Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер



жүктеу 0.86 Mb.
бет3/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5   6

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың шешендік сөз тарауынан алған теориялық білімдерін қайталау және іс жүзінде қолдану жолдарын деңгейлік тапсырмалар арқылы анықтау;

тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,деңгейлік тапсырма

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:.

Жаттығумен жұмыс: 23-жаттығу Тапсырмаларды орындаңдар.

--Іргелес ауылдың малын ұрлаудай-ақ ұрлап едім, бірақ иелері із қуалап келіп, бәрін айдап әкетті,-деп сырын ашыпт бір ұры Бөлтірікке.

-Сенде әлі талай-талай нәрсе қалған екен...

-Түк те қалған жоқ. ..


Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Екеу ара өткен әңгімелесу ме,әлде көпшілік алдындағы жауаптасу ма? Ойларыңды дәлелдеңдер.

  2. Бөлтірік шешен пікірінше , ұрыда әлі де қалған нәрселер бар. Ол не?


Шығармашылық тапсырма

Екі не үш топқа бөлініп отырыңдар: мәтінді оқыған жүргізушінің сұрағына әр топ өз жауабының нұсқасын айтып, дәлелдесін.


Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлем жазып сатылай кешенді талдау жүргізеді.
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Толғаудың нақыл сөзден қандай айырмашылығы бар?

  2. терменің тоғаудан қандай айырмашылығы бар?

  3. Ұлттық шешендік өнердің ерекшелігі қандай?

  4. Би мен шешеннің айырмашылығы неде?

  5. Қазақ ұлтының қандай билерін білесіңдер?


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 24-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың ҰБТ-ға дайындығын байқау мақсатында фонетика саласынан алған теориялық білімдерін қайталау және іс жүзінде қолдану жолдарын деңгейлік тапсырмалар арқылы анықтау; тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу; дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.

Сабақтың типі: сынақ сабағы.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес.

Оқыту технологиясы: 1) Ж.Қараев «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы». Ақпараттық технолгия; 2) Н.Оразханова «Сатылай кешенді талдау».

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика.

Көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар,кесте,тест сұрақтары,слайд көріністері.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап,жүйелеу,тілдік талдау,жеке-дара,ұжымдық.

І.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысын анықтау.

ІІ.Кіріспе. Оқушылар,біз сіздермен ҰБТ-ға дайындалу мақсатымен жүргізілген қосымша сабақтарда тіл білімінің фонетика саласын қайталағанбыз.Сондықтан сабағымыздың мақсаты – фонетикадан алған теориялық білімімізді күнделікті өмірде қолдана білу.Ендеше,сұрақтарға ауызша жауап берейік.

  1. Қазақ тіл білімінің зерттейтін қандай салалары бар?

  2. Фонетика нені зерттейді?

  3. Қазақ тілінде дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай нешеге бөлінеді?

  4. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?

  5. Тасымал дегеніміз не?

  6. Екпін көбінесе сөздің қай буынына түседі?

  7. Үндестік заңының неше түрі бар?

  8. Орфоэпия дегеніміз не?

  9. Орфография дегеніміз не?

  10. Орфографиялық заңдылық қандай ұстанымға сүйенеді?

ІІІ. Деңгейлік тапсырмалар.

І.Деңгей

1. Дыбыстау мүшелері арқылы айтылып,естілетін тілдік құбылысты не дейді? (дыбыс)

2.Қазақ тіліндегі сөздердің жазылу заңдылығына сәйкес кестені толтыр.


Айтылуы

Жазылуы

көзүлдүрүк

өлөң


ағ ешкі

шегара




3. Кірме сөздерге қосымша жалға. Мысалы: тарих,цех.

Жауап: Х әрпіне біткен кірме сөздерге қосымшалар жуан түрде жалғанады. Мысалы: тарихтың,цехтан.

4. Щ әрпі қай сөздерінде жазылады?

Жауап: Щ әрпі қазақтың ащы,тұщы,кеще деген байырғы сөздерінде жазылады.

5. Қазақ халқы қай жылы орыс әліпбиіне көшті?



ІІ. Деңгей

1. «Ә» дыбысын талдау.






1. Бұл дауысты дыбыс

2. Тілдің қатысына қарай: тіл алды немесе жіңішке дауысты дыбыс

3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай: ашық дауысты



4. Ерін мен езудің қатысына қарай: езулік.
2.Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды тап.

а) құрбы-құрдас ә) көзқарас

3. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың ортақ қасиетін тап.
Венн диаграммасы

1. Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады. 2.Дауысты дыбысқа екпін түседі.

Дыбыстау мүшелері арқылы айтылатын,естілетін құбылыс.Сөздің ең кішкене бөлшегі.


  1. Өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.

  2. Дауыссыз дыбыс үн мен салдырдың қатысына қарай үшке бөлінеді.

4. Семантикалық картаны толтырыңдар.





Мысалдар

Ашық буын

Тұйық буын

Бітеу буын

Аралас буын







А

Ә

Б

В

1.

Алаша

+










2.

Дүлдүл







+




3.

Ас




+







4.

Аласа

+










5.

Ор




+







6.

Жол







+




7.

Күл







+




8.

Бағалау










+

9.

Жас







+




10.

Қазақ










+



ІІІ деңгей

  1. Тәуелсіздік сөзіне қысқаша фонологиялық талдау.

  2. Тест сұрақтары.

Отан.

1. а) аралас буынды сөз, ә) жіңішке буынды сөз б) жуан буынды сөз+



2. а) үш буынды сөз ә) төрт буынды сөз б) екі буынды сөз+

3. а) екі ашық буын ә) бір ашық,бір бітеу буын+ б) екі тұйық буын

4. а) тасымалданады ә) тасымалданбайды+

5. а) екпін сөздің соңғы буынына түседі+ ә) екпін сөздің алдыңғы буынына түседі

6. а) буын үндестігі бар+ ә) буын үндестігі жоқ

7. а) дыбыс үндестігі бар+ ә) дыбыс үндестігі жоқ

8.Дауысты дыбыстар а) 3; ә) 2;+ б) 0

9.Жуан дауыстылар а) 2;+ ә) 3; б) 1

10. Қатаң дауыссыздар а) 1; ә) 2; б) 3

Кестені толтыр




Дыбыстар


Қосарлы

дыбыстар

Қазақ тіліне тән дыбыстар

Әрі дауысты, әрі дауыссыз дыбыстар

Орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде кездесетін дыбыстар



















IV. Сабақты қорытындылау. Сабақ аяқталуға 10 минут қалғанда жұмыс тоқтатылады.Әр оқушы өзі орындаған деңгейлері бойынша ұпайларын санап,бағалау парағын толтырады.

Оқушының аты-жөні:

Сабақ тақырыбы

І деңгей

(5 ұпай)

ІІ деңгей

(4 ұпай)

ІІІ деңгей

(3 ұпай)

Жалпы ұпай

Баға


1


2


3


4


5


1


2


3


4


1


2


3







10-12 ұпай «5», 6-9 ұпай «4», 3-5 ұпай «3», 3-тен төмен «2».


Сыныптың жалпы ұпай саны есептеледі.
V. Үйге тапсырма. «Шың» кітабынан «Кейінді ықпал», «Орфография және орфоэпия» тақырыптары бойынша тест сұрақтарын орындау.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Сөздерді байланыстыру әдістері

Сабақтың мақсаты: а) білімін жинақтау,құзыретті тұлға қалыптастыру; ә) оқушының өзіндік іс әрекетін дамыту; б) сөйлеу мәдениетіне,шешендікке баулу,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі: семинар

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,пікір айту,жаттығулар әдісі,практикалық талдау.

Көрнекілігі: компьютер,үлестірмелі қағаздар т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті (ауыз әдебиеті), информатика.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасы.

Сөзді байланыстырудың әдісі (сұрақ-жауап).


  1. Шешеннің субъективтік көзқарасын білдіретін қандай сөз орамдары бар?

  2. Ой желісінің байланысын күшейтетін тәсілдерге қандай тұлғалар жатады?

  3. Шешендік қайталаудың қызметі не? Мысал келтір.

  4. Риторикалық сұрақтардың алатын орны қандай?

Топтық тапсырмалардың орындалуын тексеру. І топ – 212-жаттығу, ІІ топ – 209-жаттығу («бұрыстығын» сөзіне фонетикалық талдау жасау) ІІІ топ 211-жаттығу.

Үй тапсырмасын бекіту. Сөздерді байланыстыру үшін қолданылатын әр түрлі сөз орамдары мен сөз тіркестерінің рөлі ерекше.

Жаттығу тапсырмалар жұмысы


Компьютер



Мұғалім

Оқушы




өз бетімен әрекеттенуші, кеңесші,саралаушы, ізденуші,білім қорын жинаушы ұйымдастырушы,өңдеуші

Бүгінгі сабақтан күтілетін нәтиже үш түрлі құзыреттілік бойынша сараланады.



1. Проблемаларды шешу құзыреттілігі

Өздігінен шешім қабылдайды.

Сөздерді өз мақсатына,мазмұнға сәйкес қолдана алады.

Сөздік қорын өз бетінше толықтырады.



2. Ақпараттық құзыреттілігі

Ақпаратты негізінде көздеген мақсатына сай мәтін құрайды.

Шығармашылық жұмыстарды орындайды.

3. Коммуникативтік құзыреттілігі

Сөз құрылымының барлық бөліктеріне тән дағдыларды меңгереді.

Өз пікірін қорғай алады.

Оқулықпен жұмыс. 214-тапсырма.

215-тапсырма.Деңгейлік тапсырма түрінде орындалады.

Сіздің міндетіңіз – елдің көңіл-күйін көтеру,рухтандыру.

І топ. Мектебінің ашылу салтанаты.

Сөзіңнің құрылымы: қаратпа сөз; құттықтау; бүгінгі жайға сипаттама; жетістіктер,жеңістер,болашақ.

ІІ топ. Ата-анаңның мерейтойы.

Бағалау бөліктері: тақырыбы,мақсаты; эмоциялы сөз; тыңдаушыға рух беру керек; дұрыс жеткізуіңіз.

ІІІ топ. Сурет бойынша тақырыпқа сай жоспар құр.



(«Қазақ солдаты» романы бойынша кейіпкер бейнесін ашу)



Тақырыбы

Сөйлемдер

Субъективті көзқарасын білдіретін сөз орамдары

Риторикалық сұрақтар

Қорытынды сөз

1.

2.


3.

Балалық өлді білдің бе?

Жігіттікке келдің бе?
Меніңше, тақырыптан ауытқымай,уақытты тиімді пайдалану қажет.
Ойымды түйіндей келгенде,жаман әдеттерден аулақ болған жөн демекпін.










Өзіндік жұмыс.

Мына тақырыптар бойынша көпшілік алдында сөйлейтін сөзіңнің жоспарын жаса.

І топ. Мен таңдаған мамандық.

ІІ топ Мектеп киімі қандай болу керек?

ІІІ топ Ауылым – алтын бесігім.

Сабақты бекіту.

Үлестірме қағаз мынадай үлгіде таратылады.



INSERT әдісі

Білемін

Білгеніме сәйкес келмейді

Жаңа нәрсе

Терең білгім келеді












Нәтижеге қол жеткізу білім сапасын арттырады.

Үйге тапсырма.

216-тапсырма.

Мына тақырптарда үгіт-насихат сөз жазу.

І топ. «Сыр бойы» газетіне жазылу.

ІІ топ. Мектеп маңын көгалдандыру.

ІІІ топ. 217-тапсырма.

Мәтінді оқу.

Лексикалық,морфологиялық талдау жасау



Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сөз өнері - өмір өрнегі

Сабақтың мақсаты: 1) оқушылардың сөз өнері бойынша білімдерін байқау;

2) тіл мәдениетіне тәрбиелеу;

3) ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сайыс.

Көрнекілік: тіл туралы қабырға газеттері.

Техникалық құрал: графапроектор,магнитофон.

Сабақтың барысы.
Жүргізуші сөзі. Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы «Сөз өнері -өмір өрнегі» деп аталады.Сайысқа екі топ қатысады: бірі – «Бәйтерек», екіншісі – «Хантәңірі». Сайысымыз 3 кезеңнен, 6 бөлімнен тұрады. І. Лингвистика ІІ. Әдебиеттану ІІІ. Саз өнері ІV. Полиглот IV. Мақал – сөздің мәйегі. VI.Зияткерлік.

Енді, «Бәйтерек» тобы бір нөмірді таңдасын (1-ден 6-ға дейінгі). Таңдаған нөмірі бойынша бөлімі,сұрағы оқылады.


І. Лингвистика
1. «Тіл білімінің негіздері» кітабының авторы.

2. «Ілгерінді ықпал» сөзінің ғылыми тілдегі атауы.

3. Қазақ тіліндегі бастауыш,баяндауыш,етістік т.с.с. терминдерді ойлап шығарған ғалым.

4. «Сингармонизм» қай елдің сөзі,анықтамасы.

5. -ды,-ді,-ты,-ті формасының алуан түрлі қызметі.

6. Эвфемизм дегеніміз не?

7. «Мыс» шылауының сын есім тұлғалас сөзін табыңыздар.

а) мысқа сұраныс ә) айтыпты-мыс б) жасамыс в) мысы басылды г) мыс өндіру

8. Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аты.

9. Қазақ әліпбиі қашаннан бастап орыс әліпбиіне көшті


ІІ.Әдебиеттану


  1. Қазақ әдебиеті тарихы неше кезеңге бөлінеді,атаңыз.

  2. Әдебиет теориясының негізін салған кім?

  3. Редифті ұйқас дегеніміз не?

  4. Эпитетті тіркес құраңыз.

  1. ... тіршілік, ... күн, ... жаз, ... аспан, ...көл;

  2. ... қоңып, ...жымыңдаған, ...үнсіз сұлу, ... көркем, ... жұпар.

  1. В.В.Радлов неміс тіліне аударған жыр.

  2. Абай шығармаларының тұңғыш жинағы қай жылы шықты?

  3. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын,күйші,аңыз кейіпкері кім?

  4. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы?

  5. М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы қай жылы Лениндік сыйлыққа ие болды?

ІІІ. Саз өнері
Үнтаспадағы әнді тыңдап,авторын,әннің атын табу керек.
IV. Полиглот
Жұмбақты шешіп,жауабын қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айтады.

  1. Аяғы жоқ жүреді,Өзі сылқ-сылқ күледі.

  2. Мұрты бар,сақалы жоқ.Тоны бар,шапаны жоқ.

  3. Ұйықтайды ұлы түнде,күндіз қызы,Жүргенде білінбейді басқан ізі.

  4. Бес ін,бес іннің аузы бір ін.

  5. Үй үстінде ұсақ тас.

  6. Қашсам – құтылмадым,Ұстасам – қолыма тұрмады.

  7. .Жүзбе-жүз жолықтым,Тілдесе алмай торықтым




    1. Мақал – сөздің мәйегі

Жалғасын табыңыздар.



  1. Еңбек етпесең,елге өкпелеме ... (Егін екпесең,жерге өкпелеме)

  2. Татулық - ... (табылмас бақыт)

  3. Жолдасы жақсы жолды болар, ... (Жолдасы жаман қолды болар)

  4. Еңкейгенде еңкей,басың жерге жеткенше ... (Шалқайғанша шалқай,төбең көкке жеткенше)

  5. Мақтаншақ бар ақылын ... (мақтанып) тауысады.

  6. Тұлпар шаба жетіледі ... (Сұңқар ұша жетіледі)

  7. Армансыз адам ... (қанатсыз құспен тең).




    1. Зияткерлік

1. «Жұмбақ сәбіз». Ыдысқа салған сәбіз әкелінеді.



Тапсырма. Алдымен сәбіздің қасиетін іштей саралап алып,ерекшелігін жұмбақ етіп жеткізуге тырысыңдар.

2.«Ғажайып алма». Шарты: ыдысқа салынған алма әкелінеді. «Алма» деген сөзді қатыстырып,фантастикалық тіркестер құрастыр.Соны қатыстырып,шағын ерегі шығар.



  1. Өлең құрастырып көріңіздер:

... көңілдегі

... өмір лебі

...жасыл әлем

...өңімдегі.


Жүргізуші. Сонымен,бүгінгі ойынға қатысқан «Бәйтерек» және «Хантәңірі» топтарының ұпай санын білу үшін сарапшыға сөз береміз. (Сарапшы әр топтың ұпай санын айтады,жеңімпаз топ марапатталады).

Қымбатты ойыншылар,көрермендер! «Сөз өнері - өмір өрнегі» атты сайысымызға қатысқандарыңызға рахмет айтамыз. Қазақ тілі,әдебиетінің мәртебесін өсіруге өз үлестеріңізді қосады деген сенімдеміз.


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет