«Жүрекпен тілек» әдісі арқылы бір-біріне тілек тілейді.
Жаңа білім
10 минут
|
Білу және түсіну
Қызығушылықты ояту.
Жұмбақтар:
1. Дауылға да, аязға да,
Шыдап бағар міз бақпай.
Тау етегі тұрағы,
Жап - жасыл боп тұрады. (Қарағай)
2. Қысы - жазы шешпейтін,
Көйлегі бар жасылдан.
Өзгертпейді еш кейпін,
Жаралғандай асылдан. (Шырша)
3. Бұтағы ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп ашып үлгірсек (Бүлдірген)
4. Өзіне шап - шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап. (Бақбақ)
Жұмбақтар шешілген соң, қарағай, шырша, бүлдірген, бақбақ суреттерін тақтаға ілінеді.
- Балалар осы тақтаға ілінген суреттер нелерге жатады?
- Өсімдіктерге жатады.
- Өсімдіктер қандай табиғатқа жатады?
- Өсімдіктер тірі табиғатқа жатады.
Өсімдіктер - табиғаттың жанды денелері. Олар қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қурайды. Өсімдіктердің өсуіне топырақ, су, жылу, ауа, күн көзі керек.
Балалар бүгінгі күннің жадын жазайық.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Өсімдіктер әлемі»
Тыңдалым. Үнтаспа тыңдау
Ендеше оқушылар бүгінгі тақырыпты меңгеру үшін үнтаспадан үзінді тыңдайық.
|
Жұмбақтардың жауабын шешеді
Сұрақтарға жауап береді
Жаңа тақырыппен таныс болады
Үнтаспадан тыңдайды
|
Ортасы
10 минут
|
Қолдану.
Топпен жұмыс.
Оқылым.
Жазылым.
Әр топқа мәтін мен тапсырмалары таратып беріледі.
Бидай – дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі.Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған.
Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған.
Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін. Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, «тритикале» және «булгур» жармасын жасайды. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады.
Биіктігі 40-130 см, тамыр жүйесі - шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры - күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында
3-5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы-ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі.
Айтылым.
Тапсырмалар:
1.Мәтін мазмұнын түсінуге,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.
Не?
Қандай?
Қайда?
Неліктен?
Қалай?
2.Берілген мәтінге сәйкес кіріспе,негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.(ТЖ)
Жоспар
Кіріспе бөлім ____________________________
Негізгі бөлім ____________________________
1.
2.
Қорытынды бөлім ________________________
|
|
3. «Бидай» сөзіне кластер құру
4. «Сұхбат» әдісі. (ТЖ)
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
|
Оқулық,
қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
Мәтінді оқиды
Берілген
тапсырманы жазады
Орындаған тапсырмаларын айтады
|
Бағалау
5 минут
Кері байланыс
3 минут
|
Бағалау парақшасы
Оқушының аты-жөні
|
Алдыңғы сабақты пысықтау
5 балл
|
Топпен жұмыс
5 балл
|
Тапсыр
маларды орындау
5 балл
|
Сұрақ-жауап
5 балл
|
Жалпы балл
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы бағалау.
«Бес саусақ» әдісі
Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
1. «Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?
5. «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.
Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Сабақ аяқталды,Оқушылар!
|
Бағалау парақшасы
Рефлексия
|