Дәптермен жұмыс
18-жаттығу. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазады.
Дауысты у дыбысының астын – бір, дауыссыз у дыбысының астын екі сызықпен сызып, дәлелдер келтіреді.
|
Өлеңді көшіріп жазып,
у дыбысының астын тиісті сызықпен сызады.
|
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.
|
19-жаттығу. Суреттегі гүлдермен аттас қыздардың есімдерін тауып айту тапсырылады.
Сергіту сәті
«Қара жәшік» ойыны. Оқушылар екі топқа бірігеді. Үстел үстіне екі жәшік қойып, ішіне тарақ, кітап, қалам, алма, бор, дәптер, кітап, өшіргіш т.б. заттарды салады.
Ойыншының міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ олардың жасырып отырған затын сипаттамасына қарай табуы қажет.
|
Тапқан сөздерімен екі сөйлем құрайды.
Жәшіктегі заттың атауын қолдануына, сипатына қарай тауып айтады.
|
Жұмыстарын топта жариялатып, талқылау тапсырылады.
Мақтау.
|
Оқулық, суреттер
Жәшік, заттар
|