Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың бөлінгіштігі Сілтеме



бет10/46
Дата08.09.2023
өлшемі1.45 Mb.
#476874
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
математика 6 сын қмж (1)

а : в = c : d

a * d = b * c

шеткі мүшелері


Пропорцияның негізгі қасиеті:
Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.
Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесі оның шеткі мүшелерінің көбейтіндісін белгілі ортаңғы мүшесіне бөлгенге тең.
Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесі оның ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісін белгілі шеткі мүшесіне бөлгенге тең.
Пәні математика Класы 6 «А» 26.09.2015
Сабақтың тақырыбы: 1.5. Процентке берілген есептерді пропорцияны пайдаланып шығару.
Мақсаты мен міндеті:

  • оқушыларға тақырыпты жан-жақты меңгерту, қосымша мағлұмат беру;

  • Процентке берілген есептерді пропорцияны пайдаланып, есептер шығартуға қалыптастыру;

  • Адамгершілікке, жауапкершілікке, көмектесуге тәрбиелеу.

Нәтижесі: тақырыпты меңгертіп, тәсілдерді пайдалана отырып, пропорцияның негізгі қасиеттеріне есептер шығаруға дағдыланады.
Түйінді идея: білмегенді меңгеру, ерлікпен тең.

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті
Не істеймін?

Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

5 мин
10 мин
15 мин

2 мин

7 мин
4 мин

2 мин


І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу
Топқа бөлу
Әр топқа жақсы тілектер айтқызып, сабақты бастау
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау.
1. Пропорция дегеніміз не?
2. Пропорцияның негізгі қасиетін айтыңдар.
3. Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін қалай табамыз?
4. Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін қалай табамыз?
ІІІ. Мағынаны тану.
Топтық жұмыс.
1-топ. Пропорцияны пайдаланып, берілген санның процентін табу.
2-топ. Пропорцияны пайдаланып, проценті бойынша санды табу.
3-топ . Пропорцияны пайдаланып, екі санның проценттік қатынасын табу.
Класс жұмысы. №118-120
Топтық жұмыс
1-топ. №121
2-топ. №122
3-топ . №123
4-топ. №124
ІҮ. Сабақты қорытындылау:
Пропорцияны пайдаланып, берілген санның процентін табу.
Пропорцияны пайдаланып, проценті бойынша санды табу.
Пропорцияны пайдаланып, екі санның проценттік қатынасын табу.
Рефлексия «БҮҮ»
Ү. Үйге тапсырма.
№125

ҮІ. Бағалау.


Топты бағалау.

Оқушылар сәлемдесіп, топқа бөлінеді.
Әр топ бір-бірлеріне жақсы тілек айту арқылы сәттілік тілейді.
1. Пропорция дегеніміз не?
2. Пропорцияның негізгі қасиетін айтады.
3. Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін қалай табады.
4. Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін қалай табады.
Берілген тапсырманы оқушылар орындарында орындап, тақтаға шығып қорғайды. Әр топ дұрыс жауапқа құрмет белгісі ретінде 1 шапалақ соғады.

Үйге тапсырма белгілеп алады.


Топтар бірін-бірі бағалайды.

Әр түрлі смайликтер

А-3, маркер, стикер, бояулар.



Жауаптары:
Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.
Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесі оның шеткі мүшелерінің көбейтіндісін белгілі ортаңғы мүшесіне бөлгенге тең.
Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесі оның ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісін белгілі шеткі мүшесіне бөлгенге тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет