Бөлім: Әліппе кезеңі
|
|
|
Педагогтің аты-
жөні:
|
Күні:
|
|
Сынып: 1
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
А дыбысы және әрпі
|
Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер
|
Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры байиды; байланыстырып сөйлеуге үйренеді.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (1–7 мин)
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал орнату. Ойын: «Алма кетті домалап...»
|
Санамақ арқылы кімге алма тиесілі болады, сол оқушы А дыбысынан басталатын немесе а дыбысы бар
сөздерді айтады.
|
|
|
Сабақтың ортасы (26 мин)
|
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін суретте кім және нелер бейнеленгенін анықтайсыңдар.
Сол сөздердің мағынасын білесіңдер және оларға дыбыстық талдау
жасайсыңдар. «А а» дыбысының сөздегі
|
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
|
Қолдау
|
Суреттер, оқулық
|
61
|
орнын анықтайсыңдар. Осы сөздерді қатыстырып, шағын мәтін құрайсыңдар.
«А а» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.
|
Суреттегілерді атайды: ата, қауын, қарбыз, асқабақ, бұзау, лақ, бақша, бақ, ағаш, алма, алмұрт.
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөзді буынға бөліп,
«А а» дыбысының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын анықтайды.
Оқушылар алдымен әр сурет бойынша сөйлем құрайды:
1) Бақшада қауын, қарбыз, асқабақ пісті. 2) Ата қауын, асқабақ жинады. 3) Бақта бұзау, лақ жайылып жүр. 4) Бақта алма, алмұрт өсіп тұр.
4. Жоғарыдағы сөйлемдермен мәтін құрайды: «Бақшада қауын, қарбыз, асқабақ пісті. Ата қауын, асқабақ жинады. Бақта бұзау, лақ жайылып жүр. Онда алма, алмұрт өсіп тұр».
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.
Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –
«Жарайсың!», «қызыл» түс –
«Ойлан!».
|
|
Сызба
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |