«Әдебиеттегі психологизм – шығарманың эстетикалық әлемін құрайтын кейіпкердің ішкі ойын, толғанысын, рухани күйзелісін терең әрі детальді түрде бейнелеу» (Энциклопедиялық сөздік).
4-тапсырма. Майқы бидің нақыл сөздерінен оның сүйініш-қуанышын,реніш-өкінішін,күйзеліс-толғанысын анықтап, мінезін,жан дүниесін қалай танығаныңызды жазыңыз. Құндылығы туралы пікіріңізді білдіріңіз. 4-балл
Бағалау критерийі: Майқы би шығармаларындағы психологизмді анықтайды.
Дескриптор:
1. Майқы бидің толғанысын анықтайды-1балл
2.Майқы бидің не үшін ренішті болып, неге күйзелетіні анықтайды-1 балл
3.Майқы бидің мінезін,жан дүниесі қандай адам ретінде танығанын жазады-1 балл
4.Майқы би нақыл сөздерінің құндылығы туралы өз пікірін білдіреді.-1 балл.
|
Психологизм түсінігімен танысады.
Майқы бидің сөздеріндегі психологизмге талдау жасайды. Автордың ішкі жан дүниесін ,мінез-құлқын,толғанысын,ой ағымын анықтап, құндылығы туралы пікірлерін білдіреді.
4-тапсырма.
Концептуальді кесте толтырады.
1.Майқы бидің толғанысы (не туралы толғанады,нені ойлайды?)
2.Майқы би неге күйзеледі,не нәрсе оның ренішін тудырады?
3.Мінезі,жан дүниесі қандай адам ретінде таныдыңыз.
4.Нақыл сөздерінің құндылығы туралы пікірім.
|
ФБ
Бағалау критерийі. Майқы бидің шешендік сөздеріндегі психологизмді анықтайды, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады.
|