жауап береді және бұл істе оларға көмек көрсетіледі. Бұл - ғажап, себебі ... олар біз үшін оларға көмек көрсетуге жағдай жасай отырып, бізбен байланыста жұмыс істейді. Таң қаларлық, шынымен таң қаларлық құбылыс!»
«…Өз ойларыңызбен бөлісу кезінде жаңадан қаншама нәрсе білетініңіз таңғалдырады. Сондықтан, күрделі жағдайларда мен бұл мәселені неліктен дәл осылай шешу керектігімізді дәйектеуім қажет. Соның нәтижесінде менің білімім де нығайып, өз бетімше істей алмаған нәрсені түсінуіме мүмкіндік туады.
|