Сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
№8-тапсырма.
Сөйлемдерден дисфемизм сөздерді тап және қандай мағынада жұмсалып тұрғанын түсіндір.
Сумақай қоймашының ол сөзіне бұл күлген де қойған. Бірақ, байқады, осы жаман неменің жүріс-тұрысы әлгі ақсақтың айтқанының алдыңғысынан гөрі соңғысына көбірек келіңкірейді (Ә. Кекілбаев). – Ей, мынау кім? Қайдан ерттің? Түу, өзі сап-сары, – деп шайпу мінезбен Мысықты бір нұқып қалды. – Өй, жынды, есерсоқ неме! Әрі кет, мұнда нең бар? – деп Шоқан тұра ұмтылып еді, қашып үйге кіріп кетті (С. Бегалин).
|
|