|
(МК, Ө) Жазылым
Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:
жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлау;
заттарды сызықтар арқылы қосу;
дәптер бетіндегі суреттерді бояу;
әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;
үзік сызықтарды бастырып жүргізу.
|
Оқушы партада дұрыс отырады, қаламды дұрыс ұстайды.
Жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлайды.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен заттарды сызықтар арқылы қосады.
Дәптер бетіндегі суреттерді бояйды.
Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді.
|
|
№1 жазу дәптері
|
Сабақтың соңы (7 мин)
|
(МК, Т) Сабақты бекіту және саралау
«Сөз тану» айдары бойынша берілген «Асқат қасқа ат мінді, Мақсат басқа ат мінді» жаңылтпашымен жұмыс:
Жаңылтпашты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату және жатқа айтқызу. Сөз аралығындағы дыбыстарды үндестік заңына сәйкес айтуға үйрету.
Саралау тапсырмаларын орындату:
деңгей:
«Асқат» сөзін буынға бөліп айт.
деңгей:
«Мақсат басқа ат мінді» сөйлеміндегі сөздерді буынға ажырат.
деңгей:
Сөзді буынға бөлу шартты белгісін көрсет.
|
Жаңылтпашты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдайды және жатқа айтады.
Жаңылтпаштағы «қасқа ат», «басқа ат» тіркестерін айтқан кезде тіркестегі екі сөзді бөлек-бөлек айтпай, «қасқат», «басқат» деп, үндестік заңына сәйкес айтуға үйренеді.
Оқушылар жаңылтпашты жаңылмай, тез- тез, үндестік заңына сәйкес дұрыс айтудан жарысады.
|
Бір-бірін бағалайды.
|
Бес саусақ суреті
|