Пролог (гр. prologos – кіріспесі) көркем шығарманың оқиға мазмұнымен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарма идеясын дұрыс түсіндіру. | | - Мақсаты романның- халық түзетпек, Жазылған еріккеннен ертегі емес.
- Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта Бақытсыз бір қыз екен осы шақта.
- Біреуге хас нәрсе емес һәм болған іс, Жайылған бұл бір ғұрып һәр қазақта.
- Айырсын оқушылар мағынасын,
- Жай ғана хикая деп қарамасын.
| | - Ықтимал жауап:
-
- Қазақ қыздарының сүймеген адамға айттырылып, ұзатылуы ата дәстүрімізде болғаны анық. Осы тақырыпты яғни «әйел теңсіздігі» мәселесін алғаш рет қалам тартып, романға арқау еткен қаламгер жазушы - Міржақып Дулатұлы еді.
- Прологта «Бақытсыз Жамал» романының жазылу мақсаты – халықтың санасын ояту арқылы, Жамал сияқты мыңдаған қыздардың тағдырын түзеу үшін жазылғанын аңғардым.
- Қыз балалардың құқығын сақтау арқылы надандықтан айырылу - романның прологінде айтылған ой.
-
| | - «Бұл кім екен, неқылған адам екен», - деп тани алмай
- тұрғанда, біреуі: «Мұның қалтасында не бар екен» деп
- шапанының қалтасына қол салғанда, қарындашпен
- жазылған бір қағаз шықты. Оқып кѳрсе бұл Байжанның
- келіні Жамал екен, бұл қағазға Ғалиды жоқтап һәм
- басына келген зарын жазған екен. Елден кісі келіп,
- Жамалды Байжандарға апарып берген соң, ертеңіне
- бауыры суық қара жерге тапсырды. Манағы Жамалдың
- қалтасынан шыққан қағазды жолаушылар ѳздері оқып
- һәм солай деп мәнісін айтып, елдеріне таратқан еді.
| | - 3- тапсырма .Шығарма эпилогі екенін дәлелдеп жазыңыз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
- Шығарма кейіпкері Жамалдың тағдырының соңы немен бітті?
- Жамал өз басының теңдігі үшін кұресе алды ма, оқырманына нендей ой салып кетті?
- Ықтимал жауап:
- «Бақытсыз Жамал» романының соңы Жамалдың боранды түнде, далада үсіп өлуімен аяқталды. Трагедиямен. Жамал сияқты қаншама қыздардың тағдыры осы трагедиямен аяқталған шығар деп ойлаймын. Жарық күнді аңсаған Жамалдың үмітін даланың суық аязды бораны өзімен бірге ұшырып әкеткендей.
- Романның аты айтып тұрғандай «бақытсыз» жандардың құрбаны болған надан саяси өмірдің құрбандары болған жандар қаншама?
- Жамал - өз махаббаты үшін күресе білген жан. Ғали екеуінің пәк сезімін сақтай біліп, оны өзімен бірге әкете барды.
- Ол - жаңа заманның өмірін, бостандықты аңсаған адам. Оның білімге деген құлшынысы, зеректігі соған дәлел.
- Автор Жамалдың бейнесі арқылы болашақта қыз баланың құқығы қорғалып, ер азаматпен тең дәрежеде тұра алатын қыздардың образын ашқысы келді деп санаймын.
- «Дұрыс / бұрыс» әдісі арқылы кестедегі дұрыс немесе бұрыс жауапты анықтауыңыз керек. Үзіндіден пролог пен эпилогті анықтап белгілеуіңіз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |