Бекіту және саралау Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:
деңгей:
Тез сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзді сурет пен дыбыс сызбасы арқылы тап.
деңгей:
«Я» қосарлы дыбысы сөздің қай жерінде келетінін анықта.
деңгей:
Қоян, тез, тасбақа, баяу сөздерін қолданып, сөйлем құра.
Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.
деңгейдегі оқушылар тасбақа суреті мен дыбыс сызбасына сүйене отырып, жаңа сөзді табады: баяу.
деңгейдегі оқушылар «я» қосарлы дыбысының «баяу» сөзіндегі орнын анықтайды.
деңгейдегі оқушылар «Қоян тез, ал тасбақа баяу қимылдайды» сөйлемін құрайды.
Саралау тапсырмалары
«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмысМұғалімнің мақалмен жұмысты QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу. Сабақты «Батыл болу, өз-өзіне сенімді болу керек» деген қорытынды
пікірмен аяқтау.
Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.