Пәнаралық байланыс
|
Жасушалардың санының өзгеруін қарастыру арқылы математика пәнімен байланыс орнатылады.
|
Алдыңғы білім
|
Хромосомадағы ДНҚ –ң генетикалық материалының рөлін, жыныстық және сомалық жасушалардағы хромосома санын, ағзалардың өсу және даму үдерістерін біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақ қезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Оқыту көздері мен ресурстар
|
Сабақтың басы
|
0-4 мин
|
Оқушылармен тірі ағзалардың тіршілік етуінің түпкі мақсаты неде сұрағы талқыланады. Әр тірі ағза өзінен кейін ұрпақ қалдыру арқылы жер бетіндегі тіршіліктің жалғасуын қамтамасыз етеді деген қорытынды шығарылады. Жасуша қалай көбейеді сұрағы талқыланып, оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылып, бағалау критерийлері анықталады.
|
презентация
|
Сабақтың ортасы
|
4-12 мин
|
Мұғалім таныстырылымның көмегімен митоз бен мейоздың маңызын түсіндіреді.
Оқушыларға митоз бен мейозбен бөлінетін жасушалардағы хромосома сандары бойынша моделдеп түсіндіру тапсырмасы ұсынылады.
Митозбен бөлінетін жасушада бастапқыда диплоидты жиынтық болады, ал мейозбен бөлінетін жасушада гаплоидты жиынтық болады. Мысалы, адам жасушалары алынса онда сомалық жасушада 46 хромосома, ал жыныстық жасушада 23 хромосома болуы тиіс. Оқушылар өз моделдерін пайдалана отырып митоз бен мейоздың ерекшеліктерін ауызша сипаттап түсіндіреді.
Мұғалім тиісті кері байланысты ұсынады.
|