Сабақтың ортасы (26 мин)
|
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ю» қосарлы дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Ю ю» қосарлы дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Ю» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
Сурет бойынша әңгіме құрау.
Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.
Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа қосарлы дыбысы бар «ою» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Сөзді буынға бөліп, жаңа қосарлы дыбыстың орнын анықтау.
|
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Көркем еңбек сабағы болды. Сабақта балалар ермексаздан ою жасады. Оюлары әдемі болып шықты».
Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (3).
Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Сабақта балалар ермексаздан ою жасады) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 5 сөз бар.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «ою» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «о-ю» деп буынға бөледі.
«-ю» екінші буынын айтып, й+у дыбыстарымен айтылатынын анықтайды.
«Ю» қосарлы дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады. Неше әріп (1),
|
Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
|
Суреттер, оқулық
Сызба
|