І.Ұйымдастыру
|
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Оқушылар, көңіл-күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынсыздар ма? Сабағымызды бастамас бұрын өзімізді психологиялық тұрғыдан дайындап алайық.
Психологиялық дайындық.
«Жүйрік ой» жаттығуы
Мынандай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз:
Маған осы сабаққа қажет қасиеттер, мыналар................
Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар:........................................
Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар:.....................................
|
Мұғаліммен амандасады
Сабаққа қажет өздерінің бойындағы қасиеттерін айқындайды.
|
ІІ.Үй тапсырмасы
(өткен тақырып бойынша кері байланыс)
Еске түсіру:
|
Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
Болымды және болымсыз етістіктер. Жаттығу жұмыыстары.
«Зымыран сұрақтар»
Болымды етістік дегеніміз не?
Болымсыз етістік дегеніміз не?
Болымды етістікке қандай сөздердің тіркесуі арқылы да жасалады?
Болымды етістікке мысал келтіріңдер.
Болымды етістікке мысал келтіріңдер.
Болымды және болымсыздың айырмашалығы неде?
|
Оқушылар өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтарына жауап береді.
Мысалдар келтіру арқылы меңгерген материалдарды еске түсіреді.
|