Сабақтың тақырыбы Сөйлеу. Сөйлем Мен оқушымын Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер



бет121/189
Дата09.11.2023
өлшемі7.33 Mb.
#482752
түріСабақ
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   189
ӘЛІППЕ ҚМЖ 1 СЫНЫП керек (2)

Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ғ дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен
байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.


210

































Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.
«Мен ғарышкермін» ойыны.
– Балалар, өзімізді ғарышта жүрміз делік. Ғарышта ауа болмайтынын білесіңдер. Ауа жоқ жерде заттың да салмағы болмайды. Ендеше біз де салмағы жоқ шар сияқты бір орында тұра алмаймыз. Өзімізді шар
тәрізді сезініп, аяғымыздың ұшымен, дыбыс шығармай қалықтап жүріп көрейік.

Оқушылар музыка әуенін тыңдап, бөлмеде жүреді.

Қолдау


Музыка


Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ғ» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Ғ ғ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Ғ ғ» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.
(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
1. Сурет бойынша әңгіме құрау.




Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.















Қолдау













Әріптің баспа және жазба түрі




1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды:
«Ғарышта ауа болмайды. Онда барлық заттар қалқып жүреді. Ғарышқа ұшатын адамды ғарышкер деп атайды. Ғарышта скафандр кию қажет».

Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.



Суреттер, оқулық


Сызба



211






  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «ғарышкер» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «Ғ» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  6. «Ғ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  7. Түймелерден «ғ» әрпін жасау.




(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.
(МК, Ұ, Ө) Оқылым.

  1. Оқулықтың 63-бетінде берілген сөздер мен мәтінді (жаңылтпашты) мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.

  2. «Ғ» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің ортасына (аға – таға), сөз соңына (ғарыш – ғарышкер) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.

  4. Жаңылтпашты жаттатқызып, оқушылардың тез-тез айтуын ұйымдастыру.



Жазылым

  1. Оқулықтағы «ғ» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Ғ» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Ғ» әрпін ауада жазып көрсету.

  1. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (4).

  2. Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Ғарышқа ұшатын адамды ғарышкер деп атайды.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 6 сөз бар.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар

«ғарышкер» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «ға-рыш- кер» деп буынға бөледі.

  1. «Ға-» бірінші буынын айтып, қай дыбыс созылмай айтылып тұрғанын табады.

  2. «Ғ» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  3. Түймелерден «ғ» әрпін жасайды.


  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы
«ғ» әрпінің бас және кіші әрпін

Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.


Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.

Оқулық. Әріптің баспа түрі.


Түймелер

Оқулық
Жаңылтпаш


Жазу дәптері




212






4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

жазады. Үлгі бойынша сөздерді жазады.
2. Әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –
«Жарайсың!», «қызыл» түс –
«Ойлан!».

Оқушыларға қолдау көрсету.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет