Сабақтың тақырыбы Оралхан Бөкейдің «Атау кере»


Қабырғада ілінетін сөздер



бет2/12
Дата07.09.2023
өлшемі1.01 Mb.
#476800
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1690398515 mzh-14

Қабырғада ілінетін сөздер:

«Атау кере» повесіндегі өнімді көркемдік тәсілдің бірі – Оралхан Бөкейдің қаламына, оңтайлы әдеби шешім – психологиялық талдау. Жазушы Нюра кемпірдің ішкі ойлары арқылы тұтас бір дәуірдің қайшылықты өмір ағысында арпалысқан адам образдарын ашу амалдарына жол табады.

Ешкімге қылдай қиянаты жоқ, білімді, алғыр, адал жас адам – Таған айықпас дерт – маскүнемдікке түсті. Жүрек қан жылайтын, күйзелетін ауыр күй. Ақиқат. Кеңестік кезеңнің бейбіт бір күндерде бел алып кеткен ауыр кесапаты.

Алтай – ата-бабаның алтын ұясы. – Қайран, Алтай – сол Алтай – сол Алтайдың аяулы адамдары Тағанды да айықпас кеселден біртіндеп арылтады. Жазушы жас адамның арылу, тазару жолын шынайы, шым-шымдап баяндайды. Тағанға бала күнгі досы Ерік қай пиғылмен болса да қол созған.

Оралхан Бөкей өзінің жазу машығындағы оңтайлы көркемдік тәсілдің бірі – ой ағынын пайдаланған. Бір жұтым сыраға үздігіп, өң мен түсті айыра алмай есалаң болып қалған, әйтеуір кеудесінде жан бар тірі өлік Тағанның сырын жазушы көпке шейін жасырып отырады. Бұл – маскүнем адамның болмысына орайластырылған шынайы өмірлік жағдайлардан туындаған мығым логика.

Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде бірнеше әлеуметтік өзекті күйді арқау етеді. Арғы тарих та, адамның ар алдындағы жауапкершілігі де, белгілі бір кезеңнің саяси, шаруашылық ахуалы да, жалпы адамзаттық адамсүйгіштік аңсар да – барлығы қосақабат тау арасындағы оқшау өмірдің ішті қазандай қайнатып жатқан өкініш, үміт, өтірік пен шындық, жақсы мен жаман, ақ пен қара араласқан өмірінің фонында айтылып ашылады.

Оралхан Бөкей – ой айтуға бейім жазушы. Қаламгердің оңаша күн кешетін кейіпкерлері ұдайы ой қамауында жүретіндігі иланымды. Өз кеудесін күйдірген өткір әлеуметтік, адамгершілік проблемалар ды жазушы кісікиіктеу табиғатымен дараланып отыратын кейіпкерлер шоғырында солардың іс-әрекет, ой-пайым, дүниетаным иірімдерінде көтеріп, қозғап отырды.

Жазушы көксеген жан тазалығын, ар тазалығын, маңдай термен нан табудың мехнат-рақатын, ұлттық мүдделер, ұлттық рух идеалын оның әрқилы тағдыр, әр қалыпты ғұмыр кешіп жатқан кейіпкерлері өмірлік мұрат еткен.

Нюра – науқас адам. Төсек тартып жатыр. Көбіне жалғыз қалады. Ондайда ой қамайды. Өткен-кеткен есіне түседі. Өткен өмір дегені «көппен көрген ұлы той» – сонау бір жылдардағы төңкерістің, ақ пен қызылдың, кәмпеске, ашаршылықтың заманы. Адамзатқа тажал болған соғыстың естелігі. Нюра кемпірдің ойы бітпейді. Ұзақ тарихты түгендеп шығады. Жазушы осы тәсілімен белгілі бір кезең, уақыттардың жалпы мінезін, қоғам, заман құрсауындағы адамдар мінезін ашады.

Байқап отырсақ, жазушының мәңгілік әлеміндегі жалғыздық образы оның әр шығармасынан көрінеді. Жазушы кейіпкерлері шетінен сыршыл, мұңшылдау, нәзік жүрек иелері. Олар әлденеге алаңдаулы, шерлі. Неге? Сөйтсек, мұның барлығы жазушының өз мұңы, өз сыры, халық трагедиясы екен ғой...

https://adebiportal.kz/kz/news/view/19256





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет