Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыс. Материалдар дайындау Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/3
Дата12.10.2023
өлшемі33.52 Kb.
#480513
түріСабақ
1   2   3
5 И Ашқ сабақ

«Қақпа» тапсырмасы:
(топтық жұмыс)
Бейнелеу өнерінің түрлерін атап, туындыларын көрсетіңіздер.
Топ мүшелерінен бір білім алушы шығып сандықшадан кеспе қағаздарын таңдап алып, берілген тапсырманы топта орындайды.


«Айша-Бибі» тапсырмасы:
Сәйкестендіру тесті.
Барлық топтарға ортақ тапсырмалар беріледі.
«Тектұрмас кесенесі» тапсырмасы
Анаграмма (кескіндеме, мүсін, сәулет өнері)


«Көне Тараз» тапсырмасы:
Балалар бұл жерде біз шығармашылық жұмысымызды аяқтап галерияға өз туындыларымызды қоямыз.
«Кім жылдам?» әдісі
Шығармашылық жұмыс дегеніміз- әр түрлі техникалармен жұмыс жасау. Ендеше, «Кім жылдам?» әдісі арқылы сұрақтарға тез жауап беріп, бүгінгі тақырыбымызды одан әрі аша түсейік



  • Композиция дегеніміз не? –

Композиция дегеніміз – латынның «Compositio», «ойлап табу» немесе «құрастыру» деген мағнаны білдіреді.

  • Перспектива дегеніміз не? – перспектива – бір шаршы кенепте немесе қағаздың бетіне кеңістікті қалай бейнелеу туралы ілім. 

Перспектива латынның «perspicere» – «тасадағыны көре білу» немесе «арғы-бетгі жақты айқын көру» деген сөзінен шыққан.
- Зат бізден неғұрлым алыс тұрса , ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
- Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып кетеді. 

  • Перспективаның түрлерін ата.

- Әуе перспективасы,
-Сызықтық перспективасы.

  • Табиғат дегеніміз не? - Бізді қоршаған орта

  • Акварель қандай бояу? - Суға тез еритін мөлдір бояу

  • Гуашь қандай бояу? - Суға жақсы езіліп қою жағылатын, қанық бояу

  • Жылы түстерді атаңыздар - Сары, сарғылт, жасыл, қызыл, қызғылт

  • Суық түстерді ата. көк, күлгін, сұр, т.б.

Ал, балалар енді сарамандық жұмысымызды басатйық.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін есімізге түсіріп, қайталап алайық.
1. Сурет салып болғаннан кейін қолды бірнеше рет жақсылап жууды ұмытпаңыз.
2.Басында бояуы бар қылқаламды ауызға салуға болмайды. Бояуға антисептика (зарарсыздандыру мақсатында микробтарды өлтіретін құрал) және өзге де бояғыш заттарды қосады. Олар адам денсаулығына зиян келтіреді.
3.Сурет салып отырған жерде ауа реттейтін желдеткіш болу керек. Әртүрлі ерітінді иістері денсаулыққа зиян.
4. Материалдарды үнемі қаптап сақтаңыз, сурет салатын жерде от тұтатпаңыз.
5.Ешқашан бояу мен ерітіндіні ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаға төгуге болмайды

Білім алушыларды бейнелеу өнері заңдылықтарын түсіндіре отырып шығармашылық жұмыстарын жасату.


Композицияны бейнелеу өнеріне, кескіндеме, графикаға қатысты айтатын болсақ картинадағы айтайын деген ойды жеткізу үшін, жаңа ойды білдіретін көріністі анықтап алып көрсете білу.
Композиция заңдылықтарын мынандай төрт топқа бөлінеді:
1. Тұтастық заңы;
2. Үлгі (типизация) заңдылықтары; 3. Қарама-қарсылық (контраст) заңдылғы;
4. Композицияның барлық заңдылықтары мен мүмкіндік-терінің идеялық ойға бағыну заңдылығы.
Композицияның барлық заңдылықтары мен бейнелеу мүмкіндіктерінің негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы – суретші туындысындағы ұғымның бүтіндігін, шығарманың айқындығын, идеялық мазмұндылығын,ондағы көркемдік шеберлікті байланыстырады.
Қарапайым сөзбен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Бояу ерекшеліктерін композицияның жалпы тақырыбына байланысты көріп байқауға болады.
Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру композицияның бастапқы негізі болып табылады. Бейнеленетін суреттің жеке бөліктері бір – бірімен байланыста болғанда ғана үйлесімділік шешім дұрыс болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет