Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.«Анасын сағынған бала» әңгімесініңкейіпкерлерін ата.
2.Әңгіменің бөлімдеріне тақырып қой.
3.Әңгіменің түпкі мағынасы қандай?
|
Сұрақтар қою арқылы. сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
ин.
|
«Графикалық органайзер» әдісінің «Уақыт тізбегі». Автордың өмірбаянын уақыт тізбегіне салады. 1. Өмірбаянын оқулықтан оқиды. 2. Мәтінді уақыт тізбегіне салады 1. Нұрдаулет Ақыш кім? 2. Жазушы қай жылы,қай жерде туылған? 3. Жазушының қандай шығармалары бар? 4. Жазушы қандай сыйлықтардың иегері?
Топтық жұмыс.
|
1-тапсырма:
Оқулықпен жұмыс.
Нұрдаулет Ақыштың өмір тарихын оқулықтан оқиды.
|
|