(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.
(МК, Ұ, Ө) Оқылым.
Оқулықтың 71-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.
«Ү» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (үкі – үкімет), сөз ортасына (күш – күші), сөз алдына (үш – күш) тиісті дыбысты немесе буынды қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.
«Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «үкі»,
«үкімет» сөздерінің түсіндірмесін тауып оқуына қолдау көрсету.
Мақалды тыңдатып, мағынасын түсіндіру.
|
Өтілетін жаңа дыбысы бар
«күшік» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «кү-шік» деп буынға бөледі.
«Кү-» бірінші буынын айтып, қай дыбыс созылып айтылып тұрғанын табады.
«Ү» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.
Түймелерден «ү» әрпінің сұлбасын жасайды.
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
Мұғалімнің қолдауымен «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «үкі»,
«үкімет» сөздерінің түсіндірмесін тауып оқиды.
|
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.
|
Жазылым
Оқулықтағы «ү» әрпінің таңбалануына назар аудару.
«Ү» әрпін тақтаға жазып көрсету.
«Ү» әрпін ауада жазып көрсету.
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
|
1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы
«ү» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.
|
Оқушыларға қолдау көрсету.
Мақтау, қолдау
|
|