Лабораториялық- ХІХ ғ. ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лабораторияны ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды.
Тест – белгілі бір сандық сапалық ақпарат береді және күрделі техникалық ақпараттарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ. Тестің түрлері көп (ашық, жабық, жанама, тікелей, интеллектуалды, бланг, аппаратуралық, стандартты, обьективті, проективті, вербалды, т.б.)
Анкета – белгілі бір сұрақтарға жауап беру. сұрақтар алдын-ала даярланады.
Әңгімелесу – алдын ала жоспарланған тақырып немесе мәселе төңірегінде 2 жақты пікір алмасу.
Сұқбат – белгілі бір мәселе жөнінде нақты бір кісінің сұрақ қою, респонденттің жауап беру арқылы болған әдіс.
Моделдеу – жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік және психологиялық нормаларға байланысты. Зерттеуші моделді жасалынады да, респондент сол моделмен салыстырылады. (моделдеуде адамның жаман жағы айтылмайды, бұнда тек %-бен ғана айтылады.
Сұрақ – адамдар берілген сұрақтар реті бойынша жауап береді.
Сұрақнама – анкета, тест, т.б. осы сұрақнаманың түрлері.
Математикалық – статистика – белгілі бір қасиеттің сандық көрсеткіші.
Контент-анализ – белгілі бір іс-әрекет өнімі арқылы адамның қандай екендігі жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне, жүріс-тұрысына т.б.)
Социометрия – (лат. қоғам және өлшеймін)-шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я. Морено (18921974) жасады.
Даму кезеңдері
Психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы. Психологияның дамуы 4 кезеңнен тұрады:
1. Психология – Жан туралы ғылым
2. Психология – Сана туралы ғылым
3. Психология – Мінез-құлық туралы ғылым
4. Психология – Психика механизмдері мен заңдылықтарының фактісінің дамуын зерттейді. зерттейді. Адамның психикасын, психологиялық таным процестерін, психологиялық типологиялық ерекшелігін, жеке адамның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Жаңа тақырыпты бекіту.
Психология деген не?
Психика деген не?
Психологияның қандай салалары бар?
Психологияда қолданылатын негізгі зерттеу әдістері қандай?
Психологияның дамуы 4 кезеңнен тұрады, қандай?
Бақылау дегеніміз не?
Эксперимент дегеніміз не?
Үй тапсырмасы: Дәрісті конспектілеу
Достарыңызбен бөлісу: |