Психологияның зерттеу әдістері
Психология кез келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік:
І. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әртүрлі топтарды салыстыру); Лонгитюдтік «генетикалық жол» әдіс (бір адамды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу-баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді); кешендік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылым өкілдері қатысады, бір обьектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).
ІІ. Эмпирикалық әдістер:Оған бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұқбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау, биографиялық (өмірбаян) әдістер енеді.
ІІІ. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
ІV. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.
1. Негізгі әдістер: Бақылау (іштей, өзін-өзі бақылау; сырттай); Эксперимент (лабораториялық, табиғи)
2. Қосымша: анкета, тест, әңгімелесу, моделдеу, сұқбат, сұрақ, математикалық-статистикалық, конспект-анализ.
Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады:
Өзін-өзі бақылау өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады.
Сыртқы, немесе обьективтік бақылау – фактілер мен құбылыстардың табиғаты психикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Ол: а) сырттай бақыланған мінез көріністері мен әрекетін түсіну; ә) оның ішкі психикалық мәнін ашып көру; б) жорамал жасап, оның анықтығын танып білу. Бақылау бір жағдайда «кесінді» ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі.
Эксперимент-себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:
Зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді.
Эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады.
Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.
Эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.
Орыс ғалымы А.Ф. Лазурский (1874-1917), 1910 ұсынған, эксперимент пен бақылау арасындағы аралықты білдіретін эксперименттің өзіндік бір нұсқасы болып, табиғи эксперимент саналады. Оның негізгі тенденциясы-зерттеулердің эксперименттігін жағдайдың ақиқатпен қиылыстыру. Бұл әдістің мәні мынада. Зерттелетін әрекет жағдайларына эксперименттік ықпал жасалады, ал әрекеттің өзі оның табиғи түрінде бақыланады. Бұл әдістің бақылау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзінекерек құбылысты табиғи жағдайда тудыртып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандайда болмасын бір әрекет ұйымдастырады. оқыған текстеріне ат қоюды, осы тест бойынша әңгіме құрастыруды талап етеді т.б.
Адам психологиясын өзгертетін және оған әсер ететін амал ретіндегі эксперимент эксперименттік әдісіне кіреді. Оның мұндай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін қалаған Выготсий. Қалыптастырушы эксперимент-балаларды оқыту мен тәрбиелеудің дамушы эксперименттік әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |