Сабақтың тақырыбы: Қоршаған дүние (әлем). Ө.Қ. Н



бет7/49
Дата21.11.2023
өлшемі334 Kb.
#483996
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Дүниетану пәнінен сабақ жоспары "Қоршаған дүние (әлем)". (1 сынып)

VI Дәптермен жұмыс
Жыл мезгілдері Күз, қыс, көктем, жаз
VII Жыл мезгілдерін белгілеу Жыл мезгілдеріне орай шеңбердің ішіндегі дөңгелектерді бояу.

VIII Тез ойла, сөз ойла
Күз мәтінін құру
Берекелі......... келді. ............. жылы жаққа қайтты. Айгүл.......... терді. Біздің бақта............ пісті. Базарда..................... көп.
Керек сөздер: Күз, құстар, алма, жемістер, көкөністер

ІХ «Нені жақсы көреді?» ойыны
Тышқан ------ Бал
Кірпі ------------- жаңғақ
Қоян --------------- ірімшік
сиыр ------------------ сүйек
аю ------------------ алма
тиін --------------- сәбіз
ит -------------- шөп

Х Ертегі «Ауа, су және жарық»
Ерте, ерте, ертеде. Осыдан көп жыл бұрын су болмапты. Құстар шөлден қаталапты. Ағаштар қурап қалады, гүл солады. Шаршаған құстар желден көмек сұрайды. Көмектесуге уәде берген жел күнге келеді. Күн көлдердің суын қыздыра бастады. Су тамшылары буға айналып, аспанға көтерілді. Ол жерде тамшылар бір - бірімен қосылып бұлтқа айналады. Жерге жауын жауды. Жер рахаттана демалды.

ХІ «»Ағашта не өседі? Не өспейді?» ойыны.
Өседі: алмұрт, шие, өрік, апельсин, алма, жүзім
Өспейді: Баклажан, пияз, қызанақ, асқабақ, сәбіз

ХІІ Сабақты бекіту
Күз мезгіліне: қыркүйек, қазан, қараша айлары жатады.
Қыс мезгіліне: Желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары жатады.
Көктем мезгіліне: наурыз, сәуір, мамыр айлары жатады.
Жаз мезгіліне: маусым, шілде, тамыз айлары жатады.

ХІІІ Үйге тапсырма
Жыл мезгілдері оқу.
ХІҮ Білімдерін бағалау.
Пән: Дүниетану
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Адам денесінің бөліктері
Сабақтың мақсаты: 1 Сезім мүшелері және оның қызметі туралы түсік беру. 2 Логикалық ойын, сөздік қорын қалыптастыру. Танымдылық қабілетін д 3.Құлақты үшкір затпен шұқуға болмайтынын түсінідіріп, оны күтуге үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет