Сабақтың тақырыбы: мамандықтар Сабақтың мақсаты: Мамандық түрлерімен таныстыру Көңіл, ой, жылдамдығын дамыту



Дата08.07.2016
өлшемі1.18 Mb.
#185423
түріСабақ
Білім басқармасы Астана қаласы

30 мектеп- гимназиясы



ТАҚЫРЫБЫ:

МАМАНДЫҚТАР

мұғалім: Садвакасова С. Н.

Астана қаласы
Сабақтың тақырыбы: мамандықтар

Сабақтың мақсаты: 1. Мамандық түрлерімен таныстыру

2. Көңіл, ой, жылдамдығын дамыту

3. «Еңбекті сүю» сөзін түсіндіру

Дамытушылық: 1. Жұмбақтар шешу

2. Мақал-мәтел үйрену

3. Деңгейлік тапсырмалар орындау

4. Карточкалармен жұмыс



Тәрбиелік: 1. Мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу

2. Еңбекті бағалап сүюге үйрету



«Кім не істейді?» сурет.

Мұғалім: Сәлеметсіз бе, балалар! Бүгінгі біздің сабағымыз мамандық тақырыбына арналады. Сендер болашақта кім болатындарыңды дәл айта алмасаңдар да, осы сабақ сендерге мектепті бітірген соң мамандық таңдауларыңа түрткі болады.

Жаңа тақырып: мамандығым-мақтанышым

Мамандық – адам еңбектеніп табыс табатын жұмыс. Белгілі бір мамандықты таңдау үшін мектеп бітірген соң арнайы оқу керек. Адам білімі мен тәжірибесі молайған сайын, адам өз ісінің маманы болып есептеледі.

Өмірде мамандықың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы да басқа мамандық тар туралы айта беруге болады.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.



1-тапсырма: Мәтінді оқып, асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндір.

табыс табатын жұмыс

тәжірибесі молайған сайын

ерекшелігі

жүрегінің қалауы бойынша

тікелей байланысты


2. Дәптермен жұмыс

Мамандық атауларына сай қызметтерін жазыңыз.

Суретші –

Оқытушы –

Биші –


Шаштараз –

Әнші –


2-тапсырманы орындаңдар: сөйлемді аяқтаңдар:

1). Кеше біз кітапханаға .... (бару).

2) Мен ертең досыма хат ... (жазу).

3). Үйдің жанында балалар ...(ойнау).

4). Дәрігер адамдарды ...(емдеу).

5). Келесі аптада біз кезекші ... (болу).



3-тапсырма. Мақал-мәтелдер.

1. Диқаншы жерін мақтайды,

Балықшы көлін мақтайды

2. Етікшіні балға мен біз асырайды.

3. Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.

4. Бағбан болсаң бақ өсір,

Балама деп тағы өсір

5. Диқан еккенін жейді,

Жылқы тепкенін жейді

6. Шопан өсірген қойын айтар

Өлеңші өлең айтқан тойын айтар.

Мұғалім: Ал енді, «Иә, жоқ» ойынын ойнайық. Жауабы дұрыс болса - қолымызды жоғары көтереміз, жауабы дұрыс болмаса - отырамыз.

Наубайшы сиыр сауады

Жүргізуші адам тасиды

Етікші моншада істейді

Кітапханашы хат тасиды

Бағбан бақты күтеді

Дүкенші тоқаш пісіреді

Дәрігер адамдарды емдейді

Аспазшы нан пісіреді

4-тапсырма. Берілген жұмбақтарды шешіңіздер.
Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді (ұстаз)


Адамның жүзін,

Басы мен көзін.

Айнытпай келбетін,

Салатын кім суретін? (суретші)


Құрылысшы үй салады,

Жүргізуші көлік жүргізеді,



Дәмді асты кім дайындайды? (аспазшы)

Сабақты қорыту: бүгін сабақта не үйрендік? Не білгілерің келеді?

Үй тапсырмасы: таңдаған мамандық бойынша шағын шығарма жазу.

Бағалау.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет