Бүйректің созылмалы ауруының салдары:
-нефронның үдемелі өлуі;
-несепнәр ,креатинин,несеп қышқылы сияқты уытты әсері бар азот қалдықтарының көбеюі;
-организмнің зәрмен улануы;
-уремия (зәрлі қанның) дамуы;
Бүйректің созылмалы ауруларының салдарынан бүйрек жетіспеушілігіне алып келеді.
Бүйрек жетіспеушілігінің негізгі себептері:
-бүйректің шумақтақтық аппаратының зақымдануы;
-«В» немесе «С» вирусты гепатиті;
-1,2 типтегі қант диабеті;
-буынның ұстамалы ауруы:
-созылмалы пиелонефрит;
-бауырдың зақымдануы;
Бүйрек жетіспеушілігінің белгілері:
-әлсіздік ;
-шаршау;
-никтурия-түнде жиі несеп шығару;
-несептің көп шығарылуы-тәулігіне 2-4 л несеп шығару; т.б
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін анықтау жолдары:
-зертханада жалпы қан талдауы;
-қанды биохимиялық талдау;
-несеп талдамасы;
-Реберг-Тареев сынамасын жасау;
Бүйрек жетіспеушілігінің соңғы сатысы емі-бүйрек трансплантацисы мен диализ.
Бүйрек ауыстыру-созылмалы бүйрек жетіспеушілігін жедел емдеудің жаңа әдісі.
Бүйректі трансплантациялау-бір адамға екінші адамнан –донордан алынған бүйректі ауыстырып салудан тұратын хирургиялық ота жасау.
Бүйректі трансплантациялаудың артықшылықтары:
диализ қажет емес;
диета шектелмейді.
физикалық жағынан жақсы сезінеді.
өзін созылмалы аурумен ауратын адам ретінде сезінбейді.
-өмірін біршама ұзартуға мүмкіндік береді;
Бүйректі трансплантациялаудың кемшіліктері:
-сәйкес келетін донорды ұзақ күту;
- Бүйректің қабылданбауы мүмкіндігі;
-иммунодепрассанттарды қабылдау;
-арнайы маманның бақылауында болу;
-кейбір дәрілерден салмақтың артуы;
-жұқпалы ауруларды жұқтыру қабілетінің артуы;
Диализдің артықшылықтары
-донорлық бүйрекке қарағанда қолжетімді
-дәрілер қажет емес
-диализ 100% табысқа жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |