Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№9-тапсырма.
Эвфемизм және дисфемизм сөздердің ортақ белгілерін, айырмашылықтарын мына сызбаға түсіріп жаз.
Үлгі: Эвфемизм: сыпайы.
Ортақ белгі: ойды бейнелейді. Дисфемизм: әдепсіз.
|
«ВЕНН» диаграммасы:
Берілген тапсырма бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтып береді
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл.
-ұқсастық-тарын анықтайды.
-айырмашы-лықтарын айтып береді.
|
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
|
№10-тапсырма.
«Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар» тақырыбына өздерің білетін тарихи тұлғалар туралы мәліметтерді жан-жақты, әр қырынан салыстырып, анықтаңдар, зерттеу жүргізіңдер.
|
Айтылым:
«Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар» тақырыбына өздерің білетін тарихи тұлғалар туралы мәліметтерді жан-жақты, әр қырынан салыстырып, анықтаңдар, зерттеу жүргізеді.
|
|