Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы (Пр.№13)



бет2/3
Дата10.09.2023
өлшемі23.32 Kb.
#477049
түріСабақ
1   2   3
Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


9 мин


Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер «Жақсы тілек – жан жылуы»
Топқа бөлу:
1-топ
2-топ
3-топ



«Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды.








Қағаз қиындылары


Үлестірме



Өткен тарауды тексеру


8мин.

Топпен жұмыс



Өткен тарауды тексеру


Сұрақтарға жауап беру
Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап жүргіземіз.
1.Булану дегеніміз не?
2.Қатаю дегеніміз не?
3.Конденсация деген не? Мысал келтіріңдер.
4.Балқу жылуы дегеніміз не?

Одан кейін оқушыларды тағы да топтармен орындарын ауыстырып, яғни 1, 2 сандарға бөлу.


Жаңа тақырыпты топқа бөлінген оқушыларға абзац арқылы оқытады. Мазмұнын түсіндіріп, кері байланыс береді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді.


Әр топ өз міндеттерін орындайды. Әр топ өздерінің абзацтарын оқиды, бір-бірімен, жұппен, топпен өзара талқылайды.



Дескриптор:


-Өткен бөлімдегі ережелерді қайталайды.

Жалпы балл-2


Дескриптор:


-Тақырыпты оқиды, топта талқылайды
- Флипчартқа түсіреді , топта қорғайды.

Жалпы балл-3



ДК экран Сұрақтар

Әр топқа флипчарт , маркер, түрлі түсті фломастер беріледі.



Сабақтың ортасы.


10 мин.

Сабақтың соңы


6 мин
Синтез
«Ойлан, тап!» (сабақты бекіту)



Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар:


1-тапсырма:
Газға 5кДж жылу мөлшері берілгенде, ол 2кДж жұмыс атқарды. Газдың ішкі энергиясы қалай өзгерді?
2-тапсырма:
Газға 7кДж жылу мөлшері берілгенде, ол 10кДж жұмыс атқара алатындай процесс мүмкін бе? Мұндай жағдайда газдың ішкі энергиясында, температурасында нендей өзгерістер болар еді?

«Ойлан, тап!» (сабақты бекіту)


Газға 500 Дж жылу мөлшері берілгенде оның ішкі энергиясы 100Дж-ге кеміді. Газ қандай жұмыс істеді?



Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмаларға оқушылар жауап жазады.


Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды





Дескриптор:


-Тапсырмаларды орындайды.
-Осы тапсырмаларға ұқсас сұрақтар жазады.

Жалпы балл-3


Дескриптор
-Газдың жұмысына мысалдар келтіре алады.

Жалпы балл-2



Слайд
Сызғыш


Ақ парақ

Дк экран
Дәптер





7мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет