Сабақтың тақырыбы «Шеше көрген тон пішер»



бет2/2
Дата26.01.2024
өлшемі27.52 Kb.
#489856
түріСабақ
1   2
Шеше көрген тон пішер

Қорытындылау


ІІI кезең: «Кім жылдам»
Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі
Көңілді шат сезімге баурайды
Халқымыздың бүгінгі мен өткені
Ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауап беру. 1 сұрақ 5ұпайды құрайды!
І топ. Байғазы және Көрімдік салт-дәстүрлерінің мазмұнын түсіндіріңіз айырмашылығы неде?
ІІ топ. Жасау және енші салттарының мағынасын түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?
ІІІ топ. Иткөйлек және Қырқынан шығару ғұрып-салттарының мағынасын түсіндіріңіз?

IV кезең: «Халық тәлімі – тәрбие бастауы». Балалар сандықтан карточка алады, онда жазылған тыйым сөздердің мағынасын түсіндіруі керек. 1. Көкті жұлма. Обал болады.
2. Малды теппе. Малдың ырысы кетеді.
3. Нанды бір қолмен үзбе. Ас атасы – нан. Нанды бір қолмен үзіп жеу – нанға құрмет көрсетпеу дегенді білдіреді.
4. Балаға ми жеуге болмайды. Ми жеген бала – бос, жылбыр, еріншек болады деген.
5. Тұзды баспа. Тұз – астың дәмін келтіреді, сондықтан оны қасиетті деп санаған.
6. Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның маңдайына жазылады деп есептеледі. Сондықтан бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, төрге іледі.


V кезең: «Мақал- мәтел»
1. Жақсының .... (жақсылығын) айт, .... (нұры тасысын)
2. Әке ....(асқар тау), ана... (бұлақ), бала.... (жағасындағы құрақ)
3. Ақ шашты ана: ..... (жастығым – балам) дейді,
Ақылды бала: .... ( ай-күнім – анам) дейді.
4. Итпен ойнасаң - ..... (үрерсің), баламен ойнасаң-...... (күлерсің)
5. Болатын бала - .... (пысық), жауатын күн - ..... (ыстық)
6. Ананың сүті -......(бал), баланың ....(тілі бал)
7. Ата балаға .....(сыншы)
VI-кезең Ситуациялық сұрақтар
1-Топ
Сіздің әкеңіз бір аптаға шет елге жұмысқа кетті оған анаңыз қарсы! Ал әкеңіз қарсы екенін біле тұра кетіп қалды. Сіздің әкеңізге деген көзқарасыңыз қалай болады?
2-Топ
Ой мама қойыңызшы?!
Сен мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатр.
Ұрысқаны үшін анаң кінәліме алде дұрыс жасамаған сен кінәлісің бе?
3-Топ
Сіздің қарындасыңыз немесе ініңіз бар анаңыз тек ініңізге я қарындасыңызға сыйлық әкелді, сізге ұмытып кетті! Сіздің іс әрекетіңіз қандай болмақ!?

Кері байланыс орнату


Ана!!! Үш-ақ әріп. Бірақ мағынасы терең. Дана жазушы Ғ.Мүсірепов өз шығармаларында қасиетті ана махаббатын дәріптей білген. Ол кісінің мына сөзі ойыңа еріксіз оралады. «Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдардың асылы- өмір сыйлайды ғой!»- деген екен. Бұдан артық баға беруге болмас.
Марапаттау!



 Сурет картиналар көрсетіледі!

Тыйым сөздер


https://www.youtube.com/watch?v=cHU7x2XaEQ0

Мақал -мәтелдер



Картина слайд



\

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет