Оқулық бойынша жаттығулармен
жұмыс жасау.
1. Компания ішкі күшті жақтарын немесе ерекше артықшылықтарын өз қызметінде қаншалықты пайдалана алады ? Егер компанияның бірегей артықшылықтары жоқ болса, онда оның қандай әлеуетті күшті жақтарын дамытуға болады ?
2. Компанияның әлсіз жақтары оның бәсекелік жағдайына қаншалықты әсер етеді? Нарықтағы өз позициясын сақтап қалу немесе нығайту үшін не маңызды? Компания өнімінің маусымдық сипаты оның әлсіз жағына мысал бола алады. Мәселен, әлемге әйгілі Canada Goose компаниясының негізгі ерекшелігі — жоғары жылу сақтағыш мамық өндірісі. Әлбетте, бұл өнім жылдың суық мезгілінде үлкен сұранысқа ие. Компания өз позициясын ұстап қалу және күшейту үшін, мысалы, жаһандық мұздану туралы фильмдердегі полярлық ғалымдар мен компьютерлік ойын кейіпкерлерін Canada Goose мамық сырткиіміне «киіндіреді». Осындай амал арқылы бренд жыл бойы тұтынушының есінде қалады
3. Компанияның табысқа жетуіне қандай жағдайлар әсер етеді? Нарыққа ертең не қажет, компания оған не бере алады ?
Мысалы, фитнес орталығы бар басқарушы компания дұрыс тамақтануға ерекше назар аудару трендінен жаңа мүмкіндіктерді көре алды. Осылай ша Crossfit Astana маркетологтері клуб аумағында «Paleo Cafe» пайдалы ас кафесін ашты.
4. Компанияны қандай қауіп-қатерлер алаңдатуы керек? Компания өзін қалай қорғай алады?
SWOT-талдау әдіснамасы оны компанияның дамуына қатысты шешім қабылдауда ғана емес, кез келген жағдайда жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, жоғары сынып оқушылары көбіне шет тілін үйрене бастайды. Шетелдік университетке оқуға түскісі келетіндер үшін бұл заңдылық, ал ондай мақсатыңыз болмаса ше? Шет тілін үйрену дәл қазір сізге қаншалықты қажет?
Келесі қадам — анықталған күшті және әлсіз жақтар ды кестедегі жолдарға, ал мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді бағандарға бөліп жазу керек. «Күш» пен «мүмкіндіктерді» салыстырыңыз, «күш» «мүмкіндіктерге» қалай қол жеткізе алатынын ойлаңыз. Енді S1-ді әрбір мүмкіндік пен қатермен біртіндеп салыс тырыңыз: «Қазір сізде белгілі бір тілдік білім қалыптасқан. Сондықтан оны уақыт өте келе еске түсіргеннен (бұл көп уақыт алады ), әрі қарай дамытып жетілдіре түсу жеңілге соғады». Мысалы, күшті жақтың шетелдік оқу орындарында тағлымдамадан өтуге мүмкіндік беретін бағдарламамен қандай байланысы бар? Әрине, тікелей! Шет тілін жақсы меңгерген болса, шетелде тағылымдамадан өту оңайырақ болады. Сондай-ақ «күшті» және «қауіптерді» салыстырыңыз, «күштің» қандай «қауіп-қатерге» шамасы жететінін ойлап көріңіз.
Сабақ презентациясы
10 сыныпқа арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы.
|
Сабақтың соңы
5 мин Рефлексия
|
Отандық өндірушінің өнім жобасын жасауға қатысты оқушыларға бәсекелестердің өнімдеріне байланысты таңдалған өнімнің SWOT талдауын қалыптастыру ұсынылады. Аяқталу формасы – өнім атауы және өндіруші #хэштегі жазылған ғаламтордағы пост.
Көңіл-күй және эмоциональды жағдайдың рефлексиясы:
Парталас көршіңізге арналған үш сөйлемнің біреуін таңдаңыз:
-Жарайсың,
-Бүгінгі сабақтағы жұмысың мені қанағаттандырады,
-Өзіңді бүгінгі сабақта жақсы көрсетуіңе болар еді
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |