Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы,биіктігі және орта сызығы



бет2/4
Дата09.01.2024
өлшемі1.35 Mb.
#488742
түріСабақ
1   2   3   4
Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы,биіктігі және орта сызығы.

АКТ қолдану дағдылары
Құндылықтарға баулу
Пәнаралық байланыс
Алдыңғы білім

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың психологиялық көңіл күйін реттеу.
Шаттық шеңберін құрып оқушылармен «Ерке есім» ойынын өткіземін (әр оқушы өзінің атын айтып, достары немесе ата-аналары еркелетіп айтатын есімін айтады) .
«Пазл» әдісі арқылы топқа бөлінеді, яғни пазлдың бөлшектерін түсіне қарап, 1-топ «Теңқабырғалы үшбұрыш» , 2-топ «Теңбүйірлі үшбұрыш» , 3-топ «Тікбұрышты үшбұрыш», 4-топ «Әрқабырғалы үшбұрыш» болып жиналады.


«Миға шабуыл»
1.Үшбұрыш дегеніміз не?
6.Тең бүйірлі деп қандай үшбұрышты
айтамыз?
4.Тікбұрышты үшбұрыш дегеніміз не?
2.Үшбұрыштың қандай түрлері бар?
3.Үшбұрыштың элементтерін ата?
5.Тең қабырғалы деп қандай
үшбұрышты айтамыз?
7.Үшбұрыштың ұзындығын қалай табамыз?
8.Тікбұрышты үшбұрыш тең бүйірлі бола ма?
9.Бізді қоршаған әлемдегі үшбұрыштарға мысал келтір?

«ДЖИГСО» әдісі арқылы тақырыпты түсіндіру
1 топқа: үшбұрыштың медианасын оқып, топпен талдап түсіндіру және сызып, белгілеп көрсету.
2 топқа: үшбұрыштың биссектрисасын оқып, топпен талдап түсіндіру және сызып, белгілеп көрсету.
3 топқа: үшбұрыштың биіктігін оқып, топпен талдап түсіндіру және сызып, белгілеп көрсету.
4 топқа: үшбұрыштың орта перпендикуляры және орта сызығын оқып, топпен талдап түсіндіру және сызып, белгілеп көрсету, постер қорғау.

Кесіндінің ортасы арқылы оған перпендикуляр өтетін түзуді кесіндіге орта перпендикуляр түзу дейміз.

Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын кесіндіні үшбұрыштың орта сызығы деп атаймыз.

Жеке жұмыс

Халықаралық атаулары

Анықтамасы

1.Тең бүйірлі

2.Медиана

3.Биіктік

4.Биссектриса

5.Орта сызығы

6.Орта перпендикуляр

7.Тең қабырғалы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет