Сабақтың тақырыбы: Патологиялық анатомия, мазмұны, міндеті. Дистрофия. Жіктелуі. Паренхиматоздық дистрофиялар



бет6/7
Дата16.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#139751
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин (31%)

Бауыр, ұйқы безі мен өтжолдарының қызметі мен топографиялық анатомиясы сабақтас болғандықтан, көбіне бұл ағзаларда дамитын аурулардың патогенезі де өзара тығыз байланысты болатыны түсінікті. Олардың мән-мазмұны мен патогенезін дұрыс ұғынып, айқындау жолдарын жетілдіру үшін биопсия тәсілінің маңызы зор. Көбіне биоптат бауырдан алады.



Бауыр аурулары.

Бауыр аурулары алуан түрлі. Олардың тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын бірінші ретті (бауырдың өзіндік аурулары ) және екінші ретті (бауыр басқа аурулардан зақымдалатын) түрлері бар.

Бауырдың сырқаттарын көбінесе инфекциялар [эпидемиялы гепатит, жедел ағымды сары қалтырау (лихорадка), лептоспироз, описторхиз, сүзек және т.б.], эндогендік (уремия, тиреотоксикоз) және экзогендік (гепатотропты улар, алкоголь, улы тағамдар) улардың әсері дамытады. Қанайналымның (шок, қанның созылмалы іркілуі), тағамның (белок және витамин жетпеуі) мен заталмасу процесінің дұрыс болмауының (заталмасулық сырқаттары) да маңызы зор.

Гепатоз

Гепатоз – гепациттерде дистрофия және некроз процестері басым болатын сырқат; ол тұқымқуалайды немесе жүре пайда болады.

Жүре пайда болатын гепатоздардың жедел және созылмалы ағымды түрлері бар. Жедел ағымды гипатоздардың ішінде ең маңыздысы бауырдың токсикалы дистрофиясы (бауырдың өршімелі көлемді некрозы) болса созылмалы гипотоздың ішінде-майлы гепатоз.

Гепатит

Гепатит – баурыдың қабынуы; оның даму барысында бауырдың паренхимасында дистрофия мен некробиоз өрістеп, стромасына қабыну процесіне тәе клеткалар шоғырланады. Гепатит бірден бауырда басталып, бірінші ретті немесе басқа ауруың көрінісі ретінде байқалып,екінші реттік (салдарлық) түрде дамиды. Гепатит жедел не созылмалы ағымды болады.



Патологиялық анатомиясы. Жедел және созылмалы гепатиттің патологиялық анатомиясында айырмашылық бар.

Этиологиясы мен патогенезі. Гепатит дербес ауру, яғни бірінші ретті гепатит ретінде көбіне гепатотропты вирустың (вирустық гепатит), алкогольдің (алкогольдік гепатит) немесе дәрі-дәрмектердің (медикаменттік –дәрі-дәрмектік гепатит) әсерінен дамиды. Холестаздық гепатитке көбіне клеткадан тысқары (внеклеточный) холестаз бен бауырастылық сарғаю өрбітетін факторлар, кейде дәрі-дәрмектерді (метилтесторон, финотязин туындарының, т.б) әсер себеп болады. Дербес гепотиттердің ішінде ең маңыздары-вирустық және алкогольдык гепотит.

Алкогольдык гепотит.

Алкагольдік гепотит-алкогольдің буырға уытты әсерінен дамитын сырқат; ол жедел және созылмалы ағым болады.

Этиологиясы мен потогенозі. Алкаголь (этанол)-депатоциттерге тікелей уытты әсері бару; ол белгілі мөлшерден асса, бауыр клеткаларын жояды. Этанол зақымда бауырдың клеткаларына (майлы гепатоз, созылмалы гипотит, цирроз кезінде) тезірек және ауырлау әсер етеді. Жедел алкагольдік гепотит қайталана берсе, созылмалы үздіксіз гипотитке ұласады, егер алкагольді ішу мүлде тоқтатылса, оны ағымы қатерсіз бейне алады. Алкагольді ішу одан әрі созылса, қайтамалы жедел алкогольдік гепотит созылмалы үздіксіз гепотитке айналып , кейн порталық цирозға жалғасады.

Бауыр циррозы.

Бауыр циррозы-созылмалы ағымды сырқат; бауыр тыртықтанып, бурісіп, қалыпты құрылысынан тайып, сиықсызданады, біртіндеп қызметінің жеткіліксіздігі байқалады. «Бауыр циррозы» деген атауды 1819жылы Р.Лаэннек ұсынған. Бұлай атағанда ол бауырың морофологиялық бейнесін, яғни оның қатты бұдырлы сарғыш түсін ескерген-ді (гр. Kirrhos-жирен, сарғыш).



Этиологиясы. Даму себептеріне сәйкес церроз: 1) инфекциялық(вирустық гепатит, бауырдың паразит сырқаттары); 2) уытты әсерлік және уытты әсерлі – аллергиялық (алкоголь, өнеркәсіп пен тағамдық улар, дәрі-дәрмектер, аллергия); 3) билярлық (холангит, әртекті холестаз); 4) заталмасу – алиментарлық (белоктар, витаминдер, липотроптық факторлардың жеткіліксіздігі); 5) циркуляциялық (вена қанының бауырға ұзақ іркілуі) түрлерге жіктеледі.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 15 мин (33,5%)

1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау

2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу

Макропрепараттарды зерттеу:

А) «Бауыр ұсақ және ірі түйінді циррозы» макропрепараттың сипаттамасын жазу.

Микропрепарат:

А) « Бауырдың портальды циррозы» препартаттың микроскопиялық зерттеуі

Б) «Бауырдың биллиарлы циррозы» препараттың микроскопиялық зерттеуі

3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин (10,5%)

Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.

Бақылау сұрақтары:

1. алкогольді гепатиттің анықтамасы

2. алкогольді гепатиттің этио патогнезі

3. алкогольді гепатиттің морфологиясы

4. алкогольді гепатиттің асқынуы

5. бауыр циррозының морфологиялық көрінісі

6. бауыр циррозының асқынуы

13. Сабақты қорытындылау: 1 мин (2%)

Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.



14. Үйге тапсырма беру: 1 мин (2%)

Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.




1. Сабақтың тақырыбы: Бүйрек аурулары: Қазіргі кезеңдегі клинико – морфологиялық жіктелуі. Тубулопатиялар. Пиелонефрит: Біріншілікті және екіншілікті, жіті және созылмалы пиелонефрит. Жіті гломерунефрит, созылмалы гломерулонефрит.

2. Сағат саны: 90 мин.

3. Сабақ түрі: Тәжірибелік.

4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: Тақырыпты білу клиникалық кафедраларда бүйрек ауруларын түсіну үшін қажет. Тәжірибелік жұмысында секционды бақылау және бүйрек биопсиясын клинико- анатомиялық талдау жасау үшін қажет.

  • Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс

сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.

Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.



5. Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық

құрылғы.


ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер:

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.

2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.

Қосымша:

орыс тілінде:

1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995

2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.

3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.

4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (5,5%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15,5%)

Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап

күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (31%)

Гломерулонефрит

Гломерунефрит – инфекция- аллергиялық немесе белгісіз себептен дамып, екі бүйректің шумақтары да диффузды яки ошақты түрде, іріңсіз қабынатын (гломерулит) сырқат. Оның клиникалық бейнесі бүйректің өзінің және басқа ағзаладрың қызметінің бұзылуына негізделеді. Бүйректік симптомдарға олиурия, протейнурия, гематурия, цилиндрурия жатса, басқа ағзалар зақымдалғандықтан артериялық гипертония дамып, жүректің сол жақ бөлімі ұлғаяды, диспротеинемия, сусінділену, гиперазотемия мен уремия көрініс береді. Аталған симптомдардың айқындығы әртүрлі, сол себепті, клиникалық тұрғыдан гломерулонефрит гематуриялы неврозды (нефроздық синдром), гипертониялы және аралас түрлерге жіктеледі.



Классификациясы. Гломерулонефритті жіктеу үшін мына белгілер негзге алынады: 1) нозологиялық тегі: бірінші ретті –дербес және екінші ретті – салдарлық гломерулонефриттер; 2) даму себебі: этиологиясы белгілі (әдетте бактериялар, вирустар, қарапайымдар дамытатын) және белгісіз гломерулонефриттер; 3) патогенез: иммундық және бейиммундық гломерулонефриттер; 4) ағымы: жедел, жеделжеу және созылмалы гломерулонефриттер; 5) морфологиясы (қабыну процесінің топографиясы, даму барысы мен шумақтарды қамту сипаты ).

Бірінші ретті гломерулонефриттің этиологиясы . Бірде гломерулонефрит инфекцияның әсерінен дамыса (бактериялық гломерулонефрит) енді бірде инфекцияның әсері мүлде байқалмайды[абактериялық (бактериясыз) гломерулонефрит].

Гломерулонефритті қыздыратын бактериялардың ішінде басты орында β-гемолизді стрептококк (оның нефрит дамытатын түрлері) алады.

Жедел гломерулонефрит көбіне стрептакоктың әсерінен дамиды, сондықтан стрептококтық (бактериялық) гломерулонефрит депте аталады, оның патогенезі қанайналымындағы иммунды кешендердің әсеріне негізделген (иммунды кешендік гломерулонефрит). Әдетте, 10-12 айға созылады.

Жеделдеу гломерулонефриттің дамуына қан айналымындағы иммунды кешшендер мен антиденелердің бүйрек шумақтарына тікелей әсері себеп болады, ол өте жылдам дамып, тез арада бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне ұшыратады,сондықтан оны өте өршімелі гломерулонефрит немесе қатерлі гломерулонефрит депте атайды.

Созылмалы гломерулонефрит латентті (білінбей) не рацидивті (қайталамалы) түрде дамитын дербес сырқат; кейде бірнеше жылға созылып, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне ұшыратады. Оның даму себебі көбіне белгісіз, бірақ даму механизмі терең зерттелген: 80-90 %- ы қанайналымындағы иммунды кешендердің әсерімен тығыз байланысты. Созылмалы гломерулонефриттің екі негізгі морофологиялық түрі бар: мезангилық және фибропластикалы.

Пиелонефрит

Пиелонефрит- инфекциялық сырқат;процесс бүйректің аралық тканін басымырақ зақымдап, оның түбегін, астаушаларын, басқа да тканьдерін қамтиды. Сондықтан да пиелонефрит интерстицийлік (аралық) нефриттер тобына жатады. Ол бір немесе екі бүйректіде зақымдауы мүмкін.

Клиника-морфологиялық тұрғыдан, пиелонефрит жедел және созылмалы ағымды. Созылмалы пиелонефрит көбіесе қайталамалы жедел ағымды пиелонефриттен туындайды.

Этиолоиясы мен патогенезі. Пиелонефрит - инфекциялық сырқат.Оны әртүрлі бактериялар (ішек таяқшасы, интерекокк стрептакокк, стафилакокк, протей, т.б.), әдетте ішек таяқшасы дамытады.

Патологиялық анатомиясы. Жедел және созылмалы ағымды пиелонефрит морфологиялық бейнесінде айырмашылық бар.

Жедел пиелонефрит меңдеген кезде бүйректің толыққанды түбектері мен астаушаларын лейкоциттер жайлайды,кілегейлі қабықшасында некрозды ошақтар пайда болады. Өзекшелердің эпителиін дистрофия шарпып, саңлауын сыдырылған эпителиден түзілген цилиндрлер мен лейкоциттер бітейді. Процесс ошақты не диффузды түрде дамиды.

Созылмалы пиелонефрит кезінде әртүрлі өзгерістер орын алады: әдетте, склероз бен экссудациялы –некрозды процесстер қабат дамиды. Түбектер мен астаушаларға лимфоциттер мен плазмоциттер жиналып, склероз өрістейді, кілегейлі қабықшада полиптер қалыптасып, өтпелі эпителий көп қабатты жалпақ эпителийге айналады (метаплазия). Бүйректің тканьінде созылмалы аралық қабыну дамып, дәнекер ткань көбейеді, іріңдіктер қабықпен жіктеледі, іріңді үлексені макрофагтар сіңіріп, жояды. Дистрофия шарпыған өзекшелер семеді. Зақымдалған өзекшелер кеңейіп, эпителиі аласарады, саңылауына коллоид тәрізді қойыртпақ зат жиналып, бүйректің жалпы құрылысы қалқанша безге ұқсайды («қалқанша без тәрізді бүйрек») әдетте, перикломерулалық және экстракапиллярлық гломерулосклироз байқалады. Артериялар мен веналардың іргесі де шорланады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 30 мин (33,5%)

1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау

2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу

Макропреарат:

А) «Бүйректің бүрісуі» макропрепараттың сипаттамасын жазу.

Б) «Бүйрект тас ауруы» макропрепарат сипаттамасын жазу.

Микропрепарат:

Б) «Бүйрек өзекшелерінің некрозы» препартаттың микроскопиялық зерттеуі


3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 10 мин (10,5%)

Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.



Бақылау сұрақтары.

1. пиелонефриттің анықтамасы

2. гломерулонефриттің анықтамасы

3. пиелонефриттің этио патогензі

4. гломерулонефриттің этио патогенезі

5. пиелонефриттің морфологиясы

6. гломерулонефриттің морфологиясы

7. пиелонефриттің асқынуымен өлім себебі

8. гломерулонефриттің асқынуымен өлім себебі
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.




1. Сабақтың тақырыбы: Әйелдің жыныстық сферасының және сүт безінің аурулары.2. Сағат саны: 90 мин.

3. Сабақ түрі: Тәжірибелік.

4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: Тақырыпты білу клиникалық кафедраларда әйел жыныс ағзасының ауруларын түсіну үшін қажет. Тәжірибелік жұмысында секционды бақылау және жатырдың биопсиясын клинико- анатомиялық талдау жасау үшін қажет.

  • Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс

  • Дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,

сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.

Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.



5. Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық

құрылғы.


ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер:

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.

2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.

Қосымша:

орыс тілінде:

1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995

2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.

3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.

4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (5,5%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15,5%)

Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап

күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (31%)

Жыныс ағзалары мен сүт безінің аурулары

Жыныс безі мен сүт безінің аурулары дисгормондық, қабыну және ісік процестеріне негізделіп, үш топқа бөлінеді. Бұл ағзалардағы өзгерістерді дұрыс сараптау үшін науқастың жас шамасын ескерген жөн.



Жыныс безі мен сүт безінің аурулары дисгормондық аурулары

Жыныс безі мен сүт безінің аурулары дисгормондық ауруларына қуық безінің нодулалық (түйінді иперплазиясы) мен аденомасы, жатырдың кілегейлі қабықшасының безді гиперплазиясы, жатыр монының эндоцервикозы, аденоматозы мен полиптері және емшек безінің қатерсіз дисплазиясы жатады.

Гистологиялық бейнесіне қарай,қуық безінің түйінді гиперплазиясы безді (аденомалы), бұлшықетті –фиброзды және аралас түрлерге жіктеледі.

Безді гиперплазия. Қуық безіндегі бездер көбейіп, көлемі мен құрамы әртүрлі бөлікшелер түзіледі.



Жатырдың кілегейлі қабықшасының безді гиперплазиясы - жиі байқалатын сырқат; организмде гормондар тепе-теңдігі бұзылып, фолликулин немесе сары денешік гормоны (прогестерон) тым көбйгентіктен дамиды. Көбіне жасы кемелденген немесе қартаң әйелдер ауырады. Кейде оған аналық бездің дисфункциясы мен эстрогендік гормон түзетін ісіктер себеп болады. Әдетте, жатырдан қан кетеді.

Безді гиперплазияға ұшыраған жатырдың кілегейлі қабықшасының өзіндік бейнесі бар: қалыңдап, полиптер пайда болады.

Кілегейлі қабықшаның гиперплазиясына қабыну процесі мен қосарланып, склероз дамиды, кейде ол жатыр денесінің карциномасына ұласады. Сондықтан жатырдың кілегейлі қабықшасының гиперплазиясы осы ағзаның ракалдылық процесі деп есептеледі.

Эндоцервикоз.Оның даму барысында жатыр мойнының қынаптық бөлімінің іргесін безді құрылымдар жайлап, сол бездерді астарлайтын эпителийлік қабат өзгереді.

Полип мойнының каналында жиірек, қынаптық бөлімінде сиректеу байқалады. Ол шырыш түзетін призмалық эпителийден қалыптасады.

Жатыр мойнының эндоцервикозы, аденоматозы мен полиптері- ракалдылық процестер.

Сүт безінің қатерсіз дисплазиясының (синонимдары:мастопатия, фиброзды-кисталы ауру) даму барысында эпителий дұрыс жетілмей, атипиялы болып, гистологиялық құрылымы бұзылады, бірақ ол базальдық мембранадан аспайды және кейде кері дами алады. Бұл ауру эстрогендер тепе-теңдігінің бұзылуымен сабақтас.

Мастопатияның екі негізгі түрі бар: пролиферациясыз және пролиферациялы.



Жыныс ағзалары мен сүт безінің қабынулық аурулары

Жыныс ағзаларында дамыған қабыну процесінің көбі туберкулез, сифилис (мерез), гонорея (соз) сияқты негізгі ауруардың бір кқрінісі болып табылады.Олардың ішінде ең маңыздылары- жатырдың кілегейлі қабықшасының қабынуы (эндометрит), сүт безінің қабынуы (мастит), еннің қабынуы (орхит) және қуық безінің қабынуы (простатит).



Эндометрит. Ол жедел және созылмалы ағымды болады.

Жедел эдометриттің біразы жаңа босанғандарда немесе түсіктен кейін, түрлі микроорганиздердің (стрептококк, стафилококк, анаэробтық бактериялардың, ішек таяқшасының) әсерінен дамиды.

Созылмалы эндометрит кілегейлі қабықшаның гиперплазиясына ұласса, гипертрофиялық эндометрит деп аталады. Оны жатырдың кілегейлі қабықшасының гиперплазиясынан ажырату қиын.

Мастит- сүт безінің қабынуы;ол да жедел және созылмалы ағымды. Жедел ағымды іріңді (флегмоналы ) мастит көбіне жаңа босанған әйелдерде, әдетте стафилакоктың әсерінен дамиды. Созылмалы маститтің көбі жедел масттиттен өрбіп, іріңді болады.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 30 мин (33,5%)

1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау

2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу

Макропреарат:

А) «Жатыр түтігінің атрофиясы» макропрепараттың сипаттамасын жазу.

Микропрепарат:

А) «Жатыр безді гиперплазиясы» препартаттың микроскопиялық зерттеуі
3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 30 мин (10%)

Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.


Бақылау сұрақтары.

1. Эндоцервикоздың этио патогенезі

2.. Лейкоплакияның анықтамасы

3.. Лейкоплакияның этио патогенезі

4.. Цервициттің анықтамасы

5.. Цервициттің этио патогенез


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.



14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.



1. Сабақтың тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің аурулары.Акромегалия, гипофиздік ергежейлік. Иценко-Кушинг ауруы. Адипозо – гениталды дистрофия. Қантсыз диабет. Қалқанша без аурулары. Гипо, гипертиреоздар, бүйрек үсті безі аурулары.

2. Сағат саны: 90 мин.

3. Сабақ түрі: Тәжірибелік.

4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: Тақырыпты білу клиникалық кафедраларда ішкі сереция бездерінің ауруларын оқып білу, сонымен қатар тәжірбиелік жұмыста клинико-анатомиялық талдау мен секциялық бақылау үшін қажет.

  • Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың

сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс

  • Дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,

сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.

Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.



5. Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық

құрылғы.


ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер:

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.

2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.

Қосымша:

орыс тілінде:

1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995

2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.

3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.

4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (5,5%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15,5%)
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап

күйінде тексеру.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (31%)

Ішкі секреция бездерінің аурулары

Эндокриндік жүйеге кіретін шеттегі эндокриндік бездер өзара және гипофизбен тығыз байланысты. Бұл жүйенің жұмысын гипофиздің гормондары үйлестіріп отырады. Ал, гипофиздің жұмысына үнемі орталық нерв жүйесі, әсіресе гипоталамус және эпифиз де бірсыдырғы әсер етеді.Эндокриндің жүйе иммундық жүйемен айыршық без арқылы сабақтас. Сонымен, гомеостазды қамтамасыз ететін біртұтас нерв- гуморалды- иммундық реттеуші жүйе бар деуге әбден болады. Эндокриндік жүйеге көптеген ағзалар мен тканьдерде шашырай жайғасқан диффузды эндокриндік жүйе- APUD – жүйе де жатқызылып жүр. Бездердің бірі, әсіресе гипофиз зақымдалса, іле басқа бездердің де құрылысы мен қызметі өзгереді. Бездердің көбі бірден зақымдалып, бұл жағдайдың клиникасы айқын болса ,плюригландулалық эндокринпатия деп талады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет