Аю, ою сөздерінде неше әріп, неше дыбыс бар екенін тап.
а ю ою деңгей:
«Ю» қосарлы дыбысы сөздің қай жерінде келетінін анықта.
деңгей:
Аю, ою сөздерінің бірімен сөйлем құра.
Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.
деңгейдегі оқушылар аю, ою сөздеріндегі әріп (2) пен дыбыс (3) санын анықтайды.
деңгейдегі оқушылар «ю» қосарлы дыбысы аю, ою сөздерінде соңында келетінін анықтайды.
деңгейдегі оқушылар аю,ою
сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.
Оқушыларға қолдау көрсету.
Саралау тапсырмалары
Суреттер Сызба
«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмысМұғалімнің мақалмен жұмысты QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу. Сабақты
«Өнерлі болуға талпыну қажет» деген қорытынды пікірмен аяқтау.
Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық:сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, хал-жағдайды біліп, қарияларға қамқор болуға талпынады.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы (1–7 мин)
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуалқалыптастыру. «Ғажайып жылулық шынжыры». Балалар бір-біріне жымиып, жылулық сыйлайды.
Мұғалім күлкінің адамға әсеріне тоқталады.
Оқушылар бір-біріне іштей жақсы тілек тілейді.
Сабақтың ортасы (26 мин)
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Х» дыбысының
айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Қолдау
276
«Х х» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Х х» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Асхат ауылда тұратын атасын сағынды. Ол атасына хат жазды. Хатта атасының халін сұрады. Жазда ауылға баратынын айтты».