13. Сабақты қорытындылау: 1 мин (2%)
Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.
14. Үйге тапсырма беру: 1 мин (2%)
Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.
1. Сабақтың тақырыбы: Ісіктер. Ісік құрылысы. Қатерлі және қатерсіз ісіктер.
2. Сағат саны: 45 мин.
-
Сабақ түрі: Тәжірибелік.
-
Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту: Ісіктердің жіктелу принциптеріне байланысты ісіктердің ерекше өсуі туралы оқып білу, морфологиялық сипаттамасына қарай ажырата алу қажет. Ісіктерді қатерлі және қатерсіз ісіктерге бөлу олардың диагностикасы, емдеу түрлері және үрдістің ақыр соңын болжамдауға мүмкіншілік береді.
-
Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс
-
Дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,
сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.
Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.
5.Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер:
Негізгі:
Қазақ тілінде:
1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.
Қосымша:
орыс тілінде:
1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995
2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.
3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.
4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин (5,5%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 7 мин (15,5%)
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин (31%)
Қатерсіз және қатерлі ісіктер
Ісіктер клиника-морфологиялық ерекшеліктері тұрғысынан: 1) қатерсіз; 2) қатерлі; 3) өскен жерін зақымдайтын, яғни диструкциялы деп жіктеледі.
Қатерсіз, ягни жетілген ісік толысу деңгейі оні туындатқан тінді көбіне тап басып тануға мүмкіндік беретін жасушалардан құрылады (гомологиялық ісік). Олардың органтиптік және гистотиптік толысуы бұзылады. Ісіктін бұл түрі организмге өлім қатерін туғызбайды және, әдетте метастаз жаймайды. Қатерсіз ісік қаупі, оның дамыған жерінің организм үшін маңыздылығына байланысты болады. Мысалы, мидың қатты қабығының қатерсіз ісігі мен жұлынды қысып, ОЖЖ-ның қызметін зақымдап, туғызуы мүмкін. Қатерсіз ісікте, әдетте малигнизация (лат.malignum - қатерлі), яғни қатерлілену байқайлмайды.
Қатерлі, яғни жетілмеген ісік шамалы немесе мүлде толыспаған жасушалардан құрылып, өзі туындаған тінге (мүшеге) ұқсастығын жоғалтады (гетерологиялық ісік).
Қатерлі ісіктер, әдетте жиі қайталанып (рецидив), өскен жерін қатты зақымдап, зардабы бүкіл организмге ауыр болады.
Метастаздар гематогендік, лимфогендік, имплантациялық және аралас жолмен жайлады.Ісіктің рецидиві (кайталануы) - хирургиялық тәсілмен немесе сәулелік терапияны қолданып жойғаннан кейін, ісіктің сол жерде қайта пайда болуы. Ісік өзінін қалыптасқан аймағында, яғни ісіктік алаңда қалып қойған жекелеген жасушалардан өнеді. Кейде ісік бұрынғы түйінге жақын жерде орналасқан, операция жасағанда толык алынбаған лимфогендік метастаздардан да қайта туындайды.
Қатерсіз ісіктер
Ораганспецификасыз қатерсіз эпителийлік ісіктерге папиллома мен аденома жатады.
Папиллома (лат.papilla- бүр) - жайпақ және өтпелі эпителийден енетін ісік.
Папилломаның пішіні шар тәрізді, тіні қатты немесе жұмсақ, үсті бүрлі, көлемі тары немесе ірі бұршақтай болады. Ол терінің немесе кілегейлі қабықшаның үстінде жіңішке немесе жуан сабақ арқылы жалғасып жайғасады. Ісік қабаты қалыңдап кебейген жамылғылық эпителийден қүралады. Терінің папилломасы түрлі деңгейде касаңдануы мүмкін
Аденома (грекше: aden - без,oma - ісік) - призмалык эпителиймен астарланған мүшелердің кілегейлі қабышасының ісігі. Бітімі айқын шектелген түйін тәрізді, тіні жұмсақ, кескенде ақшыл қызғылт түсті, кейде кисталы болады. Аденоманың көлемі бірнеше миллиметрден ондаған сантиметрге дейін жетеді.
Қатерлі ісіктер
Шала толысқан немесе толыспаған эпителийлік жасушалардан (түпкі немесе ізашар жасушалардан) дамитын қатерлі ісіктер рак деп аталады. Әдетте, рак -қатты немесе жұмсақ, айқын шектелмеген, кейде төңірегіндегі тінмен бірігіп кеткен түйінді құрылым. Оның кесіндісінің ақшылдау түсті бетінен рак шырыны деп аталатын ылайсаңдау қырынды сүйықтық алуға болады. Кілегейлік қабықшалар мен терінің рагы ойылып, жаралар өте ерте кезеңінде қалыптасады. Рактың микроскопиялық нысандары мынадай: «орнындағы рак» (сагсіпота іп зііи); қасаңды және қасаңсыз жайпақ жасушалы (эпидермалық); аденокарценома (безді); шырышты (коллоидты); тығыз (солидты, трабекулалы); ұсақ жасушалы; фиброзды (скирр); медуллалық (аденогендік).
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 15 мин (33,5%)
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау
2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу
Макропрепарат:
А) «Жатыр обыры» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Б) «Аталық бездің цистаденомасы» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Микропрепарат:
А) «Тері папилломасы» препартаттың микроскопиялық зерттеуі
Б) «Сүт безінің фиброаденомасы». препартаттың микроскопиялық зерттеуі
3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин (10,5%)
Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.
Сұрақтар
Сұрақтар.
1.Қатерлі ісіктердің анықтасын беріңіз.
2.Қатерлі және қатерсіз ісіктердің түрлерін атаңыз.
3.Ісіктердің соңы.
4.Ісіктерді жіктеу принциптері.
13. Сабақты қорытындылау: 1 мин (2%)
Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.
14. Үйге тапсырма беру: 1 мин (2%)
Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.
1. Сабақтың тақырыбы: Қанайналым бұзылысы: жалпы және жергілікті қан айналым бұзылыстары, өзара байланысы, жіктелуі. Артериалық және веналық толақандылық
2. Сағат саны: 45 мин.
-
Сабақ түрі: Тәжірибелік.
-
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Тақырыпты білу патологиялық анатомияның жалпы курсындағы басқа тақырыптарды меңгеру үшін, және ауруларының, әсіресе жүрек - қантамыр жүйесінің ауруларының патологиялық анатомиясын меңгеру үшін қажет.
-
Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс
-
Дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,
сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.
Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.
5.Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер:
Негізгі:
Қазақ тілінде:
1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.
Қосымша:
орыс тілінде:
1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995
2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.
3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.
4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин (5,5%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 7 мин (15,5%)
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин (31%)
Қанайналымның бұзылуы
Қанайналымның бұзылуын 3 топқа бөлуге болады
1) қанның толу дәрежесі өзгеретін –толқындылық (артериялық, веналық) пен қаназдық.
2) қан тамырларының өткізгіштігі өзгеретін –қан кету (қан құйылу) мен пламаррагия (плазма ағу)
3) қанның ағысы мен сипатының, яғни реологиясыныңбузылуына негізделген стаз, сладжфеномен, тромбоз бен эмболия
Қанайналымының бұзылуының түрлері бір-бірімен патогенездік әрі себеп салдарлық қатынаста дамиды; мысалы, қан кету, плазмаррагия мен сулы ісіну (отек) толыққандылықпен, тромбоз бен эмболия қан аздықпен, ал тромбоздың өзі стаз бен веналық толыққандылықпен тығыз сабақтас.
Толыққандылық
Толыққандылық (гиперемия) артериялық және веналық түрлерге бөлінеді.
Артериялық толыққандылық.
Артериялық толыққандылық кезінде артериялық қанның келуі үдеп, мүше мен тінде қан молаяды. Қанайналымындағы қан немесе эритроциттер саны көбейсе, артериялық толыққандылықтың жалпы түрі дамып, тері мен шырышты қабықшалар қызарады. Дегенмен, артериялық толыққандылық әр түрлі себептерден дамып, көбінесе оның жергілікті түрі орын алады.
Толыққандылықты физикалық немесе химиялық факторлар әдеттегідей әсер еткенде, улғанда немесе қатты ашуланғанда (рефлекторлық гиперемия), мүшенің қызметі үдегенде (қызметтік гиперемия) дамитын физиологиялың артериялық гиперемияға және кеселді факторлардан дамитын –патологиялық артериялық гиперемияға белінеді.
Этиологиясы мен даму механизмдері тұрғысынан патологиялық артериялық гиперемияның ангиневрозды (нейропараличтік), коллатеральдық, анемиядан кейін (постанемиялық), вакаттық, қабынулық, артерия-веналық жыланкөздегі түрлері ажратылады.
Ангионевроздық (нейропараличтік) гиперемия қан тамырын тарылтатын нерв тітіркенгенде немесе қан тамырын кеңітетін нервтің параличінен дамиды. Тері кілегейлі кабықшалар қызарып, шамалап ісінеді, жылиды тіпті қызады. Гиперемияның бұл түрі дененің иннервациясі бұзылған жерінде, симпатикалық жүйке жүйесіні түйіндерін зақымдайтын кейбір инфекциялық ауруларда беттің терісі мен кілегейлі қабықшасында байқалады. Ол әдетте тез әрі зардапсыз өтеді.
Коллатеральдық гиперемия қанның тромб немесе эмбол бітеген артерияның магистрал бағаны арқылы жүруі қиындағанда дамиды; ондайда қан ағысы коллатеральдық (айналма) қан тамырлар арқылы жүзеге асады. Өйткені коллатеральдардың саңылауы кеңіп, артериялық қанның ағысы үдеп, тінге келетін қанның мөлшері көбейеді.
Анеминдан кейінгі (постанемиялық) гиперемия артерияны қысып, тінге келетін қанды азайтқан себепті (ісік, куысқа жиналған сұйықтық, лигатура, т.б.) күрт жойған кезде дамиды. Ондайда бұрын қансыз қалған тамырға қан күрт толып, жыртып, қан кетеді, ал қанның ағысының бағыты кенеттен өзгерген басқа мүшелерде, мысалы мида қан азаяды. Сондықтан дене қуыстарындағы сұйықтықты шығару, ірі ісікті алу, жгутты шешу сияқты әрекеттерді баяу орындаған дұрыс.
Вакаттық гиперемия (латынша: vaccus - бос) барометрлік кысым төмендегенде дамиды. Оның жалпы түрі бар; ол мысалы, жоғары қысымды ортадағы сүңгуірді немесе кессондық жұмысшыны тым жылдам көтергенде байқалады. Ондайда гиперемияға газды эмболия қосарланып, қан тамырларында тромб қалыптасады, қанды дақтар пайда болады.
Қабынулық гипермия қабыну үдерісіне тән («Қабынуды» қара)
Артериялық -веналық жыланкөздегі гиперемия. Оқпен немесе басқа себептен жарақаттанғанда артерия мен вена саңылаулары қосылып ортақ саға түзссе, артериялық қан вена арқылы ағатын болады.
Әсері. Патологиялық артериялық гиперемияның әсері ең алдымен оның түріне байланысты. Мысалы, коллатеральдық гиперемия магистрал артериясы бітелген жерлерде қанмен қамтасыз етіп компенсациялық рөль атқарады. Қабынулық гиперемия - қорғаныс-бейімделулік мәні бар қабыну үдерісінің міндетті құрам бөлігі. Ал вакаттық гиперемия кессондық ауруға тән үдеріс.
Веналық толыққандылық
Веналық толыққандылық кезінде қанның әкетілетін мөлшері азайып (әкету қыйын), мүше мен тінге жиналады. Бірақ келетін қанның мөлшері өгермейді де, азаймайды да. Сондықтан іркілген веналық қан (іркілулік гиперемия) веналар мен капиллярларды кернеп, гипоксия дамып капиллярлардың базал мембранасының өткізгіштігі артады
Веналық гиперемияның жалпы және жергілікті түрі болады.
Веналық жалпы толыққандылық.
Веналық жалпы толыққандылықтың дамуына жүрек патологиясы, яғни жүрек қызметінің (жүрек-тамыр) жедел немесе созылмалы жеткіліксіздігі себеп болады. Веналық толыккандылық жалпы немесе жергілікті болуы мүмкін.
Веналық жалпы жедел толыққандылық - жүрек қызметінінің жедел жеткіліксіздігі деп аталатын синдромның (миокардтың инфарктыдан жиырылу қабілетінің жеткіліксіздігі, жедел миокардит) бейнесі. Нәтижесінде, тін-қанаралық (гистогематикалық) бөген гипоксиядан зақымдалып, капиллярлардың өткізгіштігі күрт артады да, плазма сіңген тіндер суланып ісінеді, диапедездік қанды дақтар пайда болады, паренхималық мүшелерде дистрофиялық және некроздық өзгерістер өрістейді. Веналық қан жедел ірікілген мүшенің құрылым-әрекеттік.
Веналық жалпы созылмалы толыққандылық жүректің бірқатар созылмалы ауруларының (кемістік, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы миокардит, эндокард фиброэластозы, т.б.) асқынулық зардабы - жүрек қызметінінің созылмалы (жүрек-тамыр) жеткіліксіздігі синдромына тән. Оның даму барысында мүшелер мен тіндерде ауыр және қайтымсыз өзгерістер қалыптасады. Гипоксия ұзақ мерзімді болғандықтан, плазмаррагия, суланып ісіну, стаз, қан дақтары дамып қана қоймай, атрофиялық және склероздық үдерістер өрістейді. Өйткені созылмалы гипоксия фибробластылар мен фибробласт тектес жасушалардың коллаген түзу әрекетін жандандырып, данекер тін талшықтары көбейеді, яғни склероз дамиды. Стаз (латынша: stasis - тоқтау) - микроцеркуляциялық арнаның тамырларында, әсіресе капилярларда қан ағысының тоқтауы.
Қан ағысының тоқтауы, әдетте, оның күрт бәсеңдеуінеі басталады; ол стазалдылық ахуал, яғни престаз деп аталады.
Сладж-феномен (ағылшынша: sludge- батпақ) феноменнің басты ерекшеліктері - эритроциттердің, лейкоциттердің немесе тромбоциттердің бір біріне жабысып қан плазмасының тұтқырлығы артқандықтан, қанның микроциркуляциялық арна тамырлары арқылы ағысы қыйындайды. Сладж-феномен - стаздың бір түрі.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 15 мин (33,5%)
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау
2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу
Макропрепарат:
А) « Миға қан құйылу» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Микропрепарат:
А) «Өкпенің веналық толақандылығы» препартаттың микроскопиялық зерттеуі
Б) «Мидың ұсақ қан тамырларының стазы». препартаттың микроскопиялық зерттеуі
3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин (10,5%)
Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.
Бақылау сұрақтары.
1. Артериалық толақандылықтың анықтамасы.
2. Артериалық толақандылықтың себептерін атаңыз.
3. Артериалық толақандылықтың түрлері.
4. Артериалық толақандылық кезіндегі морфологиялық сипаттамасы.
5. Артериалық толақандылықтың ақыр соңы.
6. Веналық толақандылықтың анықтмасы.
7. Веналық толақандылықтың себептерін атаңыз.
8. Веналық толақандылықтың түрлері
9. Веналық толақандылықтың морфологиялық сипаттамасы
10. Веналық толақандылықтың асқынуы мен ақыр соңы
11. Инфарктың анықтамасы.
12. Инфарктың даму кезеңдері және механизмі, себептері.
13. Сабақты қорытындылау: 1 мин (2%)
Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.
14. Үйге тапсырма беру: 1 мин (2%)
Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.
1. Сабақтың тақырыбы: Жүрек – қантамыр жүйесінің аурулары: Эндокардит, миокардит. Себебі, даму механизмі, морфологиясы, шешімі. кардиосклероз. Атеросклероз Гипертониялық ауру, клинико – морфологиялық түрлері. ЖИА, СЖИА, морфологиялық сипаттамасы, асқынуы, өлім себебі
2. Сағат саны: 45 мин.
-
Сабақ түрі: Тәжірибелік.
-
Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту: Тақырыпты білу басқа жалпы курсты меңгеру, сонымен қатар жалпы патологиялық анатомияны, әсіресе жүрек қан тамыр жүйесін, инфекциялық сырқаттарды оқып үйрену үшін қажет. Тақырыпты білу тәжірибелік жұмысында клинико- анатомиялық талдауға және клиникалық дисциплинаны оқу үшін қажет.
-
Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс
-
Дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,
сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.
Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.
5.Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер:
Негізгі:
Қазақ тілінде:
1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.
Қосымша:
орыс тілінде:
1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995
2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.
3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.
4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин (5,5%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 7 мин (15,5%)
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин (31%)
Кардиосклероз (шорланған жүрек) – жүректің бұлшықетті қабатында дәнекер тканьнің көбейіп кетуі. Ол - әдетте, басқа аурулардың салдары ретінде дамитын, екінші ретті процесс.
Патологиялық анатомисы. Кардиосклероздың ошақты және диффузды түрі бар. Кардиосклероз ошақты болса, жүрек бұлшықетінде көлемі әртүрлі ақшыл тыртықтар пайда болады. Ошақтытыртық көбінесе миокард инфарктісінің орнында қалыптасады. Кейде тыртықты ошақ жүрек бұлшықетінің барлық қабатын жайлап, көлемді болады да (ірі ошақты кардиосклероз), ол жерлер қалталана кеңейіп, созылмалы аневризмаға (грекше aneuryno - кеңею) айналады. Тыртықтың төңірегіндегі миокард қалыңдайды. Кардиосклероздың жиірек түрі- ұсақошақты кардиосклероз. Оның даму барысында жүректің бұлшықетті қабатындағы тамырлардың төңірегін қоршап, ақшыл түсті ұсақ ошақтар мен жолақтар қалыптасады. Олар гипоксияның салдарынан дистрофия мен атрофияға шалдыққан немесе мүлдее жойылған бұлшықеттік клеткалардың орнындаөскен дәнекер ткань талшықтарынан түзіледі.Кардиосклероз диффузды болса, дәнекер ткань жүректің бұлшықетті қабатында тым көбейіп, строма біркелкі қалыңдайды. Көбейген дәнекер такнь бұлшықет талшықтарын орап алады, сығымдап, атрофияға ұшыратады.
Морфогенездік тұрғыдан, кардиосклероз постинфарктілік (инфарктіден дамыған), қалпына келтіретін және миокардиттік деп үш түрге бөлінеді. Постинфарктілік кардиосклероз әдетте ірі ошақты, ал қалпына келтіретін – ұсақ ошақты болса, миокардиттік – жүрек бұлшықетін біркелкі қамтып, диффузды түрде өрістейді.
Клиникалық мәні. Кардиосклероз миокардтың жиырылу күшін кемітіп, оның қызметін жеткіліксіз етеді жәнежиырылу ырғағын бұзады. Ірі ошақты постинфарктілік кардиосклероз жүректіңсозылмалы ағымды аневризмасына ұласады.
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары
Жүрек-тамыржүйесінің аурулары адамның бүгінгі таңдағы патологиясында басты орын алады. Статистикалық деректер атеросклероз, гипертонияауруы, жүректің ишемиялық ауруы мен жүрек кемістіктері сырқаттануының басым көпшілігін қамтып, өлім- жітімінің де негізгі себебі екендігі дәлелдейді.
Ең маңызды жүрек-тамыр ауруларының қатарына эндокардит, миокардит, жүректің әртүрлі кемістіктері, кардиосклероз, атеросклероз, гипертония ауруы, жүректің ишемиялық ауруы менми тамырларының аурулары және васкулиттер жатады.
Эндокардит
Эндокардит- жүректің ішкі қабаты, яғни эндокардтың қабынуы. Ол көбіне бірқатар сырқаттардың, әсіресе инфекциялық аурулардың салдары ретінде дамиды [екінші реттіэндокардит]. Эндокардиттің бактериялық эндокардит, эозинофилді фибропластикалық париеталдық эндокардит сияқты бірінші ретті, яғни дербес нозологиялық түрлері де бар.
Миокардит
Миокардит- миокардтың яғни жүрек бұлшықетінің қабынуы. Ол, әдетте, вирустық (полиомиелит, қызылша, мононуклеоз, вирустық жедел ағымды респирациялық инфекциялар), риккетсиялар (бөртпе сүзек), бактериялық (дифтерия, скарлатина, туберкулез, сифилис, сепсис) және протозойлық (трипаносомоз) инфекциялардың немесе инфекциялы –аллергиялық сырқаттардың салдары ретінде дамиды. Миокардиттің бірінші ретті, дербес түрі-идиопатиялық миокардит деп аталады.
Гипертония ауруы [синонимдері: біріншіретті (эссенциалдық] гипертензия, жоғары қысымды артериялық ауру) – басты клиникалық белгісі артериялық қысымның ұзақ мерзімді, әрі тұрақты түрде жоғарылауымен (гипертензиямен) бейнеленетін созылмалы ағымды сырқат.
Этиологиясы. Гипертонияауруы шектен тыс психика- эмоциялық әсерден жоғары жүйке жүйесі зорығып, невроз тектес сырқат өрістеп, тамырлардың тонусы дұрыс реттелмегендіктен дамиды [Ланг Г.Ф.,1922; Мясников А.Л.,1954]. Тұқымқуалайтын факторлар мен ас тұзын тым көп пайдаланудың әсеріне де зор мән беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |