Білімділік: сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; дыбыстың графикалық сызбасын таниды; сөзге дыбыстық талдау жасайды; дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін жазады.
Дамытушылық:талдау, ажырату, жалпылау дағдылары дамиды.
Тәрбиелік: білімді болуға талпынады.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы (1–7 мин)
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Ойсергек.
«Әліппе» әнін бірге орындау. Сабақ мақсатын хабарлау:
– Балалар, сендер бүгін сөз ішіндегі дыбыстарды ажыратуды үйренесіңдер.
Дауысты дыбыс созылып, әндетіп айтылатынына, ал дауыссыз дыбыс созылмай, қысқа айтылатынына назар аудартылады.
https://www.
youtube.com/watch? v=hsGs1mEms4I
Сабақтың ортасы (26мин)
(МК, Ұ) Тыңдалым және айтылым. Оқулықта берілген дауысты (А, Ә, О, Ө) дыбыстарды хормен айтқызу, олардың айтылу ерекшелігін тапқызу.
(МК, Ұ) Оқылым Сөз ішіндегі дыбыстарды ажырату үшін әуелі бір буынды сөздер алу. Мысалы, 9-сабақтың
2-тапсырмасында Ай, ау, он, ат суреттері дыбыс сызбасымен «оқуға» берілген. Мұғалім «ай» деген сөзді анық етіп айтып, «Бұл сөзде неше
дыбыс бар?» деп сұрайды. Сонан соң
Оқулықта берілген дауысты (А, Ә, О, Ө) дыбыстарды хормен айту арқылы дауысты дыбыстардың созылып, әндетіп айтылатынын, ал дауыссыз дыбыстардың созылмай, қысқа айтылатынын іс жүзінде көрсетеді.
1. Ай, ау, он, ат суреттерін сызбаның көмегімен «оқиды».
Суреттер
47
балалардан: «Олар қандай дыбыстар?»,
«Басында қай дыбыс?», «Соңында қай дыбыс?» сұрақтарын кезекпен қойып, жауап алады.
Балалар айта алмаса, мұғалім сөзді созып, а...й... деп айтады. Созып айтқанда, сөздің әр дыбысы анықталып, балалар тани алатындай болып естіледі. Тапсырмада берілген бірнеше сөзді алып, дыбыстарын ажыратқаннан кейін балалар бір буынды сөздердің ішіндегі дыбыстарды ажырата біледі.
(МК, Ө) Жазылым Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:
жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлау;
дәптер бетіндегі суреттерді бояу;
үзік сызықтарды бастырып жүргізу.
әріп элементтерін бастырып жазу.
Бұл сөздердің ішінде қандай дыбыстар барын ажыратады.
Сөздің басында қай дыбыс, соңында қай дыбыс екенін айтады.