Сабақтың тақырыбы: Миграция Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/3
Дата21.01.2024
өлшемі0.78 Mb.
#489548
түріСабақ
1   2   3
КТ 11- сынып 23.01.24

Әлемде қанша мигрант бар?
Ғаламшардағы әрбір 7-ші адам мигрант. Жердегі 7 млрд адамның
1 млрд-қа жуығы көшіп-қонып өмір сүретін көрінеді. Олар, негізінен, ішкі қөші-қонға жатады. Халықаралық мигранттардың саны – 278 млн адам. Мұндай мәліметтерді семинарда ХКҚҰ-ның Венадағы өңірлік кеңсесінің еңбек мобильділігі (ұтқыр­лығы) және адами даму жөніндегі бас маманы Майкл Ньюсон жария етті. Оның айтуынша, әсіресе, Азиядағы урбандалу үдерісі деңгейінің күрт өсуі есебінен мигранттардың ағыны күшейе түсуде. Негізінен, адамдар ауылдардан қалаларға көшіп жатыр.
«Қазір әлемдегі мигранттардың ең үлкен ағыны Қытайда байқалады. Қытайлар ауыл шаруашылығы аймақтарынан өнеркәсіптік аймақтарға көшуде. Атап айтатыным, адамдар кедей елдерден бай елдерге көшіп жатыр деген пікір ескірді. Бүгінгі таңда әлем халқының 38 пайызға жуығы дамушы елдерден дамыған елдерге, 35 пайызы дамушы елдерден өзге дамушы елдерге, 23 пайызы дамыған елдерден өзге дамыған елдерге, 6 пайызы дамыған елдерден дамушы елдерге қоныс аударуда. Көпшілік жағдайда миграция өңірлік деңгейде орын алады. Мигранттардың негізгі бөлігі өзге қалалар мен елдерге жұмыс істеу мен өмір сүруге қолайлы жағдай іздеп аттанады. Азияда 63 млн мигранттар бар, олар негізінен Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда көшіп-қонып жүр. Мигранттардың 48 пайызы – әйелдер, олар ерлермен қатар өзінің отбасын асырау үшін табыс табады» деді Майкл Ньюсон.
Халықаралық сарапшының пайымдауынша, ешбір мемлекет миграциядан қашып құтыла алмайды, бірақ белгілі бір жағдайларда ол қажет. – Мәселен, Еуропада 2050 жылдарға қарай халықтың қартаюы есебінен 50 млн иммигранттарға деген жұмыс күшінің тапшылығы қатты сезілетін болады. Қазір дамыған елдерде халықтың қартаюы ең басты мәселеге айналды. Сол себептен, жұмыс күшінің тапшылығын мигранттар есебінен толтыруға мүмкіндік зор. Мысалы, Польшада 1 млн-нан аса мигранттар жұмыс істейді. Алайда кез келген елге жұмыс істеуге келген адамның ортаға бейімделуі, сондай-ақ жергілікті қоғамға интеграциялануы аса маңызды мәселе болып табылады. ХКҚҰ интеграцияны екі жақты үдеріс ретінде қарастырады. Ең бастысы, сол елге келген мигрант та, оны қабылдаған қоғам да әлеуметтенуі керек, – деп түсіндірді мәселені М.Ньюсон.
Соңғы жылдары Орталық Азия аймағында осал мигранттарға көмек көрсетуде ХКҚҰ аса маңызды рөл атқарып отыр. Бұған делел, ХКҚҰ-ның Орталық Азиядағы жобалары шеңберінде бүгінге дейін 12 мың адам көмек алған. Әсіресе, ҮЕҰ-лар адам саудасының құрбандары мен осал мигранттарға әртүрлі қызмет көрсетуде айтарлықтай үлес қосыпты. Аталған қызмет түрлеріне: құқықтық мәселелер, мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділік, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес беру, тіл үйренетін курстарға тіркелу және кәсіби дайындықтан өтуге, жабдық алуға немесе бизнесті жоспарлау­ға көмек беру, азаматтық және құқықтық мәдениетті нығайтуға, мигранттардың балаларын мектепке орналастыруға, медициналық қызмет алуға жәрдемдесу және т.б. жатады.

Терминдер мен ұғымдар, тілдік оралымдар

Мағынасы

Автордың қолдану мақсаты










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет