Алтай – ата-бабаның алтын ұясы. – Қайран, Алтай – сол Алтай – сол Алтайдың аяулы адамдары Тағанды да айықпас кеселден біртіндеп арылтады. Жазушы жас адамның арылу, тазару жолын шынайы, шым-шымдап баяндайды. Тағанға бала күнгі досы Ерік қай пиғылмен болса да қол созған.
Оралхан Бөкей өзінің жазу машығындағы оңтайлы көркемдік тәсілдің бірі – ой ағынын пайдаланған. Бір жұтым сыраға үздігіп, өң мен түсті айыра алмай есалаң болып қалған, әйтеуір кеудесінде жан бар тірі өлік Тағанның сырын жазушы көпке шейін жасырып отырады. Бұл – маскүнем адамның болмысына орайластырылған шынайы өмірлік жағдайлардан туындаған мығым логика.
|
Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде бірнеше әлеуметтік өзекті күйді арқау етеді. Арғы тарих та, адамның ар алдындағы жауапкершілігі де, белгілі бір кезеңнің саяси, шаруашылық ахуалы да, жалпы адамзаттық адамсүйгіштік аңсар да – барлығы қосақабат тау арасындағы оқшау өмірдің ішті қазандай қайнатып жатқан өкініш, үміт, өтірік пен шындық, жақсы мен жаман, ақ пен қара араласқан өмірінің фонында айтылып ашылады. Жазушы көзбен көріп, жанымен сезініп отырған өз уақытының рухани дағдарыстарына, қазақ үшін қайырсыз болған қасіретті тұстарына қайырылып отырып, тау арасындағы оқшау өміріне дән риза омарташы Еріктің, оның сұлу да, сырлы келіншегі Айнаның анасы Нюраның, кездейсоқ келіп қосылған кешегі ержігіт – бүгінгі еңсесі түскен Тағанның тағдыр сырлары, әрекет, аңсарлары ауқымында көркемдік кеңістікке алып шыққан.
|
Оралхан Бөкей – ой айтуға бейім жазушы. Қаламгердің оңаша күн кешетін кейіпкерлері ұдайы ой қамауында жүретіндігі иланымды. Өз кеудесін күйдірген өткір әлеуметтік, адамгершілік проблемалар ды жазушы кісікиіктеу табиғатымен дараланып отыратын кейіпкерлер шоғырында солардың іс-әрекет, ой-пайым, дүниетаным иірімдерінде көтеріп, қозғап отырды. Жазушы көксеген жан тазалығын, ар тазалығын, маңдай термен нан табудың мехнат-рақатын, ұлттық мүдделер, ұлттық рух идеалын оның әрқилы тағдыр, әр қалыпты ғұмыр кешіп жатқан кейіпкерлері өмірлік мұрат еткен.
|
Нюра – науқас адам. Төсек тартып жатыр. Көбіне жалғыз қалады. Ондайда ой қамайды. Өткен-кеткен есіне түседі. Өткен өмір дегені «көппен көрген ұлы той» – сонау бір жылдардағы төңкерістің, ақ пен қызылдың, кәмпеске, ашаршылықтың заманы. Адамзатқа тажал болған соғыстың естелігі. Нюра кемпірдің ойы бітпейді. Ұзақ тарихты түгендеп шығады. Жазушы осы тәсілімен белгілі бір кезең, уақыттардың жалпы мінезін, қоғам, заман құрсауындағы адамдар мінезін ашады.
|
Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан экологиялық апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше. Экзистенциализм еуразиялық әдебиеттің, театрдың, басқа да өнер салаларының дамуына ықпал етті. Қорқынышқа байланысты көптеген шығармалар туындап, оны жеңу, адамгершілік құндылықтарды адам тіршілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақырыпқа айналды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |